Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет46/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Қазіргі таңдағы электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері.
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға «ену» жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсіби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).
Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде:
окытудың сапасы артады;
оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.
Осы айтылғандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет