Ғылым және жоғары білім министрлігі


- дәріс. Мультимедиялық оқыту жүйелері, олардың мүмкіндіктері



бет44/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)


13- дәріс. Мультимедиялық оқыту жүйелері, олардың мүмкіндіктері.

Бағдарламалық-аппараттық мультимедия.


Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi:


Мультимедиа - әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология. (D.Little)
Мультимедиа -екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру. (D.H.Jonassen)
Мультимедиа- әртірлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруе мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық кешені. (И.И.Косенко)
Мултьмедиа -графика,гипермәтін,дыбыс,анимация,бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын аппаратты бағдарламалық құрал. (И.Вернер)
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң «multy» (көп) және «media» (орта) деген сөздерiнiң бiрiгуiнен құралған. Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi саралай келе бұл терминге „ақпараттық орта” деген мағына беруге болады. Ал, ақпараттық орта түсiнiгiн белгiлi бiр ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдай аламыз
Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер) жиынтығы.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер) жиынтығы.
Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.
Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.
Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады.
Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi нновациялық әдiстердi жүзеге асыратын бiрден бiр жаңа ақпараттық технология болып саналады.
Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi.
Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде „мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек „мультимедиа” деп атауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет