Фармакология



бет119/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200
фармакология кітап

-Наркотикалық
- Бейнаркотикалық (наркотикалық емес)
Наркотикалық анальгетиктер - кез-келген ауырсынуды басатын морфин және морфин тәріздес (синтетикалық) препараттар тобы. Наркотикалық анальгетиктер эйфория (езін жақсы сезіну), үйренгіштік және дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық), қүмартушылық және нашақорлық тудырады. Препаратты доғарғанда абстиненциялық синдром байқалады (теріс эмоция, қорқыныш, үйқысыздық, елестеулер), вегетативті жүйенің бүзылуы (тахикардия, артериялық қан қысымының өзгеруі, қүсу, диарея, гипертермия) соңында елімге алып келуі де мүмкін. Әсер ету механизмі: наркотикалық анальгетиктер энкефалиндер мен эндофинді эндогендердің нейропептидтерінің белсенділігін (нейрогуморальды антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін арттырады) күшейтеді. Содан анальгетикалық әсер байқапады. Наркотикалық анальгетиктер ағзадағы пептидтердің (эндофиндер және энкефалиндер) қүрылысына үқсас болғандықтан, апиынды рецепторлармен байланысады. ОЖЖ-сі мен шеткерлік үлпалардағы ОЖЖ-ң барлық деңгейіндегі нейрон аралық ауырсынудың өту импульстарын шеткерлік афференпі жүйе арқылы жоғарғы орталықтарға торлы қүрылым (ретикулярлы фармация), гипоталамус, таламус, ганглияларға, лимбиялық жүйелерге, үлкен ми қабықтарының ауырсыну импульстарына тежегіш әсер керсетеді.
Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
1. Апиын алкалоидтары: морфин, морфилонг, омнопон.
2.Морфиннің синтетикалық алкалоидтары: промедол, фентанил, суфентанил, пентазоцин (фортрал, лексир), буторфанол (бефорал, морадол, стадол), бупренорфин (норфин, темгезик), нальбуфин (нубаин), трамадол (трамал), пиритрамид (дипидолор), эстоцин, тилидин, росидол.
3. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
Морфин апиын алколоиды болып табылады. Апиын - көкнәрінің кептірілген түрі. Медициналық мақсатта қолданылатын опийдің қүрамында морфин 10%-дан кем болмауы қажет. Апиынның қүрамында 20-дан астам алкалоид бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет