Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет156/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 30 
тамыз 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: НОРМА-К. – 2014. 
2. 
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. (№ 226-V 3 шілде 2014ж. Қазақстан Республикасының қылмыстық 
кодексі баптарымен, № 167-1 16 шілде 1997ж. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің баптарына 
салыстырмалы кестемен) – Алматы: НОРМА-К. – 2014 – 240б. 
3. 
Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления – М., 1972 г. 


177 
ӘОЖ 343.9 
 
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ 
 
Исабекова М. - ЮМ-20-1к1 тобының студенті 
Жаксыбаева А.Е. – аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі 
Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі тұрақсыздық салдарынан қылмыстылық кәмелетке 
толмағандар арасында етек ала бастады. Осы уақытқа дейін кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы біртұтас 
криминологиялық санат ретінде қаралады. Қылмыстылық бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, 
қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, сонымен қатар белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған 
қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары 
(криминогендік факторлар, детерминанттар) қылмыстылықты тудыратын және соған себеп болатын жағымсыз 
экономикалық, демографиялық, психологиялық, саяси, басқарушылық-ұйымдастырушылық құбылыстар мен 
үдерістердің жүйесін қамтиды [1].
Мысалы мазмұнының әртүрлігіне байланысты әртүрлі деңгейде зерттеледі: толық, қылмыстардың жекелеген 
топтары, нақты қылмыстар бойынша. Қылмыстылықтың алдын алу, яғни ескерту-қылмыстылықтың себептері мен 
жағдайларын жоюға, бейтараптандыруға не әлсіретуге бағытталған мемлекеттік немесе қоғамдық шаралардың жүйесі 
ретінде айтылады. Сонымен қоса қылмыстылықтың алдын алу жүйесінің бағыты, әрекет етудің механизмі, кезеңдері, 
көлемі, мазмұны, субъектілері және өзге де өлшемдер бойынша талданады. 
Қазіргі таңда біздің өсіп келе жатқан ұрпақты салауатты дамуына егеменді де, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан 
демократиялық және қиын-қыстау өтпелі кезеңдерде біздің жастарымыздың арасында, соның ішінде атап айтсақ 
кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық болып тұр. Соңғы жылдары республикада өсіп келе жатқан 
кәмелетке толмағандар арасында және жастардың төмендегі статистикалық мәліметтеріне қарайтын болсақ, өкінішке 
орай, қарастырылып отырған тұлғалар арасындағы қылмыстылық өршуде. Отбасының немесе мемлекет қамқорлығының 
аздығынан, балалардың іс-әрекетіне бақылаудың жоқтығы олардың теріс жолға түсіп кетуіне мүмкіндік береді. Олар 
өздерінің ойына не келсе соны жасап, заңсыз қаражат тауып, қоғамға қауіп тудырады. Сонымен қатар жасөспірімнің 
ұзақ уақыт қараусыз және криминалдық ортада болуы оның әрі қарай өмір сүру деңгейін анықтайды. 
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтармен сақтандыру жұмысын жұмысын тиімді жүргізуге кедергі болатын 
бір жағдай-қоғамға қайшы әрекет жасаған жасөспірімнің 70%-ы кейін өзінің қылмыстық ортасына қайтып оралады. Сол 
себепті соңғы онжылдықта сақтандыру жұмысын жүргізуге мәжбүр ететін жеткіншіктердің саны жоғары деңгейде тұр. 
Яғни олардың әртүрлі сылтаулармен қоғамға қайшы әрекет жасау дағдылары бойға орнығуда, қылықтары ересектерден
кем түспейді. Сондықтан бүгінгі жеткіншіктер арасындағы зорлықшыл зерделеу проблемасы өзекті мәселеге айналды. 
Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстардың саны өсіп бара жатыр. Олардың негізгі
себептері атай кетсек төмендегідей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет