Фармакология


Desopimonum – дезопимон (А)



бет164/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   200
фармакология кітап

Desopimonum – дезопимон (А):0,025 таб. тамақпен бірге қабылдау қажет. Бұл екі препарат та фенаминге қарағанда әлсіз, бірақ жанама әсері аз байқалады.
Mazindol – мазиндол (А):0,001 таб. түрінде шығарылады, тамақ үстінде қабылдау керек. Мазиндол – фенаминге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ дәріге тәуелділік аз байқалады. Dexfenfluramin – дексфенфлурамин (А):0,015 және 0,06 капс. шығарылады. Артериялық қан қысымын жоғарылатпайды және тыныштандыратын әсері бар.
Барлық анорексигенді препараттар тек дәрігердің рецепті бойынша босатылып, қадағалауында болуы қажет.



  1. Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер

Құстар бұл – күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, ас ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы құрылдымында құсу орталығы болады.

  1. Құстыратын дәрілердің қолданылуы шектеулі. Асқазанды улы заттардан тазалау үшін адсорбенттермен, іш жүргізетін тұзды ерітінділермен шаю тиімді және қауіпсіз болып табылады. Сонда да құстыратын дәрілердің кең ауқымы бар: Тікелей әсер ететің дәрілерге (құсу орталығын қоздырады): апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, ісікке қарсы дәрілер жатады. Құсу орталығын рефлекторлы қоздыратын (асқазанның шырышты қабықшасының рецепторын қоздыратын) дәрілерге: термопсис және ипекакуана препараттары, мыс сульфаты және мырыш сульфаты жатады.

Тәжірибеде құстыратын дәрі ретінде тек апоморфин қолданылады. Бұдан басқа маскүнемдікті емдеу кезінде этил спиртіне теріс шартты рефлекс тудыру үшін қолданылады.
Apomorphini hydrochloridum – апоморфин гидрохлориді (А): 1% - 1 мл еріт. амп. шығарылады, 0,2 – 0,5 мл т/а енгізіледі. Апоморфин гидрохлориді құсу орталығының триггерлі зонасын қоздырады. Апоморфинді күшті қышқылдар және сілтілермен күю кезінде, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, өкпе, жүрек ауруларында, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды. Рефлекторлы әсерлі құстыратын дәрілерге сонымен қатар ауыр металл тұздары: мырыш сульфаты және мыс сульфаты жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет