Фармакология


Іsadrinum - изадрин (новодрин, эуспиран)



бет98/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200
фармакология кітап

Іsadrinum - изадрин (новодрин, эуспиран) (Б); 0,005 таб.; β1 және В2 адренорецепторларды қоздырады. Жүректің 6,-адренорецепторларын қоздырып, жүрек жиырылуы күші мен жиілігін жоғарылатады, сондықтан брадиаритмияда және атриовентрикулярлы бөгетте 0,005 таб. түрінде тіл астына белгіленеді. Бронхтың В2 адренорецепторларын қоздырып және кеңейтіп, бронхолитикалық әсер көрсетеді. 0,5% - 25 мл және 1% 100 мл флаконда шығарылып, бронх демікпесінде ингаляциялау үшін тағайындалады. 0,5% - 1 мл амп. шығарылып, к/т енгізіледі. Изадриннің бронхолитикалық әсері тез және қысқа (1 сағ. дейін). Жанама әсері
жағынан тахикардия, экстрасистолия (жүректің β1 -адренорецепторларын қоздаруымен байланысты) және діріл байқалады.
Бронхтарға таңдамалы әсер ететін β2 адреномиметиктерге: орципреналин сульфаты (алупент, астмопент), фенотерол (беротек, партусистен), сальбутамол (вентолин), тербуталин (бриканил) жатады. Бұл препараттардың әсері ұзақ (6 сағ. дөйін), бронх демікпесінде ішке, парентеральды және ингаляция түрінде тағайындалады.
Salbutamolum - сальбутамол (Б): 0,002 және 0,004 таб. түрінде шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 1-4 рет; 0,1% 5 мл еріт. амп,- к/т тамшылатып; 10 мл және 20 мл аэрозоль 1-2 ингаляциядан тәулігіне 4-6 рет. Фенотеролға қарағанда әсері төмен.
Орципреналин сульфаты - бронхтағы β2-адренорецепторларды қоздырып, бронхиальды демікпені алдын алу және ұстамасын басу үшін, кей кезде брадиаритмия мен атриовентрикулярльі бөгетте қолданылады. Изадринге қарағанда АҚ төмендеуі мен тахикардия тудырады. Тербуталин бронх демікпесі ұстамасын басу үшін аэрозоль түрінде қолданылады, мөлшері күніне 8 реттен аспауы қажет.
Кленбутерол (контраспазмин), формотерол (форадил), сальметерол (сальметер, серевент) - әсері ұзағырақ (12 сағ.) препараттар. β2-адреномиметиктер бронхтың, сонымен қатар миометрияның β2 адренорецепторларын қоздырып, жатыр мойынының бұлшық еттерін босаңсытып, түсік тастау қаупінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет