Ффсо пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Зертханалық жұмыс. DOS түралы негізгі мәліметтер



бет5/6
Дата11.06.2016
өлшемі3.61 Mb.
#128323
1   2   3   4   5   6

13 Зертханалық жұмыс.




DOS түралы негізгі мәліметтер.


MS-DOS жүйесінің командалары.

Қысқаша теориялық мәліметтер

DOS деген сөз дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді, MS - операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атының қысқартылуы.

Файл туралы түсінік

Магниттік дискідегі, не басқа информация сақтуға арналган компьютерлік жабдықтағы информация сақталатын атауы бар орынды файл деп атауға болады.



Файл деп – атауы бар, өңдеуге логикалық байланыспен магниттік дискіде жазылған біртектес информация жиынын айтады.

Файл атауы файл атынан және файл кеңейтілуінен тұрады. MS-DOS жүйесінде файл аты (filename) 8 таңбадан, кеңейтілуі (filename extension) 3 таңбадан аспауы керек.

MS-DOS жүйесінде файл және каталогтың аттары тек латын әріптерімен жазылады.

Файлдың аты және кеңейтілуі арасына нүкте белгісі қойылады. Мысалы: sys.com, io.sys.



Каталог немесе директорий – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар, папкалар тізіміне қойылған атау.

Түпкі каталог деп – A:\, C:\, D:\ дискілерінде орналасқан, немесе басқа каталогтардың ішіне жатпайтын, ең жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогты айтады.

Түсініктеме: Пішім (формат) – команданың жазылу ережесін көрсетеді. Command.com файылының құрамына кіретін командаларды ішкі команда деп, калған командаларды сыртқы деп атайды.

Командалар:

VER - MS-DOS жүйесінің версиясын экранға шығару командасы (ішкі);

DATE – экранға ағымдық датаны шығару командасы (ішкі);

TIME - экранға ағымдық уақытты шығару командасы (ішкі);

CLS – экран тазалау командасы (сыртқы);

Екпінді дискіні ауыстыру үшін:

1) C:\> жүйелік шақыру жолында диск енгізгіштің атын білдіретін әріпті қос нүктемен теру;

2) ENTER пернесін басу. Мысалы: C:\>A: <ENTER>

FORMAT – дискілерді форматтау командасы (сыртқы);

DISKCOPY – дискетті көшіру командасы (сыртқы);

DIR [диск:] [жол\] [файл аты] - каталог мазмұнын көру командасы (ішкі);

Мысалы: DIR D: student\*.txt экранға мәтіндік файлдардың аттарының тізімін шығарады;

DIR/W - информацияны қысқа түрде бағаналап шығарады;

DIR/O - экранға информацияны реттеп шығарады;



MD [диск:] [жол\] [каталог аты] – каталог құру командасы (ішкі);

Мысалы: C:\> MD D: GRUPPA\ - D дискіде GRUPPA деген каталог құрылды;

CD [диск:] [жол\] [каталог аты] – басқа каталогқа көшу командасы;

Мысалы: C:\> CD D: GRUPPA\

C:\ GRUPPA> - түбір C диск каталогынан GRUPPA каталогына көштік;

COPY [диск:] [жол\] көшірілетін файл аты [диск:] [жол\] көшірме файл аты - мәтіндік файлды көшіру командасы;

TYPE [диск:] [жол\] [файл аты] – экранға файл мазмұнын шығару командасы;

REN [диск:] [жол\] 1 аты 2 аты – файлдың 1-ші атын 2-ші атқа өзгерту командасы;

RD каталог аты каталогты өшіру командасы; (Ескерту: MS-DOS – та тек бос каталогты өшіруге болады);

DEL файл аты - файлдарды өшіру командасы.

Тапсырма

student каталогына өз тобыңыздың атымен бума құрыңыз.

Сол буманың ішінде нұсқа бойынша келесі каталогтар тұтағын құрыңыз.



Бақылау сұрақтар:


  1. Жүйелік датасын және уақыттың экранға шығару үшін қай команда қолданылады?

  2. Қандай команда экранды тазартады?

  3. Экранға DOS версияны шығару үшін қандай команда қолданылады?

  4. DOS бағдарламаны шақыру түрін өзгерту үшін қандай команда қолданылады ?

  5. Дискті қалай ауыстырады?

  6. Каталогка қалай өту болады?

  7. Каталогтің ішінің қалай қарастыру болады?

  8. Каталогты жасау үшін қандай команда қолданылады?

  9. Текстік файлды жасау үшін қандай команда қолданылады?

  10. Файлдың атын өзгерту үшін және файлды орын алмастыру үшін қандай командасы қолданылады?

  11. Каталог пен файлды жою үшін қандай команда қолданылады?

  12. Файлға немесе каталогка толық жолы қалай көрсетіледі?



№14 практикалық жұмыс
NC экраны. NC каталогтар мен файлдар құру.



Жұмыс мақсаты - MS DOS ОЖ-нің Norton Commander қабықшасының сыртқы түрімен және F1, F3, F4, F7 қызметтік клавишаларының әрекеттерімен танысу.

Қысқаша теориялық мәліметтер

Norton Commander (авторы Питер Нортон) - қолданушының операцияшық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған операциялық қабықша программасы.

Norton Commander (NC) жұмыс столындағы жарлық арқылы жұмысқа қосылады. Немесе орындалушы NC.EXE файлынымен іске қосылады

Экран екі панельден тұрады. Бір панельдің тақырыбы ерекшеленген болады. Бұл - белсенді панель.

Панельдер тақырыбында ағымдық каталог пен диск аты көрсетіледі. Панельдердің теменгі жағында командалық жолда MS-DOS шақыруының белгісі бар, онда командалар енгізуге болады. Төменгі жолда функционалдық пернелердің қызметі көрсетілген.



Ағымдық деп - қазір жұмыс істеп жатқан каталог немесе диск аталады.

Жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогқа өту үшін –курсор рамкасын панельдердің жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..” қойып <ENTER> - басылады.

Белсенді панельдің бір жолы курсор рамкасымен ерекшеленген. Курсор рамкасын (↑, ↓, →, ←) немесе End, Home, PgDn и PgUp клавишаларымен қозғалтуға болады.


Функционалдық пернелердің қызметі:

F1 - көмек - экранға NC анықтамасын шығарады;

F2шақыру - экранға қолданушы менюін шығарады;

F3 оқу - экранға файл мазмұнын шығарады; Одан шығу үшін F10 немесе Esc.

F4түзету -экранға файлды NC редакторында мазмұнын түзетуге шығарады;

F5 - көшіру - файл немесе каталогты көшіреді;

F6 - өзгерту - файл және каталогтың атын өзгертеді немесе баска жерге орнын ауыстырады;

F7каталог - жаңа каталог кұруға қолданылады; Экранда каталогтың атын сұрайтын диалогтық терезе шығады. Esc клавишасымен жұмыстан бас тартуға болады. Ішкі каталог жасау үшін, каталоггқа кіріп, F7 клавишасын басу қажет..

F8 - өшіру - файл немесе каталогты дискіден өшіреді;

F9 - меню шығару - NC бес бөліктен тұратын бас меню жолы шығады: Left (солжақ), Files (файлдар), Commands (командалар) Options (опциялар), Right (оң жақ);

F10 - шығу - NC жұмысын аяқтайды.

Панельдерді басқару

Панельдерді басқаруға арналған клавишалар конфигурациялары:



TAB – басқа панельді белсенді етеді;

Ctrl+O – екі панельді де экраннан алып тастау немесе шығару.

Ctrl+P - экраннан белсенді емес панельді алып тастау немесе шығару;

Ctrl+Uпанельдердің орнын ауыстыру;

Ctrl+F1 – сол жақ панельді экраннан алып тастау немесе шығару.

Ctrl+F2 - оң жақ панельді экраннан алып тастау немесе шығару.

Ctri+Q – ағымды (курсор тұрған) каталогтың мазмұнын, көлемін көрші панельде көрсетеді;

Ctri+L C дискісіндегі, жедел жадыдағы информацияның, қалған бос орынның көлемін көрші панельде көрсетеді;

Home – курсорды панельдің ең бірінші жолына жедел ауыстырады;
Alt+F1 - сол жақ панельде дискіні ауыстыру;

Alt+F2 - оң жақ панельде дискіні ауыстыру;

Кез келген каталогқа кіру үшін, сол каталогқа курсор рамкасын қойып, Enter клавишасын басу қажет.

Каталогтан шығу үшін панельдің жоғары жағындағы ".." жолына барып, Enter клавишасын басу қажет.

Текстік файл жасау үшін Shift+F4 клавишалары басылады. Шыққан терезеде файлдың атын жазып, Enter басу қажет.



Alt+F10 –каталогтар ағашын шығарады. Ол арқылы басқа каталогқа тез өтуге болады.

Зертханалық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет