Тотығу дәрежесі +1, химиялық активтігі жоғары. Рубидий оттегіде тұтанып жанады, оттек жеткіліксіз болғанда Rb2O-ге, ал оттек жеткілікті болғанда Rb2O2-ге айналады. Су, галоген және сұйытылған минералды қышқылдармен әрекеттескенде қопарылыс береді. Тұздары (RbCl, RbF, RbBr, RbІ, Rb2SO4, Rb2CO3, т.б.) суда жақсы ериді. Рубидийді вакуумда тұздарынан тотықсыздандыру арқылы алады. Оны инертті ортада ампулада сақтайды. Рубидий фотоэлемент жасауда, құймалары вакуум шамдарында газ сіңіргіш ретінде қолданылады. Стронций (лат. Strontium; Sr) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 5-ші периодының ІІ-ші негізгі тобындағы химиялық элемент; сілтік-жер металлдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Рет нөмірі - 38, атомдық массасы - 87,62. Стронцийдің төрт тұрақты изотоптары бар, көбірек таралғаны 88Sr (88,56%). Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 3,4*-2%. Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды минералдары – целестин SrSО4 және стронцианит SrSО3. Аз мөлшерде Стронций адамның ағзасында да табылады. Бірақ оның адам үшін бір белгілі биологиялық маңызы жоқ. Стронций тұздарының шипалық қасиеттері зерттелуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнде стронцийдің ранелатінің остеопороз ауруының ағымдағы емдік әсері зерттелуде. Стронций - күміс түсті ақ, жұмсақ металл; тығыздығы 2,54 г/сm³ (20°С), балқу температурасы - 1 042 K, химиялық белсенді. Ауада қалыпты температурада тотығады. Металл еместермен көп мөлшерде жылу бөле қосылысады. Қосылыстарында +2 валентті. Оттекпен қалыпты жағдайда әрекеттесіп, тотық SrО түзеді. Ол сумен оңай әрекеттесіп гидрототыққа Sr(ОН)2 айналады. Стронций гидрототығы - түссіз кристалл, күшті негіз. Стронций - күміс түсті ақ, жұмсақ металл; тығыздығы 2,54 г/сm³ (20°С), балқу температурасы - 1 042 K, химиялық белсенді. Ауада қалыпты температурада тотығады. Металл еместермен көп мөлшерде жылу бөле қосылысады. Қосылыстарында +2 валентті. Оттекпен қалыпты жағдайда әрекеттесіп, тотық SrО түзеді. Ол сумен оңай әрекеттесіп гидрототыққа Sr(ОН)2 айналады. Стронций гидрототығы - түссіз кристалл, күшті негіз.
Достарыңызбен бөлісу: |