Ғылым және жоғары білім министрлігі


Сандық білім беру ресурстары



бет30/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Сандық білім беру ресурстары:

  • Сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды.

  • СБР құрылымын мұғалім оқыту үдерісі кезінде қолдана алады: жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау кезінде.

Сандық білім ресурстары – қолданушының сәйкес ережелерді сақтай отырып, бiлiм беру мақсатында қолдану үшiн жергiлiктi компьютерге жүктей алатын барлық ақпараттар (мәтiндер, графика, мультимедиа) жиынтығы.
СББР топтамасының мазмұны: Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары. Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер. Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория. Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер. Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі. Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар. СББР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар.
Білім беру үдерісінде СББР-ды қолданудың негізгі әдістері: Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты СББР-ды пайдаланған дұрыс. Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін. Үшіншіден, СББР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі. Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы СББР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бесіншіден, СББР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде. Мұндай СББР –дың артықшылығы қолдануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді. Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті СББР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады.
Дидактикалық мүмкіндіктері:
1) Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;
2) Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуі;
3) Оқушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;
5) Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі.
Оқу процесі барысында сандық білім ресурстарының көптеген түрлері қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану қажет. Сандық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайға бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп, оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол.
Құру әдістері
- цифрлық білім ресурстарының білім берудегі мәні көрсету;
- цифрлық білім ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері айқындау;
- информатикадан цифрлық білім ресурстарын пайдаланудың қажеттілігін негіздеу;
- информатика пәнінің мазмұнына сәйкес цифрлық білім ресурстарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылау.
Сандық білім беру ресурстарының интерактивтілігі оқу үдерісін
оңтайландыру, оны барынша дараландыру мүмкіндігін көздейді. Сандық білім беру ресурсы материалдарының гипермәтіндік белгілерінің болуы оқушыларға өздерінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне, дайындық деңгейіне қарай оқу материалының көлемін, зерттеу қарқынын, оқу қызметінің режимін және т.с.с.
өз еркімен реттеуге мүмкіндік ашады. Бұл, әсіресе, төменгі сынып оқушылары үшін өте маңызды, өйткені балалардың дайындығы мен даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар бастауыш сыныптарда анық байқалады. Мұндай жағдайларда жаппай жұмыс формасы мен орташа оқушыға бағдарлану ойдағыдай нәтиже бермейді және сабақта болып жатқан жайларға деген қызығушылықтың
жойылып кетуіне (қабілетті оқушылар үшін), оқу үдерісіне белсенді қатысу мүмкіндігінің жоққа шығуына (нашар оқитындар үшін) апарып соқтыруы.
1) Сандық білім беру ресурстарын қолдану сабақты түрлендіреді.
2) Оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етеді.
3) Оқушылардың дербес жұмыстарын жаңа ұйымдастырушылық деңгейде басқару.
Оқыту барысында қолданылатын әдістемелерді дұрыс таңдап, оқыту үрдісі мақсаттары мен талаптарына сай жетілдіріп, қарқындылығын арттыра түсу қажет. Ақпараттандырылған оқыту барысында сандық оқыту құжаттары, компьютерге арналған ойындар, мерзімді электрондық құралдар, оқу құралдары мен оқу порталдарын құрастыру көзделуі керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.
Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет