Фармакология



бет51/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   200
фармакология кітап

Қолдану көрсеткіштері: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, тілме қабынуы, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларына (абсцесс, флегмона, жара инфекциялары); отоларингологиялық, акушер-гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде іріңді қабыну ауруларында, сепсистік эндокардит, іріңді плеврит, перитонит, сепсис, остеомиелит, менингит, гонорея, бленнорея, мерез, сібір жарасы, көздің қабыну аурулары, актиномикоз және басқа да пенициллинге сезімтал микрофлоралардан туған жұқпалы аурулар. Жанама әсері: әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіштер: пенициллинге жоғары сезімталдық, аллергиялық (бронхиальды демікпесі, сенна қызбасында, есек жем т.б.) аурулар.
а) Әсері қысқа препараттар (3-4 сағ.). Benzylpenicillinum-natrium-бензилпенициллин натрий тұзы (Б): 250 000, 500 000 және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-әр 4-6 сағ. сайын б/е, құрамын 1-3мл инъекцияға арналған залалсызданған суда, натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен(пеницилиннің новокаин тұзы түзіліп, ол анағұрлым ұзақ әсер етуін, ерітінді 1 тәулікке жарамды болуын қамтамасыз етеді; бензилпенициллиннің новокаин тұзының кристалдануынан пайда болған тұнба, ерітіндіні б/е енгізуге кедергі болмайды) ерітеді. Күре тамырға баяу 1 000 000-2 000 000 ӘБ (5-10мл инъекцияға арналған суда немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде ерітеді), 2 000 000-5 000 000 ӘБ тамшылатып (100-200 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт.) тәулігіне 1-2 рет үйлестіріп б/е енгізіледі. Препаратты қажетті жағдайда эндолюмбальды, қуыстарға, сүйек ішіне, ингаляциялық түрде енгізіп; құлақ, көз, мұрын тамшылары түрінде, инфильтраттарды жою үшін қолданады. Ішке қолданбайды, себебі асқазан сөліндегі тұз қышқылының әсерінен бұзылады.
Benzylpenicillinum-kalium-бензилпенициллин калий тұзы (Б): натрий тұзына ұқсас, препарат тек б/е және т/а енгізіледі. Аэрозоль және көз тамшылары түрінде жергілікті қолданылады. Күре тамырға және эндолюмбальді енгізуге болмайды, себебі калий иондары тырысу және жүрек қызметін тежеуіне алып келеді. Препарат күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет