Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет73/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Үлбір - үй интерьерінде
Қазіргі уақытта үлбірлік бұйымдарды үй интерьері ретінде пайдалану өте өзекті. Осы күнделікті киілетін киім 
дайындауға арналған үлбір жартылай фабрикатын да заманауи әрлеу, негізінен, сән әлемінің тенденцияларына сәйкес 
түстік және декоративтік әсерлерінің жаңа әрлеу формаларын құрудан тұрады. Маркетингтік зерттеу нәтижесіне 
сүйенсек, шетелдік бұйымдардың көпшілігі отандықтан сыртқы әрленуі және дизайны жағынан алғанда, асып түсіп 
жатады. 
Үлбірді әртүрлі түске бояйды, оның түкті жабынының құрылымын өзгертеді, қырқады, түгін тереді, одан жастық 
және басқа да бұйымдарды өреді. Нәтижесінде үлбір орталықтандырылған түсінікке ие болады-ол түрінің белгісімен 
емес, түгінің ұзындығымен, түсімен және жұмсақтығымен өзгешеленетін болды. Үлбір кілемдері тұрмыста жүннен 
дайындалған кілемді ығыстырып және жануар терісіне мүлдем ұқсамайтын тік формалы болып жатқаны қызықты. Қой 
терісі клемдік материал ретінде кең қолданысқа ие. Қүзен мен қоян терісі плед пен жастық дайындау үшін 
пайдаланылады. Одан бөлек, қаракөл елтірісі мен қаракөлшені интерьерде қолдана бастады. Оларды жұмсақ жиhаз бен 
қабырғаны қаптау үшін пайдаланады.Осыған орай бұндай үлбірлік жартылай фабрикатқа қыртыстануға, үйкеліске, 
ұйысуға, құрғақ және сулы қажалуға тұрақтылық сияқты талаптар да қойылады. Аталмыш үлбірлік бұйымдарының 
гипоаллергендігіне соңғы көрсеткіштерінің жоғары деңгейі кепілдік береді. 
Автомобиль салонын қаптауға арналған үлбірлік жартылай фабрикат 
Автомобиль салонында қалыпты температура мен ылғалдылықты ұстап тұрумен қатар, ауаны шаңнан, күиеден, 
газ тәрізді заттардан тазартып отыру керектігі белгілі. Газтәрізді заттардың сипаттамасы мен адамға тигізетін әсері 
жұмыста көрсетілген [2]. 
Бұлардан басқа, ластағыштардың арасында былғары және үлбір өндірісінің материалдарында да кездесуі мүмкін 
лактар, бояулар және фенолформальдегид шайырлары көрсетілген. Автомобиль салонын қаптауға арналған үлбірлік 
жартылай фабрикатқа қойылатын талап туралы ақпараттың болмауының салдарынан, аталмыш мақсаттағы былғары 
жартылайфабрикатының ерекшелігі жайындағы көрсеткіштерге біздің тарапымыздан талдау жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет