256
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде азаматтардың
құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының шеңберінде сотқа дейінгі
тергеп-тексеру нәтижесімен
тоқтатылған немесе мерзімі үзілген қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдерді қадағалаушы орган бақылап
отырады. Қысқа мерзімде шешім қабылданып, қылмыстық істердің созбалаңға салынуына жол берілмейді.
Болашақта бұл процесс, яғни электронды форматта іс жүргізу жүйесі азаматтардың қылмыстық құқық
бұзушылық туралы шағымдары мен хабарламары тіркелгеннен бастап жүзеге асатын болады.
2017 жылы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қылмыстық істі құжат жүзінде және электронды форматта тергеп-
тексеру тәртібін реттейтін түзетулер енгізілді. “Электронды қылмыстық іс” жүйесі осыған байланысты әзірленді.
Электронды іс – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің электронды форматындағы бір немесе
бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізетін жеке іс.
“Электронды қылмыстық іс” бағдарламасы қылмыстық процестің – қылмысты тіркеу, тергеу барысы және үкімді
орындау кезеңдерін қамтиды.
“
Электронды қылмыстық іс” жүйесінің артықшылықтары:
–
қылмыстық процестің ашықтығы;
–
бұрмалау мүмкіндіктерін азайту;
–
қылмыстық істердің жоғалуын болдырмау;
–
тергеу уақытын қысқарту;
–
жүйелі ведомстволық бақылау және прокурорлық қадағалау мүмкіндігі (online қолжетімділік);
–
қылмыстық процеске қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою.
2021 жылы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық тергеушілер
тиісті компьютерлік техникамен жабдықталды.
Мәліметтер базасына кіру биометриялық датчик (тергеушінің саусақ ізі) арқылы жүзеге асады. Тергеу шарасына
қатысушылар графикалық планшетте арнайы қаламмен (стилуспен) хаттамаға қол қояды. Процессор екі монитормен
жабдықталған (тергеуге қатысушылардың мәтінді бір мезгілде теріп, түзетуіне мүмкіндік бар).
2018 жылы Қазақстанда электронды форматта 15 000 қылмыстық іске тергеу жүргізілді. Ол жалпы қылмыстық
істің 4,8%-ын құрайды. 2019 жылы – 71 600 қылмыстық іс (19,6%), 2020 жылы – 115 000 (50%), 2021 жылы – 171 000
(80,8%) тергелді. 2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша электронды форматта 12 000
қылмыстық іс
(87,7%) тергелді.
Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану, басқа да процестік
әрекеттерді жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын шектеу немесе одан айыру мүмкіндігімен байланысты болып
келеді. Сондықтан, заң оларды жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін және қаулыларда,
хаттамаларда және басқа
тергеу процедуралық құжаттарында бекітуді егжей-тегжейлі реттейді, яғни біз осы кезеңге тән нақты процедуралық
форма туралы білеміз.Қылмыстарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тергеушілердің және жасырын тергеу іздестіру
әрекеттерінің көпшілігін тергеуші жеке өзі немесе оның бастамасы бойынша жүргізілетіні көпшілікке мәлім. Бірақ та
бұл жағдайлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Қылмыстық істі әрі қарай шұғыл түрде алып кетуге, оны
ашуға интернет желісінің де пайдасы басымырақ. Интернет желісі немесе электронды түрде іс-құжаттармен жұмыс
жасаудың қазіргі таңда дамып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Электрондық құжаттарды құжаттың нөмірі мен жіберілген
күні бойынша оңай табуға болады.Электрондық құжат айналымының артықшылықтары бүгінде оның көптеген
кәсіпорындарда енгізілуіне әкеледі. Цифрлық технологиялардың дамуына қарай оны қолдану аясы да кеңеюде.
Қазір
электронды келісімшарттар бар, олар әдеттегі қағаздардан кем емес, қолдары мен мөрлері бар.Электрондық құжат
айналымы тек органдардың ішінде ғана пайдаланылмайды, сондай-ақ салық және бухгалтерлік есеп құжаттары да
электрондық түрде ресімделеді. Сонымен қатар жұмыстың әрдайым жаңа принциптеріне көшу оңай бола бермейді.
Қажетті бағдарламалық жасақтаманы сатып алу және
орнату қажеттілігінен басқа, қызметкерлерді қайта даярлау
қажеттілігінде ұмытпаған жөн. Құпиялылық мәселесі туындайды: құпия деректерді оған қол жеткізе алмайтын
қызметкер, оны немесе хакер көре алады. Алайда, қағаз құжат айналымы да бұл тұрғыда мінсіз емес: маңызды
қағаздарды шкафтар мен сейфтерде сақтау олардың ұрлануына немесе жоғалуына жол бермейді. Және де кемшіліктерін
ескеріп көрсек, бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға және орнатуға қаражат пен уақыт жұмсау қажет;
қызметкерлерді жүйені қолдануға үйрету және өте ауыр өтпелі кезеңнен өту қажет; қауіпсіздік бөлек мәселесі болады;
рұқсат беру деңгейлерін реттеңіз, электрондық қолтаңбаларды жасаңыз-мұның бәрі уақытты және қайтадан қаржылық
салымдарды қажет етеді.
Электронды түрде жұмыс жасаудың кемшіліктерін қана көрмей, оның жағымды
жақтарын қарастырып көрген
жөн. Мысалға: бұл іс-қағаздарды үнемі көтеріп, бірге алып жүрудің қажеттігі жоқ екенін, ақпараттарды жылдам әрі
толық алуға мүмкіншіліктер басым болуында, бұл да қаражатты үнемдеудің бір жақсы жері десемде болар еді. Уақытша
ресурстардың сақталуы. Құжаттың электрондық түрі әрбір қызметкерге олардың орналасқан жеріне қарамастан санаулы
секундтарда түседі. Қажетті ақпараттарды бір-бірімізбен жылдам алмаса отырып, уақытымызды үнемдеуге өз пайдасын
тигізері анық.
Еліміздің тыныштығы үшін ең алдымен әрине халқымыздың амандығы мен келесі сатыда ішкі істер
органдарының біліктілігі мен адал елге қызмет көрсетуі. Олардың барынша заманға сай жағдайлармен қамтамасыз етіп,
тыныштығымыздан асқан бақыт жоқ екені бәрімізге мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: