Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет152/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Садыханұлы М., “Жемқорлықпен күрес бүкіл халықтық сипат алуға тиіс” // Дала мен қала. 2008 ж. 15 ақпан, №7. 3-б. 
2. 
Қапышева Салтанат, “Сыбайлас жемқорлықпен күрестің шетелдік тәжірибесі”, ҚР Заң шығару Институтының 
Жаршысы. №4(28) 2012 ж. 
3. 
Ахметов А. “Коррупция в минусе когда борьба с ней”. // Казахстанская правда. №127. 2007. – с.1-2. 
ӘОЖ 347.637 
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАНЫ АУЫСТЫРУДЫ САРАЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Жомартқызы А. – ЮМ-20-1к8 тобының студенті 
Ерманкулов М.К. – аға оқытушы 
Балалардың құқықтық мәртебесін мойындауға адамзат ғасырлар бойы ұмтылып келеді. Қазіргі уақытта кез 
келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті адамдарға қатысты баланың абсолютті, басым мәртебесінің декларативті 
мойындалғаны мен белгіленгенін адамзат жетістіктерінің бірі ретінде қабылдауға болады. Адамзаттың баланың 
құқықтық мәртебесін мойындау қозғалысы ұзақ және ілгерілемелі болды және әрбір жеке елде өзіндік серпінге ие еді. 
1924 жылы Ұлт Лигасының Баланың құқықтары туралы Женева декларациясын қабылдауын осы процестегі елеулі 
жағдай деп есептеуге болады. Содан соң 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары декларациясын қабылдап, 
1979 жыл «Халықаралық бала жылы» деп жарияланды және он жылдан соң ғана 1989 жылғы 20 қарашада Бас 
Ассамблеяның 44/75 қарарымен Баланың құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1990 жылғы 2 қыркүйекте күшіне 
енді. Осы уақытқа дейін балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін бірқатар халықаралық заңнамалық 
құжаттар әзірленіп, қабылданды. Атап айтқанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; Балалардың 
қорғанысы мен амандығына қатысты, әсіресе олардың ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алуы кезіндегі әлеу-
меттік және құқықтық принциптер туралы декларация; Балалар құқықтары туралы конвенция; БҰҰ Кәмелетке 
толмағандарға сот төрелігін орындауға қатысты минималды стандартты ережелер (Бейжің ережелері); Азаматтық және 
саяси құқықтар туралы халықаралық фактіні ратификациялау туралы; Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың 
алдын алу үшін БҰҰ жетекші принциптері (Эр-Риядта қабылданған жетекші принциптер); Балаларды саудалауға, 
балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенциясының 
факультативтік хаттамасы; Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы 
конвенциясының факультативтік хаттамасы және басқалар.[1] 
Балалардың құқықтық мәртебесін дамытудың Қазақстанда да өз тарихы бар. Егер тарихқа үңілсек, жесірлер мен 
жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, сондай-ақ оларға қатысты қауымның және қайтыс болғандардың 
туыстарының міндеттемелерін регламенттейтін дала заңдарының жинағы Жеті Жарғының өзінде (XVII ғасыр) Жесірлер 
туралы заң болғанын атап көрсетуге болады. Отбасы-неке қатынастары саласында ата-ананың бала өміріне құқықтары 
бекітілді. Бірақ әйелдің некесіз дүниеге келген баланы өлтіруі өлім жазасымен жазаланды. Бала құқықтарының қазіргі 
тарихы 1994 жылы Қазақстанда Балалар құқықтары туралы конвенцияны ратификациялаудан басталады. Қазақстан 
бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде алғашқылардың бірі болып Конвенцияға қосылды және оны ратификациялады
сондай-ақ оның екі факультативтік хаттамасын ратификациялады. Бүгінге дейін адам құқығына қатысты 60-қа жуық 
халықаралық құжат, оның ішінде бала құқықтарын қорғауға қатысты 15 құжат ратификацияланды. Мәселен, Нәсілдік 
кемсітушіліктің барлық формаларын жою жөніндегі конвенция; Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және 
балалар порнографиясына қатысты факультативтiк хаттама; Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты 
факультативтік хаттама; Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы 
конвенция; ХЕҰ Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы 
конвенциясы; ХЕҰ Ананы қорғау туралы конвенциясы; Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу 
мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама; Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты 
ынтымақтастық туралы конвенция; Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция; Білім беру саласындағы 
кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция; Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да 
нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенция және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын 
құқық туралы хаттама.Бүгінгі таңда Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құжат бар, олар қоғамдағы баланың 
құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді. Негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының 
Конституциясы, Еңбек, Азаматтық, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстері, «Баланың құқықтары 
туралы», «Білім туралы», «Мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау 
туралы», «Балалар отбасылық типті ауылдар мен жасөспірімдер үйлері туралы», «Кәмелетке толмағандардың 
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар қараусыз қалған және панасыз қалудың алдын алу туралы», 
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Әлеуметтік қызметтер туралы», «Тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың алдын алу туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Ең 
төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» заңдары және т.б. жатады. 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге 
болмайды. Осы мақсатта бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздері қалыптастырылып, баланың құқықтары 
мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құрылды. Баланың құқығын қорғаудың тиімді 
тетігін құру үшін көптеген елдер балалардың құқығын қорғау жөніндегі арнайы органдарды – бала құқықтары жөніндегі 
уәкіл институттарын (балалардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмендерді) құрды. Швеция, Франция, Италия, Ресей, 


173 
Балтық елдері және т.б. елдерде осындай мекемелер табысты жұмыс істеуде. Елімізде 2016 жылғы 10 ақпанда 
Президент Жарлығымен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Институттың негізгі міндеттері – 
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен 
ынтымақтастықта олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.[2] 
Жас ұрпақты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі – кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау. 
Балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық қатаң түрде тоқтатылуы тиіс, бұған жыныстық тиіспеушілікке қарсы 
қылмыстар үшін жауаптылық шараларын күшейту дәлел болып отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қылмыстық 
кодекстің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді, оның 122-бабына сәйкес 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық 
қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, ал 
дәл сол іс-әрекеттерді ата-анасы, педагог, тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген өзге адамның жасауы белгілі бір 
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер белгілі бір 
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15 
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау немесе 
сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, оның ішінде еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен 
әйелдің жыныстық қатынасы (ҚР ҚК 120,121-баптары), дәл сол іс-әрекеттер жас балаға қатысты жасалса, 15 жылдан 20 
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Қылмыстық кодекстің 93-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының 
түрлерi) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының тізбесіне химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу 
кіреді. Сонымен қатар Қылмыстық кодексте жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін 
жәбірленушімен татуласуға байланысты істі тоқтатуға, шартты түрде соттауға заңнамалық түрде тыйым салынған.[1.2] 
Соңғы он жылда балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыс атқарылды және 
жылдан-жылға бала құқығын қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Бала өзінің физикалық және ақыл-ойының толық 
жетілмеуіне байланысты туғанға дейін де, туғаннан кейін де қашанда арнайы қорғау мен қамқорлыққа мұқтаж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет