«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы



бет11/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (ағылш. Programme for International Student Assessmentфр. Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы.[1] PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.
PISA жобасы тексерудің үш бағытының (математика, ғылым, оқу) біріне айырықша мән беріп, үш жылдық кезеңмен жүргізіледі. 2012 жылы негізгі бағыт «математикалық сауаттылық» болды.
PISA зерттеуі 15 жастағы оқушылардың мектепте алған академиялық білімі мен тұрмыс, үйрену дағдысын тексеріп, өз білімі мен қабілетін түрлі өмірлік жағдайлар мен әлеуметік ауқымда тиімді қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.
Қойылатын және көзделетін талаптар
PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік.[2] PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану.[3]
Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алғна қорытындыларды оның екінші бөлігінде қолдануға саятын ғылыми зерттеу әдіснамасы) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.
Анықталатын деңгейлер
Функционалды сауаттылықты бағалау технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің 15 жастағы оқушыларын алты деңгейде анықтайды. Ең жоғарғы көрсеткіш 5- және 6- деңгей. Ол бойынша оқушы өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті. Сосын, 4- және 3- деңгей: жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі. Сосын, 2- деңгей: қарапайым оқудан тыс жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі. Сосын 1- деңгей: таяз білімнің төмендігі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздығы.
Зерттеудің барлық үш бағыты бойынша қабілеттілік жиынтығы мен білімді қолдану мүмкіндігіне қойылатын нақты талаптар анықталған. Демек, PISA жобасы оқушыны сыни бағалау мен сындарлы ойлау моделіне жетелейді.



  1. Бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне ену мәселелерін бағалаңыз

Әлемде болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елімізде жүргізіліп жатқан білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Білім — қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі — адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту.
Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты әлемдегі дамыған елдерді мысалға алсақ, республикамыздың ғылыми жетістіктер мен жаңалықтары жағынан артта қалғандығын байқаймыз. Сонымен қатар, біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз – ақпараттық технологиялар кезеңі, соған байланысты адамдардың қоғам, табиғат және ғылым салаларында жеткен жетістіктеріне байланысты оқу үдерісінің мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдері жаңартуды қажет етеді. Сондықтан басқа мемлекеттермен қатар біздің мемлекетіміздің білім саласы да оқытудың инновациялық әдістерімен қатар түрлі технологияларды пайдалануда.
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің руханибаюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуінде. [1]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» көрсетілген білім беру жүйесінің негізігі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда және оқытудың тиімділігін, сапасын көтеруде. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған байланысты еліміздің орта мектебін әдіснамалық құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан түгелдей қайта құру ұсынылуда. [2]
Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың ажырамас бөлігі болып табылатын кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту жобасы іске қосылды. Қазір республикада Атырау, Екібастұз, Өскемен қалаларында үш өңіраралық орталықтың және Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауылында екі кәсіптік лицейдің құрылысы жүргізілуде. Оған 600 млн теңге қарастырылған. Даму стратегиясында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында әлемдік деңгейдегі 4 колледж салу қарастырылған. Қазіргі таңда білім беру саласын жетілдіру мақсатында «E-learning» электронды оқытуды дамыту жобасына 600-ге жуық мектеп қосылды. Бұл жоба 2020 жылы мектептердің 90%-ын қамтитын болады. Алайда, мұндай оқудың тез дамитынын ескеріп, әлемдік трендтерді үнемі қадағалап, уақытылы түзетулер енгізіп, заманға сай жаңа білім беру жүйесіне келу қажет. [3]
Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту мазмұнын өзгерту үшін жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне онлайн семинарлар өткізу жобалары іске асырылуда. Семинарларды Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері өткізетін болады. Жыл бойы 48 семинар өткізіледі. 2011-2012 оқу жылдары семинарлардың тақырыбы «Критерийлік бағалау», 2012-2013 оқу жылдары «Сыни тұрғыдан ойлау» деп белгіленген. Жалпы орта мектептер базасында электрондық оқытудың жаңа білім жобалары іске қосылуда. 7-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математика сабақтары бойынша онлайн-сабақтар ұйымдастырылып, сабақтар оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталынады. Жыл бойы Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері 340 онлайн-сабақтар өткізеді.
Қазақстанда жоғары білім мәселесі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Бірақ, бұл мәселені шешуде тек қаржылық-экономикалық жағдаятқа ғана сүйенуге болмайды. Білімді реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторларды да ескеру қажет. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде 147 ЖОО жұмыс істейді, онда 620 мың студент оқиды. Биыл республикалық бюджет есебінен 350 магистрант ТМД, Еуропа, Азияның Оңтүстік Шығысына барады. Сондай-ақ, биыл 1493 шетел ғалымы және оқытушылары Қазақстанның 27 жоғары оқу орнына жұмысқа тартылады.[4]
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізі болып табылады. Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру-бәсекеге қабілетті сапалы адамзат капиталын құруды қамтамасыз ететін жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жоғары білімді қазақстандықтардың жаңа буыны онжылдықтардың күрделі мәселелерін шешуге қабілетті болады.[5]
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі міндеттерінің бірі білім алу болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп ай туымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің деңгейімен байланысты. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат.Сондықтан да ел азаматтарының білім алуына мемлекет бей-жай қарамауы тиіс.

  1. Бастауыш білім берудегі нәтижені жобалаудың маңызын бағалаңыз

бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу қажет. Сапалы білім беруде жобалау технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру керек. Ал, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Бастауыш сынып оқушылардың ізденушіліктерін, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі міндеттері:
ü Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

ü Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.


ü Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.


ü Оқытудың жобалау технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.


ü Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;


ü Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;


ü Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;


ü Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.


ü Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.


ü Оқушының бойындағы қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.


ü Оқушылардың өз жұмыстарын жаңашылдықпен ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау, жеке тұлға тәрбиелеу.


ü Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, бағдар беру. Оқушыларды өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыруымыз қажет.


Жобалап оқыту технологиясы — жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл технология оқушылардың берілген тапсырманы жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді.
Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:
Жобалар әдісінің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.
Жоба жұмысын дайындау кезеңдері:
Бастапқы: негізгі тақырыпты анықтау;
Ізденіс: жоба жұмыстарын, ақпарат, әдебиет көздерін айқындау, жоба бойынша жеке жұмыстарды топ ішінде ұйымдастыру;

  1. Ақпарат жинау және жұмыс істеу әдістемесін меңгеру жолдарын талқылаңыз

Ақпаратты сақтау мен іздестіру (Хранение и поиск информации; information storage and retrieval). Ақпаратты сақтау дегеніміз — келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға — магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу. Сақтау — ақпаратпен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі жене уақыт аралығы өткеннен кейін оның қайта пайдаланылуын қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Ақпаратты іздестіру дегеніміз — сақталған ақпаратты алу және онымен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі. Кітапханалық істе «ақпаратты іздестіру» атауы біртектес болғанымен, мәні тұрғысынан мәтіндерді іздеу әдісіне (мысалы, кілттік сөз және индекстердің көмегімен) жатады немесе кейбір тақырып бойынша жұмыс жасауға сілтеме болып шығады. Бұл жағдайда ақпарат машинамен оқылатын тасуышта сақталады және компьютер көмегімен оқылады. «Ақпаратты сақтау мен іздестіру» атауы тек ақпаратты сақтау және ақпаратты іздестіру операциясы ғана емес, осы өзара байланысты операцияларды жүзеге асырудың көптеген әдістері де. Ақпаратты сақтау мен іздестіру пайдалану үшін сақтайды, ал іздестіру мүмкіндігі сол сақтау кезінде қаланады. Ақпаратты сақтау мен іздестіру информатика тарауы ретінде сақталатын ақпаратқа келешекте қатынас құруды жасақтау үшін ақпаратты белгілеудің барлық әдісін қамтиды. Бұл әдістер файлдармен және мәліметтер базасымен, мәтіндік файлдармен, графикалық мәліметтер базасымен және т.б. жұмыс істеуге қолданылады.[1]
Ақпарат технологиясы (АТ, ағылш. information technology, IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.[1] «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологияны (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.
Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.[2]

  1. Бастауыш білім беру педагогикасының әдіснамалық негіздерін көрсетіңі

-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі: бакалавриат. Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімі қызметінің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздерін зерделеумен байланысты. Оқу барысында студент оқу-тәрбие міндеттерін шешуге, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, психофизикалық, жеке ерекшеліктеріне және ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін қолдануға; ғылыми зерттеулер жүргізуге; орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша сабақтарды жоспарлауға және өткізуге; білім алушыларда рефлексия дағдыларын дамытуға үйренеді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар.
Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп бойынша білім департаментінің әдіскері болып жұмыс істей алады.
-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі: магистратура. Бағдарлама жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Бітіруші педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және кез келген білім беру деңгейіндегі оқу орындарында менеджер лауазымын атқара алады және сабақ бере алады.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі: докторантура. Оқу процесінде докторант психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқытуды, заманауи педагогика мен психологияның жетістіктерін ескере отырып, әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеуді және оқу үдерісіне енгізуді, психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және жүргізуді, кәсіби қызметке инновацияларды ілгерілету және енгізу мақсатында барлық мүдделі кәсіптік қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасауды, білім мен ғылымның дамуын ескере отырып, басқарушылық қызметті жүзеге асыруды үйренеді. Докторантура түлектеріне PhD философия докторы дәрежесі беріледі, олар жоо-да, біліктілікті арттыру институттарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет