Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу — жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алды. Бұл олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.
Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Критерий арқылы бағалау оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйелерін тұжырымдаңыз
Республикамыз қазір ТІМSS зерттеулеріне қатысатынын білеміз. Халықаралық ТІМSS зерттеуі - бастауыш сыныптар бойынша 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен өткізіледі. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді.
1995 жылдан бері бастау алатын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуінің негізгі мақсаты 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау және басты мектепішілік және мектептен тыс білім детерминанттарын анықтау болып табылады.
Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуы білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп құрылып жатқан 12 жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |