«Ғылым тарих мен философиясы» пәні бойынша ДӘрістер


Тақырыбы: Ғылым мен философияның өзара байланысың тарихи негіздері



бет3/18
Дата14.10.2022
өлшемі73.45 Kb.
#462713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
 蜞痂觖 филос. Д рістер.

Тақырыбы: Ғылым мен философияның өзара байланысың тарихи негіздері.

  1. Ғылым философиясының мәні

  2. Ғылым философиясы және ғылымдардың топқа жіктелуі

Философия ғылымы біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылды. Адамзат ойының дамуы архайкалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығы квадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары, Жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып , тригонометрия негіздерін қалыптастырды.


Ғылым генезисі және даму тарихы. «Ғылымның дамуы – ғалымдардың еңбектерімен және олар ашқан жаңалықтардың құндылығымен анықталады»,- дейді Луи Пастер.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат.scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым- ерте дәуірден бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Ғылымның қалыптасуы үшін әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т.б.) табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотель, т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты. Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки, т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Ғылымның қалыптасуына алхимия мен астрологияның дамуы негіз болды. Ол химияның қалыптасуының алғышартын жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет