280
ескермейтін сияқты. Бұл орайда, «іс жүзіндегі де және қисыны бойынша да қылмыстар жазаның алдында тұрады: жаза
туралы мәселе көтерілмес бұрын, алдымен қылмыстық әрекет істелуі керек. Шын мәнінде, бүкіл жаза жүйесі істелген
қылмыстармен күрес шаралары жүйесі ретінде қызметтік рөл атқарады, егер бұл орайда басымдылық жөнінде сөз
қозғайтын болсақ, онда басымдылық жазаның емес қылмыстық үлесіне тиеді. Бірақ бұл,
қылмыс пен жазаның өзара
бағыныштылығын жоққа шығару болып табылмайды. «Жазасыз қылмыс ұғымы және сол сияқты қылмыссыз
қылмыстық жаза болуы мүмкін емес», деген ғылыми көзқараспен толығымен келісуге болады.[2]
Тәжірбиелік қызметкерлердің пікірі бойынша заңнаманың адамгершіліктенуі (гуманизациялануы) жас
өспірімдер арасында қылмыстылықтың өсуінің негізгі факторларының бірі болды. Бүгінгі жас өспірімдер олардың
күнделікті өміріндегі болып жатқан фактілерге сүйеніп өздері үшін келесі қортындылар жасады:
«мен кәмелетке толмағанмын, бұл мені қамауға алмайды дегенді білдіреді»;
«жәбірленушімен ақша арқылы келісуге болады»;
«шартты мерзім» -бұл оңай, мен үйде боламын, көп болса бір рет «белгіленуге» барып келермін;
«мен кәмелетке толмағанмын», маған ескерту мен алдан алу әңгімелерінен басқа ештеңе қолданбайды.
Қорыта келгенде, атап кеткім келетіні, халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының маңызын күшейту
бойынша саясатты жүргізу және осыған байланысты заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес гуманизация жағына
қарай өзгерту, менің көзқарасым бойынша қылмыстылықтың өсуіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ортасында
криминалдық жағдайдың нашарлауына алып келді.
Нарық қатынастарыніың пайда болуы өмірдің
барлық саласында көрініс тапты, бұл құндылықтардың,
дүниетанымның, адамгершіліктің өзгеруіне алып келді. Тәжірбие көрсеткендей, қазіргі уақытта азаматтар құқық қорғау
органдарына көбінесе жүгіну себебі болып, кінәліні заңға тарту үшін емес, онымен келтірілген залалдың орнын толтыру
болып табылады. Нәтижесінде, жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабы) кінәлі кәмелетке толмаған
тұлғаның жауапкершілігі (кішігірім немеме ауырлығы қылмыстыр орташа үшін) аяқталады, бұл өз кезегінде соңғымен
құқықа қарсы қызметті жалғастыруға түрткі болады.[1]
Тікелей заңды фактілердің өздерін ескермей, тәжірбиеге негізделетін болсақ, пайда болған жағдайдағы ең
қолайлы шешім кінәлі тұлғамен қылмыстық жауаптылықты тартпау жағдайларын кішірейту және идеалында
болдырмау мақсатымен, кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамадағы қатаңдықты күшейту.
Жазаның болмай қоймайтындығы құқықбұзушылармен күрес үшін ғана емес, тұтасымен заңдылықты күшейту,
заңға деген
құрметін тәрбиелеу, адамдардың барлығында құқықтық бұйрықтың орындау әдетін тәрбиелеу үшін қажет.
Осылай бұл құбылыстың табиғатын талдағанша, жасалған фактіні қарастыру оңай. Бұл ерекше интеллектуалдық
күш салуды талап етпейді, яғни тәжірбиелік қызметкерлердің көбіне (кәмелетке толмағандар істері бойынша
бөлімшелер, құқыққорғаушы және сот органдары) ыңғайлы. Біздің пікірімізше, бұл жас өспірімдермен, яғни кәмелетке
толмаған құқықбұзушылармен жұмыс барысында мұндай әдіс қандай нақты салдарларды әкелетіндігін бағалай алматын
жартылай кәсіби немесе кездейсоқ адамдардың жұмыс істеуі нәтижесінде болады. Жеке тұлға қалыптасатын алғашқы
кезеңдерде түзетуді жүргізбесе, яғни оның санасын, дүниетанымын, өмірге қатынасын түзетуді жүргізбесе, бұл тек қана
кәмелетке толмағандар арасында ғана емес, тұтасымен қылмыстылықтың өсуіне алып келеді (өйткені балалар өсіп
ересектерге айналады).
Достарыңызбен бөлісу: