Фармакология


Теиігатит - тетурам (антабус, дисульфирам)



бет113/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   200
фармакология кітап

Теиігатит - тетурам (антабус, дисульфирам) (Б): 0,15 және 0,25 таб. шығарылады. Тетурамның әсері ацетапьдегидцегидрогеназаны бөгеуге негізделген, ол этил спиртінің метаболизміне қатысады. Бұл этил спиртінің метаболитінің - жағымсыз сезімдер (бетке қан құйылуын, жүректің айнуын, құсуды, тахикардияны, АК, төмендеуін және т.б.) тудыратын ацетальдегидтің концентрациясының жоғарлауына алып келеді, олар ішкілік алкогольді тетурам қабылдағаннан кейін өте жағымсыз етеді. Бұл спирт ішімдіктерінің дәміне және иісіне шартты - рефлекторлы жиіркенушілікке алып келеді. Тетураммен емдеу мұқият тексерілгеннен кейін және қолдануға қарсы көрсеткіштері (жүрек-қан тамыр жүйесінің, бауыр мен бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, қант диабеті, туберкулез, психикалық аурулар және т.б.) болмаған жағдайда, дәрігердің қадағалауымен жүргізіледі. Тетурамды қабылдап жатқан науқасқа аздап ішімдік (20-30 мл арақ; мөлшері жеке белгіленеді) беріледі. Дисульфирамның қасиеттерінен болатын жағымсыз әсерлер: ауыз қуысына металл дәмінің татуы; есте сақтау (жады) қабілеттің нашарлауы, сананың шатасуы, астения; бастыңауыруы; тері аллергиясының білінуі байқалады. Жоғарғы белгілерді байқай отырып емделуші тетурамнан кейін ішімдік қабылдаудан бас тартады. Ағзада әсері 1 жылға дейін сақталатын имплантациялық эспераль таблеткасы бар.
Апоморфин гидрохлориді - құсық шақыратын, ішімдікпен бірге қабылдағанда теріс шартты рефлекс өндіруіне мүмкіндік жасайтын дәрі- дәрмек.


3. Ұйыктататын дәрілер
Ұйқының 2 кезеңі болады: жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы. Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу, бездің секрециясы, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Бұл саты ұйқының 75% құрайды. Жедел уйқы кезеңінде адам түс көреді, ол қайталанып отырып, ұйқының 25% құрайды. Ұйқы процесіне холинергиялық және ГАМК-қ жүйе әсер етеді.
Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған - ол гипногенді, ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер. Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер іздестіруге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өмір қарқынының тездетуімен, стресс жиілігінің жоғарылауымен байланысты ұйқы бұзылыстары жиілеп кетті. Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды, невроздарды шақыруы мүмкін. Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқыныңтәртібін бұзбау үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеу, т.б. тыныш ұйықтауға жағдай жасау қажет. Егер де бұл тәсіл тиімді болмаған жағдайда, ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ұйқының қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етеді. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет