«Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінің



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі463.5 Kb.
#124664
1   2   3   4   5   6

Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.

Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.

Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.

4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.



ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.



Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:


    1. Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?

    2. Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?

    3. Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?

    4. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі?

    5. Зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?

    6. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.

3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.

4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.

5. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.



ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж


Тақырып 3: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі. (3 сағ.)
Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.

Жоспар:


  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

  2. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

  3. Проблеманы қою және дамыту

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.

Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.

Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:



  • ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;

  • жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;

  • тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;

  • ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

  • ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.

Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.



  1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.

Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:



  • Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).

  • Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).

  • Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);

  • Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).

  • Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).

  • Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).

Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».

Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.

Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп


ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.

Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).

3. Проблеманы қою және дамыту



1. Проблеманы қою

Қарама – қайшылықтарды тіркеу

Сұрақтар

Ізденіс бағыты және нәтижелері

2. Проблеманы негіздеу

Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау

Негіздер (алғышарттар)

Бейне (нәтиженің жобасы)

3. Проблеманы анықтау

Кішігірім проблемалар, міндеттер

Тақырыппен жұмыс кезеңдері:




  • педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.

  • Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.

  • Нақты пәндік зерттеуді анықтау.

  • Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.

  • Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.

  • Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.

  • Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?

  2. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?

  3. Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?

  4. Проблеманы қою және дамыту мәселелері?

Пайдаланылған әдебиеттер:

ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі



  1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2

  3. Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. - Қазақстан мектебі. 2009. -№12. (61-64 бет).

  4. Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005.

  5. Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002

.

Тақырып 4: Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау. (3 сағ.)
Мақсаты: Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен жұым істеу тәсілдері жайлы, библиографиялық деректер көзі мен ғылыми мәтін жайлы жалпы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

  2. Әдеби көздердің библиографиялық деректері.

  3. Ғылыми мәтін.

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.


ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

2. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері...» [ 5 ].



Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.

  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.

  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;

  • абзац болу керек;

  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;

  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;




ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі




  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты- жөні,

мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.


  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

3. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

  • зерттеу объектісі, заты

  • гипотезасы

  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;

  • эксперимент әдісі;

  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;

  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

Жетекшінің пікірі.

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.

Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия — белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні,



ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.

Рецензияның көлемі әр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.

Рецензияның түрлері

Рецензия әр түрлі жағдайда, әр түрлі затқа байланысты жазылатындықтан оның түр-түрі болады. Мысалы: Тұтынушының рецензиясы, саудасаласындағы рецензия, өнер саласындағы (ән-күй, концерт, т.б.) рецензия, сауда-саттық өнімдеріне қатысты рецензия, әдеби туындыларға қатысты рецензия, газет-журналдардағы мақалаларға қатысты рецензия және арнайы мамандар беретін сараптамалық-салыстырмалық рецензия.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:



    1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?

    2. Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?

    3. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.

    4. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.

    5. Ғылыми мәтіндерге не жатады.

    6. Аннотация дегеніміз не?

    7. Рецензия дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.

3. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

4. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

Тақырып 5 : Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі. (3 сағ.)
Мақсаты: Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы, зерттеу пәні, зерттеу объектілері жайлы ақпар беру.

Жоспар


1. Зерттеу пәнін анықтау.

2.Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.


1. Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:

  • зерттеу объектісін және пәнін

  • ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі




  • оларды шешу реттілігін

  • қолданылатын әдістерді

Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:

А) эмпирикалық

Б) теориялық

Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.

Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.

Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.

Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:

Бірінші сатысы – бұл фактілерді алу және табу процесі

Екінші сатысы – олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):


  • ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;

  • әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.

Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:

А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;

Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;

В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;

Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;

Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды

Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.

2. Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.

Ол құбылыс түсіндірмелерімен, заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен, фактінің терең анализімен байланысты.

Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады, осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары, әрекет принциптері өңделеді.



ПОӘК 042-18.30.1.19.03-2014

03.09.2014 №2 басылым

57 беттің -сі

Периодты заңды бірінші ашқан ұлы Менделеев ғылымми зерттеу тапсырмалары туралы былай айтты:

«Үйрену - бұл»:

А) жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгіліні үйренуге қатысын білу;

Б) өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу;

В) сандық және сондай – ақ сапалық мәліметтерді қолданып, белгілі жүйеде үйретудің орнын анықтау;

Г) заңды табу

Д) үйретілетін оқиғалар арасында себептік байланыс болжамдарын құрастыру;

Е) гипотезхаларды тәжірибеде тексеру;

Ж) үйренудің теориясын құрастыру.

Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезең арасындағы байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:



    1. Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?

    2. Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?

    3. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?

    4. Теориялық кезеңнің қызметі?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2

  3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.

  4. Методология педагогических исследований ( Под ред.Г.А.Пискунова,Г.В.Воробьева). – М.,1980.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет