Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет22/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Сурет 2. Компьютерлік жүйелердің құрылымдық ұйымдастырылуы

Қазіргі уақытта әртүрлі компьютерлік жүйелердің архитектурасы болады. Бірақ олардың бәрінің де өз құрылымында қарастырылған элементтер болуы керек және олар міндетті түрде компьютерлік жүйелердің функцияларының негізгі қағидаларын қолданады. Ол қағидаларға келесілерді жатқызуға болады: модульдік принципі, магистралдық, микропрограммалық.


Модульдік - модульдер негізінде компьютерлерді құрастыру әдісі. Модуль дегеніміз стандартты түрде жасалған конструктивті және функционалды түрде аяқталған электронды блок.
Магистралдық дегеніміз – бұл әр түрлі компьютерлік модульдердің біріктірілуі. Бұл жерде кіріс және шығыс модуль құрылғылары бір сыммен қосылады, осылардың жиынтығы шина деп аталады. Компьютерлер магистралі бірнеше шина топтарынан құралады және олар функционалдық белгі бойынша ажыратылады – шина адресі, мәліметтер шинасы, басқару шинасы.
Микропрограммалау дегеніміз – жүйені программалық басқару принципін жүзеге асыру тәсілі. Осы қарастырылған қағидалар мен электрондық технология жетістіктері төменгі суретте көрсетілген жүйе құрылымына алып келеді.

Сурет 3. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы

Дербес компьютерлердің негізгі аппараты және конструктивті модулі ретінде аналық немесе жүйелік тақташа қарастырылады. Компьютерлік жүйе құрылымы келесідей құрылғылармен толықтырылуы мүмкін: сопроцессор, кэш-жады, ҮИҮ перифериалық жинақ (chipset).


Сопроцессор – орталық процессормен келісіп жұмыс істейтін және оған қосымша мүмкіндіктер беретін көмекші процессор. Сопроцессор программалық түрде жүзеге асыратын аппараттық функцияларды жүзеге асырады. Сопроцессор негізгі процессордың командаларының жүйесін кеңейтеді (графикалық, математикалық сопроцессорлар).
Кэш-жады – негізгі жадыдан толтырылатын процессорға жақын арада керек болады деген мәліметтерді сақтау үшін арналған тез әркет ететін буферлік жады.
Чипсет (chipset) – бұл бір функционалдық жиынтығы бар ҮИҮ. Ал біздің жағдайымызда бұл перифериалық құрылғылармен қамтамасыз етілген ӨҮИҮ (жиынтығы). Осы құрылғылардың кейбіреулері контроллер деп те аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет