Фармакология


Миометрияға әсер ететән дәрілер



бет173/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   200
фармакология кітап

8.Миометрияға әсер ететән дәрілер.

Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальды механизмдер реттейді. Миометрияда М-холинорецепторлар, а – және в2 – адренорецепторлар орналасқан. Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген (әйел жыныс гормоны), окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны) және простагландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Миометрияның жиырылғыштық қызметін фармакалогиялық реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальды әсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделген.


Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігіне әсер ететін дәрілер бірнеше топқа жіктеледі:
1.Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
Миометрия – жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын кушейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.
Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метолокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М).
Окситоцин – миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гпофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының К+ иондарының өткізгіштігін жоғарылата отырып, әсер потенциялын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктілігінің соңғы айларында әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерін эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарылатады. Босануды (толғақты) шақыру жіне қуаттандыруда (к/т мин. 8-40 тамшыға дейін) босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін (б/е) және жатырдың атониясында толғақты қуаттандыру үшін қолданылады. Жамбас пен ұрықтың ( іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қаупінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды.
Oxytocinum – окситацин (Б): 1мл (1мл – 5ӘБ) амп. к/т (1 мл-н 5% 500мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет