251
себебі, ол заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес күдіктіге қорғану құқығын қамтамасыз ететін, және оның тағдырын тек
сот қана шешетінін біледі. Кінәсіздік презумпциясы және сот әділдігі принципін жүзеге асыру үшін жалпы көп нәрсе
қажет: жаңарған өміріміздің қажеттілігін көрсететін, демократиялық, адам құқықтарын
қорғауды басшылыққа қоятын
нақты қалыптасқан заңдар; осы заңдарды дұрыс қолданатын жетік, жоғары білімді, интеллектуалды судьялар; арнайы
сот мәжілісіне арналған кең, жайлы ғимараттар; соттардың аудио-бейне аппаратпен, компьютерлермен, ксерокстармен,
байланыс құралдармен, транспорт, күзет және т.б. қамтамасыздығы – бұл жиынтық сотты дербес, тәуелсіз, өктем,
беделді мекеме етеді.
Бірақ, ең маңыздысы үлкен басты Сот болу үшін – тәуелсіздік қажет. Мемлекеттік құрылымдардан,
жоғары
лауазымды тұлғалардан, саяси партиялардан және басқа да қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз болады. Соттардың
тәуелсіздігінің дұрыс, нақты болуы және ол тәуелсіздікті айнадағылармен ұғынып қабылдану талабына сәйкес, кінәлілігі
және жазалау туралы немесе ақталғандығы туралы немесе ақталғандығы туралы соттың шешімі әділ, тура деп
қабылданады.Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-баптың 1-бөлігінде: «Судья сот төрелігін іске асыру
кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңдарға ғана бағынады» – деп айқындалған [1].
Күдікті күдіктінің пайдасына қарастыру қағидасы айыпты негіздейтін дәлелдерге қатысты ғана емес, сондай-ақ,
айыпты жоққа шығаратын ақтау дәлелдемелерге қатысты әрекет етеді.Айыптау дәлелдемелеріндегі күдік айыптың
негізінен олардың жойылуына әкеліп соғады. Ақтау дәлелдемелеріндегі күдік, егер олар жойылмаған болса, онда олар
айыпталушыны толық ақтайтын мән-жайлардың болуын көрсетеді. Тергеуші мен прокурор
айыпталушыны ақтайтын
дәлелдерді жоққа шығарғанға дейін, айыптауды дәлелденген деп санауға болмайды. Онда, айыпталушымен
мәлімделген алиби, өзінің айғақтайтын мәнін, іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен сөзсіз жоққа
шығарылмағанша (әшкереленбегенше) сақтап қалады.Күдікті дәлелдерді күдіктінің пайдасына қарастыру кезінде оны
ақтайтын бұл дәлелдер, нәтижесінде, өздерін толық жоққа шығарғанға дейін дәлелдемелер жүйесінде қалады, сондай-
ақ, ақиқатқа жетудің өте сенімді және нәтижелі (тиімді) кепілдіктер құрылады, өйткені, айыпталушыны ақтайтын
дәлелдемелер
жоққа шығарылмағанша, сот өндірісінің органдары айыпты дәлелденген (айғақталған) деп тани
алмайды.Осылайша, күдіктінің пайдасына қарастырылатын күдік туралы қағида, тек айыпталушы үшін ғана кепіл
болып табылмайды, сонымен қатар, сот әділдігінің мақсатына жету кепілі болып қызмет атқарады.Біздің көзқарасымыз
бойынша, бұл мәселе туралы едәуір дұрыс пікір айтқан М.С.Строгович: «Егер істегі дәлелдемелер жиынтығы күдіктінің
қылмыс жасамағандығын, ең болмаса, ықтималдықтардың қандай да бір бөлігімен болжауға негіз берсе, онда осыған
сәйкес пайда болған күдік күдіктінің пайдасына қарастырылуы тиіс, дегенмен бұл күдік бір қарағанға дұрыс емес
болатын. Әрине, күдік жасанды жолмен ойланып табылуы мүмкін емес. Бұл мәселенің басқаша шешілуі нәтижесінде,
қылмыстық іс бойынша объективтік шындық емес, тек ықтималдық қана анықталынуы тиіс» [3,128 б.].Заң, тергеушінің
алдына тұлғаны айыпталушы ретінде тарту кезінде, іс бойынша жиналған
дәлелдемелер негізінде, сезіктінің кінәлі
екендігіне сенімнің қалыптасуын талап етеді. Дәлелдемелердің жеткіліксіздігінен жасалған қылмыста сезікті тұлғаға
айып тағылмауы керек.Қылмыстық іс жүргізу заңының бірден-бір маңызды және негізді ержелерінің бірі тергеушінің
міндетін: айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ кінәсін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
іс бойынша анықталуын айқындайды (ҚПК 24 б.). Айыпталушы ретінде тарту актісі ақтайтын мән-жайлардың болуын
жоққа шығармайды, сол себептен, күдіктінің кінәлілігі туралы нақты тұжырымдарды ұсынбайды.
Айыпты тағу қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның құқығын қамтамасыз ету үшін қажет, оны неге
айыптағанын білу, өзінің қорғануын қамтамасыз ету үшін керек, ал оларды тексеру мен өтініштерін қанағаттандыру іс
бойынша ақиқатқа жету үшін қажетті шарт болып келеді. «Кінәсіздік презумпциясында статистикалық мәні жоқ,
күдіктінің кінәлілігінің ықтималдығының аса немесе кем туралы түсініктен шықпайды,
көп жағдайда айыпталушы
кінәлі болатынына бағытталмайды» [2,11 б.].
Айыптың уақытылы тағудың маңыздылығын көрсету керек: мерзімінен бұрын айыпты тағу, кінәсізді қылмыстық
жауапкершілікке тартуы мүмкін, ал ұстау – сезіктінің қорғану құқығын бұзу, болуы мүмкін дәлелдемелерді жоғалту,
тергеудің объективті болмауы.Олай болса, тергеуші өз қызметінде кінәсіздік презумпциясымен байланысты заңның
ережелерін жүзеге асыруы, күдіктіге оның құқықтары мен заңды мүдделерін сотқа дейінгі тергеп тексеруде сақталуына
кепіл болады.
Достарыңызбен бөлісу: