Егер сіз компьютеріңіз зиянды бағдарламамен зақымдалды деп күдіктенсеңіз:
Логиндерді, парольдерді және басқа құпия ақпаратты пайдаланумен байланысты қандай болсын қызметті тоқтатыңыз. Жүйеңізді ықтимал онлайн-қатерлерден қорғау үшін вирусқа қарсы БҚ қолданыңыз. Сенімді әзірлеушілердің вирусқа қарсы және тыңшылыққа қарсы бағдарламаларды орнатыңыз. Сіздің вирусқа қарсы бағдарламаңыздың жаңартылғанына, компьютерді сканерлеуді жүргізетініне және зиянды ретінде белгіленетін барлық бағдарламаларды жоятынына көз жеткізіңіз. Көбіне, компьютерді тексеруді аяқтау және зиянды бағдарламаларды айқындау туралы дұрыс емес ақпаратты қамтитын қалқымалы хабарламаны асығыста зейінсіз оқуға болады. Мұндай хабарламада зиянды бағдарламаларды тарату үшін кеңінен пайдаланылатын жалған бағдарламалық қамтамсыз етуді жүктеу ұсынылады. Сіздің компьютерді қорғауды немесе вирустарды жоюды ұсынатын Сіз орнатпаған немесе Сізге таныс емес бағдарламаның ескертуіне жауап ретінде ешқашан ештеңе жүктемеңіз. Вирустармен зақымдалу мүмкіндігі аса үлкен болады.
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар:
1) Бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартыңыз. Киберқылмыскерлер осалдықтарды бағдарламалық қамтамасыз етуде пайдалану әрекеттерін жасауда тапқырлық танытады
2) Сенімді парольдерді пайдаланып, оларды құпия сақтаңыз. Сенімді парольдер кем дегенде 8 символдан құрылып, әріптерден, сандар мен символдардан тұратын тіркестерді қамтуға тиіс.
3) Брандмауэрді ешқашан ажыратпаңыз. Брандмауэр Сіздің компьютер мен Интернеттің арасында қорғау қалқанын құрайды. Брандмауэрді бір минутқа болсын ажырату ДК зиянды бағдарламамен зияндау тәуекелін жоғарылатады
4) Флеш-жинақтағыштарды пайдаланғанда абай болыңыз. Өз компьютеріңізге белгісіз флеш-жинақтағыштарды (немесе USB-жинақтағыштарды) қоспаңыз.
5) Зиянды БҚ ұсынатын жүктемеге келісім бермеңіз. Тегін бағдарламалық қамтамасыз ету – әсіресе тегін вирусқа қарсы БҚ ұсынылатын электрондық пошта хабарламаларындағы сілтемелер бойынша кірмеңіз және веб-сайттардан аулақ болыңыз. Музыканы, ойындарды, видео мен басқаларды «тегін» жүктеулерден сақтаныңыз
Достарыңызбен бөлісу: |