Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет55/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Поляк Т, Б., Стерлин Е, А. Организация и планирование ткацкого производства. М., 2011г. 
1. 
Мырхалықов Ж.Ү., Тоғатаев Т.Ү., Байжанова С.Б. Тоқымаматериалдарыменбұйымдарыныңқасиеттерінжобалау / 
Оқулық. – Шымкент: НұрлыБейне, 2012. – 324 бет. 
2. 
Сурнина Н.Ф., Мартынова А.А. Технология и оборудование ткацкого производства. - М.: Легкая и пищевая 
промышленность, 2011г. 
3. 
Додонкин Ю.В. и др. Ассортимент свойства и оценка качества тканей. М.: Легкая и пищевая промышленность 2009г. 
ӘОЖ664.8 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫ СУСЫНДАР ӨНДІРІСІНДЕ КӨКӨНІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ 
 
Лесбек Ш.Е., Утегенова А.С. – ЖТ-18-2к1 тобының студенттері 
Утебаева А.А. – PhD
Әлем халқының туу деңгейінің жоғарылауы, күнделікті үйлесімді тамақтанудың жетіспеушілігі және қоршаған 
орта экологиясының нашарлауы секілді өзекті мәселелердің салдары – адам денсаулығы үшін пайдалы жаңа 
функционалды тамақ өнімдерін дамытудың маңыздылығын көрсетеді. 
Дұрыс және үйлесімді тамақтану ағзаның физикалық күйін жақсартуға, өнімділікті сақтауға, ерте қартаймауға, өмір 
сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі. Бұл адам ағзасына әсер ететін көптеген қолайсыз факторлармен: жеткіліксіз 
физикалық белсенділік, төменқозғалғыштық (гипокинезия), артық салмақ, анемия, әртүрлі интоксикация, стресс, нейро-
эмоционалды стресстің жоғарылауы және т. б. күресуде маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар, жыл сайын сапалы және табиғи шырындарға сұраныс артып келеді. Өмір сүру деңгейінің 
жоғарылауымен көптеген адамдар денсаулығына көбірек көңіл бөле бастады және күнделікті тамақтануда табиғи 
ингредиенттерден дайындалған өнімдерді қолдана бастады. 
Сондай-ақ, соңғы онжылдықта Қазақстанда жыл сайын экологиялық таза тамақ өнімдеріне тұтынушылық сұраныстың 
өсіп келе жатқанын атап өтуге болады. Шырын өнімдеріне сұраныс ірі қалалардағы өмірдің зиянды факторларының әсерін 
бейтараптандыру, сондай-ақ ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігін толтыру қажеттілігіне байланысты өседі деп болжануда. 
Еуропада және басқа дамыған елдерде тұтынушылар тек 100% шырындар мен балшырындарды, сондай-ақ 
денсаулыққа пайдалы функционалды шырындар мен сусындарды тұтынғанды жөн көреді. Осылайша, тұтыну 
нарығында дәрумендер, минералдар мен функционалды қоспаларға бай шырындар мен сусындарғасұраныс артады. 
Осыған байланысты табиғи көкөністерден функционалды шырындар мен сусындардың жаңа рецептураларын 
әзірлеу түрлі аурулардың алдын алуда перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Осындай емдік және 
профилактикалық қасиетке ие көкеністерге қызылша, сәбіз секілді көкөністерді жатқызуға болады. 
Қызылша тамақтану үшін маңызды көмірсулар, ақуыздар, дәрумендер, минералды элементтер және т.б.заттардан 
тұрады. Қызылшаның қарқынды қызыл түсіне жауап беретін беталаиндер тамақ өнеркәсібінде табиғи бояғыш ретінде 
қолданылады, сонымен қатар оның антиоксиданттық қасиеті және қабынуға қарсы белсенділігі адам денсаулығы үшін 
маңызы зор. Қызылша құрамында минералды тұздар – калий, фосфор, кальций, натрий; микроэлементтер – темір, 
марганец, магний, бор, йод және т.б. бар, В тобы дәрумендері, Р, PP және С дәрумендері бар. Қант (8-12 %) қызылша 
көмірсуларының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады . Қызылша құрамында 3…5 % органикалық қышқылдар 
кездеседі.


65 
1-
кесте. 100 г қызылшаның тағамдық құндылығы[1]. 
Су 
87,5 г 
Энергетикалық құндылық 
43 ккал 
Май 
0,17 г 
Ақуыз 
1,61 г 
Көмірсулар 
9,56 г 
Тағамдық талшық 
2,8 г 
Калий 
325 мг 
Натрий 
78 мг 
Кальций 
16 мг 
Магний 
23 мг 
Темір 
0,80 мг 
Мырыш 
0,35 мг 
С дәрумені 
4,9 мг` 
В2 дәрумені 
0,040 мг 
B6 
дәрумені 
0,067 мг 
Е дәрумені 
0,300 мг 
Ниацин 
0,334 мг 
Қызылша шырыны денсаулыққа пайдалы, ол жаман холестерин деңгейін төмендетіп денедегі сау LDL 
холестерин деңгейін көтеру қабілетіне ие. 
Сонымен қатар, қызылша құрамындағы бетацианиннің терең қызыл пигменті күшті антиоксидант болып 
табылады және ол қатерлі ісіктің бірнеше түрінен қорғайды. 
Қызылша организмде оңай сіңетін темірге бай. Ол гемоглобин түзіп қанды тазартады. Қызылша құрамындағы 
дәрумендер мен минералдардың көптігі жүрек ауруынан қорғайды. 
Сәбізде А провитаминіне (бета-каротин) бай (100 г өнімге 25 мг дейін) көкөніс. β-каротин провитамин А түрінде 
де, және организмнің қайта өңдеу өнімі - А дәрумені ретінде де маңызға ие. А дәрумені деп ретинол (А1), 
дегидроретинол (А2), ретиноин қышқылы, ретинол (А 1 белсенді формасы) секілді заттардың тобын түсіну керек. 
Провитамин А ас қорыту процесін белсендіреді және жақсартады, иммуностимуляторлық әсерге ие, адамның жүрек-
тамыр жүйесін нығайтады және қалыпқа келтіреді, бұлшықет пен сүйек тіндерінің өсуін жақсартады, асқазан-ішек 
жолына оң әсер етеді. 
Сәбіз құрамында көптеген минералдар: магний, калий, натрий, кальций, мырыш, темір бар, сонымен қатар В, С, Е, және К 
дәрумендерге бай. Сәбіздің калория мөлшері төмен – 100 г өнім тек 35 ккал. 100 г құрамында: 0,1 г май, 1,3 г ақуыз, 6,9 г 
көмірсулар бар [2]. 
Бұл шолуда қызылша мен сәбіз көкөністерінің дәрумендер мен минералдардың өте жақсы көзі екені анық 
көрінеді.Қызылша мен сәбіз көкөністерінде ағзаға пайдалы минералды заттар мен дәрумендерден басқа жоғары 
антиоксиданттық қосылыстар бар, бұл олардыфункциональды тамақ өнімдерін, атап айтқанда шырын, осы көкөністер 
негізінде жасалған түрлі сусындарды нәрлендіру және де тағамдық құндылығын арттыруүшін қарқынды түрде 
пайдалануға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет