274
ӘОЖ 343.3
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ
Тұрсынбек Б. – ЮМ-20-9к тобының студенті
Сарыкулов Қ.Р. – з.ғ.к.,
доцент
Қылмыспен күресудің бірден-бір құралы қылмыстық заң болып табылады.Қылмыстыққұқық нормаларының
көмегімен адам мен азаматтың құқықтары,бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен
заңдымүдделері, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта,
Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, қылмыстық
қолсұғушылықтан және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау міндеттеріжүзеге асырылады. Ал, кең көлемде
алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты - қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады. Бұл
міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылықнегіздері белгіленеді, жеке адам,
қоғам немесе
мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен
өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлігі бір-
бірімен тығыз байланыстажәне олар Қазақстан Республикасының бірыңғай саласын құрайды. Қылмыстық құқықтың
Ерекше бөлігі - қылмыс болып табылатын қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен шеңберін және оларды жасағаны үшін
тағайындалатын жазалардың түрлері мен шектерін айқындайтын белгіленген қылмыстық заң нормаларының
жиынтығынан тұрады. Демек, Жалпы бөлік қылмыстық құқық институты мен қағидаларының жалпы ережелерін
бекітсе, Ерекше бөлік нақты қылмыс түрлерін
қарастырып, жасалынған қылмысқа қолданылатын жазаны көрсетеді.
Жалпы және Ерекше бөліктің бірлігі олардың алға қойған мақсатында, себебі олар мемлекетті, қоғамды, адамның жеке
басын қылмыстық қиянат жасаушылардан қорғайды [1].
Сонымен қатар қылмыстық құқықтық Ерекше бөліктің нормалары Жалпы бөліктің нормаларын қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Ерекше бөліктегі нақты нормаларды қолданғанда Жалпы бөлікнің ережелері мен институттары
негізгі басшылыққа алынады. Сол сияқты жаза тағайындау барысында жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де сот
қылмыстық кодекстің Жалпы бөлікінің осы жағдайларға арналған тиісті нормаларына жүгінеді. Қылмыстық құқық
ғылымының Ерекше бөлігінің негізгі міндеттері – Қылмыстық заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, күші бар
зандарға жүйелі түрде талдау жасап, тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндеттерді жүзегеасыру үшін дамыған
өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын,
олардың қылмыстық құқықтық
ілімдерін терең талдап, Қазақстан Республикасы қылмыстықзаңдарымен салыстырмалы тұрғыда қарастырып, кешендік
зерттеулер жүргізіп тұру қажет.
Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру үшін қылмыстық құқық пәнінің Ерекше бөлігінің мәні зор.
Қылмыстық кодекстің 3-бабында: "Қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері
бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады",- делінген [2]
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігі мейлінше толық, нақты қылмыстардың түрлері мен негізгі белгілерін
қамтиды. Сондықтан сот және тергеу органдарының қызметкерлері тұлғаның істеген қылмыстық іс-әрекетінде
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлікінде көрсетілген баптың қылмыс құрамының толық белгілерін анықтау міндетті.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамының элементтеріне сипаттама беру мына төмендегіше жүзеге асады:
қылмыс объектісі
және оның объективтік жағы, қылмыстың субъективтік жағы және оның субъектісі. Қылмыс
құрамының объектісіне талдау жасау барысында топтық және тікелей объектісін анықтау керек. Егер қосымша объект
болса, ол да анықталуға тиіс. Қажетті жағдайда қылмыстың затын да анықтау қажет. Қылмыс құрамының объективтік
жағына талдау барысында оның мағынасы мен қажетті белгілерін анықтаумен қатар, қылмыс құрамының түрлерін де
анықтау керек. Айталық, егер қылмыс құрамы материалды болса, оның объективтік жағының қажетті үш белгісін де
ашып түсіндіру қажет (қоғамға
қауіпті іс- әрекет, одан түскен зардап және олардың арасындағы себептік байланыс).
Мысалы ҚК-тің 99-бабы бойынша кісі өлтіру барысында кісі өлтіруге бағытталған құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет пен
одан түскен кісі өлімі және олардың арасындағы себептік байланыс [3].
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі заңдылық пен құқықтық тәртіпті ұдайы нығайтуды,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің конституциялық құрылысын берік қорғауды талап етеді.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қылмыстылық сияқты әлеуметтік індетпен ымырасыз күрес жүргізуді
ұйғарады. Мемлекет қылмыстылықпен күресте әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және басқа да
шаралардың бүкіл кешенін пайдаланады. Құқықтың басымды және дербес салаларының бірі қылмыстық құқық болып
табылады. Ол құқықтың басқа салаларынан ерекшеленіп, өзінің айырықша міндеттеріне, өзінің пәні мен өзінің реттеу
әдістеріне ие болады. Сонымен бірге қылмыстық құқық осы жүйеде құқықтың негізгі қағидалары тән болатын құқықтың
жалпы мемлекеттік жүйесіне енеді.
Қылмыстық құқықтың негізі құқықтың барлық саласы сияқты тұлғалардың,
қоғам мен мемлекеттің заңды
құқықтары мен мүдделерін қол сұғушылықтан қорғайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады
мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 15-бабында «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы
жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар, немесе 13-бабында «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуға
құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қосаалғанда, заңға қайшы келмейтін
барлық тәсілдермен қорғауға қақылылы». Сол сияқты осы тектес нормалары да бар (2,3,4,5 және т.б. баптары) [4].
Қоғамдық қатынас ерекшеліктеріне қарай құқық жүйесі бірқатар салаларға бөлінеді.
Құқықтың әрбір саласы
сапалық жағынан өзгешеліктері бар ерекше қоғамдық қатынас түрлерін реттейді. 3-шілде 2014 жылы қабылданып, 1-
қаңтар 2015 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі қоғамның осы маңызды құндылықтарын
заңға қайшы қол сұғушылықтардан қорғайтын маңызды нормативтік құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: