103
ӘОЖ 677:391 (574)
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМ БҰЙЫМЫНЫҢ
ЖОБАЛАУ-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫН ЖАСАУ
Тұрғара Н.Н. – ЖТ – 18 – 1к2 студенті
Сүлейменова Т.Н. –т.ғ.к.,
доцент
Қазақ қыздар үшін бас киім кию міндетті болмаған, бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай бас киімді кигендері
байқалады.
Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың "скуфьясы" үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп
ерекшелігі болмаған. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да
әртүрлі моншақтармен, күміс
теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар
немесе тұмар ретінде үкі тағылған.
Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді
маталардан қабаттап сырып тіккен.
Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға"
тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс,, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек
қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше
ұнатып киетін баскиімі болған.
Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп атайды.па, жақ алқа тәрізді
тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады.
Қыздар кепеші - Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалған. Ою-өрнектердің қай
түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне
торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады.(Халел. Н.Ұлттық мирас).
Сораба - қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар,
қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге
ұқсас солардың элементтерін
қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін "ырымдап" кигізеді. Содан да: "Қыздар киер сораба, салбыратып
шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын", - деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі.
Жырға - әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп
салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ,
шұбырт
Бөрік - аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген,
ерлер
де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі.
Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады.
Қазақта бөріктің әр руға тән өзіндік үлгілері болған. Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтар да
бөрік киген. Ол халықтарда тебетей //төбетей аталатын бас киімі туралы сөздіктерде Даль "татарская ермолка" десе, Дмитриев
"шығыс қалпағы", Қ.Жұбанов " төбе-верх, голова+тей-суффикс" дейді. В.В. Радлов : "Татар: түбәтәй, түбә-верхушка" деп
дәлелдейді.(Опыт словаря тюркских наречии.) Бұл турасында тілші Ә.Алмауытова: "Уәждділік негізінен туынды сөздерге тән
болғандықтан, тебетей туынды сөзінің уәжі адамның бұл киімді төбесіне киетін қызметімен байланысты сияқты", - дейді.
Қазақтың жар-жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында айтатын:
Бөркім, бөркім, бөркім-ай!
Басыма киген көркім-ай!
Ерте жатып,
кеш тұрған,
Үйдегі менің еркім-ай! - деген
жолдардан бөрікті тұрмыс құрмаған қыздар да кигендігін байқатады.
Қыздарға арналған бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып, тігіледі.
Жиегін қымбат бағалы аң және мал терілерімен көмкереді. Соған сай ерекше бағаланатын ерекше кәмшат бөрік, құндыз бөрік,
жанат бөрік, қарсақ бөрік,
сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік және оқалы бөрік, деп аталатын түрлері ертеректе әркімнің
ұнатып киетін баскиімі болғанға ұқсайды.
Сурет 1. Бас киім
104
Бөріктің жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтай қызыл бөрік,
қамқа бөрік, қазақы бөрік,
қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік,
сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. түрлері бар.
Әйелдер бас киімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Сәукелені қалыңдықтар, жас келіншектер киген. Екі
бөліктен тұрады. Төбесі 2, 5см биік конус тәрізді, жиегі бағалы аң терісімен жұрындалған. Қасаба тақия тәрізді желкелігі ұзын
қасабаны қас сұлулар киген.Кимешекті егде жастағы әйелдер киген., бет жақтау кестеленеді,
тазалыққа, жылылыққа жақсы.
Сәукеле екі бөліктен тұрады: басқа киетін бөлігі астар салынып, сырылған, биіктігі 25 сантиметрдей конус тәрізді, кейде оған
маңдайлық және желкелік тігіледі. Сыртқа қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл маталармен қапталады. Сәукеленің басты
құрамды бөлігі – жеңіл матадан жасалған желек. Ол сәукеленің ұшар басына бекітіледі. Ертеректе оны ақ желектен жасап,
кестемен өрнектеген. Сәукеле ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, ол әйелдерден гөрі қалыңдықтың тойға киетін бас киіміне
айналды. Тақия екі бөліктен тұрады, төбесі және басқа тиіп тұратын бөлігі, жиегі. Тақия 4, 6, 8 сай болып тігіледі. Үстіңгі және
астары жеке - жеке пішіліп тігіледі де, біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: