Фармакология



бет190/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   200
фармакология кітап

Минералокортикоидтар (альдостерон) ағзадан Na+, Cl- иондарының және судың жиналуы К+ иондарының шығарылуын күшейтеді. Ұлпалардың гидрофильділігін арттырып, АҚ жоғарылатады, сонымен бірге қанқа бұлшық еттерінің тонусы мен жұмысқа қабілеттілігін (сондықтан миастенияда, адинамияда қолданылады) жоғарылатады. Адиссон ауруында, гипокортицизмде, адинамияда, жалпы бұлшық ет әлсіздігіне және т.б. тағайындалады. Гипертониялық ауруда, ісінумен жүретін жүрек жеткіліксіздігінде, стенокардияда, атеросклерозда, нефритте, нефрозда және бауыр циррозында қолдануға болмайды.
Desoxyorticosteroni acetas- дезоксикортикостерон ацетаты (Б): 0,005 таблеткада шығарылып, күнде немесе күнара тіл астына; 0,5% 1 мл майлы ерітіндісін күнара 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.
Глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түріне әсер етеді:
- көмірсулар: қанда глюкозаның, ал бауыр мен бұлшық етте глюкогеннің мөлшерін жоғарылатады.
- белок: белок синтезін төмендетіп (антианаболикалық әсер), белок ыдырауын жылдамдатып, (катаболикалық әсер) және несеппен азоттың шығарылуын күшейтеді;
- май: бетте және тұлғаның жоғарғы жартысында майлардың жиналуы, иммундық жасушалар мен жаңа ұлпалардың қалпына келуін төмендуі.
- тұз-су: минералокортикоидтарға ұқсас;
- кальций алмасу; ішекте Cl2+ иондарының сіңірілуін төмендетіп, бүйрек эксекрециясын күшейтіп, сүйектердің деминерализациясын және остеопороз тудырады.
Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антитоксикалық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады. Глюкокортикоидтарды шокты емдеу (жарақаттан кейінгі, операциялық, кардиогенді және т.б.) және алдын алу үшін белгілейді. Мүшелер мен ұлпалардың трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады. Жанама әсері: кортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия,остеопопроз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бұзылыстар (ұйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, қан айналымының жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен ұлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікте және Иценко-Кушинга ауруында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет