Ғылыми жетекші: Тілеуберді Қиззат Ғылыми кеңесшісі: Жұмақаева Береке



бет4/4
Дата14.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#464796
1   2   3   4
Мади Ибраһим

Жалпы қатысқандар- 23
Өзекті дегендер- 12
Өзекті емес дегендер- 9
Бейтарап- 2
Абайдың жігітке қойған талабы бүгінде өзектіме?
52%
32%
9%
Қорытынды:
Жігіт - өткен күннен бері қоғамның қозғаушы күші, ең үлгілі қасиеттерді бойына сіңірген тұлға. Жігіт қашанда қоғамға оң әрекетімен пайдасын тигізуі тиіс. Заман өзгерген сайын қоғамда жігіттердің де бейнесі ауысып келеді. Тіпті, түгел халық жігіт ұғымын, оның бейнесін ұмыта бастағаны байқалады. Бұл қателікті түзеу үшін адамдар Абай шығармаларындағы жігіттің келбетін саралай білуі тиіс. Ертеден бері бұл жерді сақтаған өткен замандағы жігіттердің ерлігі, ал сол жерді жаңа заман ерлері сақтап тұра алады ма? Әр күн сайын біздің қоғам белгілі бір бағытта дамып келеді бірақ сол бағытта жігіттер көбінесе өздерін жоғалтып алуда. Бұл тұрғыда жігіт өзін жоғалтып алмас үшін Абай ұсынған толық адам ілімін талдап бойына сіңіруі қажет. Ыстық қайраты, жылы жүрегі, нұрлы ақылы бар жігіт қоғамның қилы соқпағында өзін жоғалтуы мүмкін емес. Соқпағы көп заманда, жаһандық даму кезеңінде түгел тарихымен жоғалып кетіп жатқан халықтар да бар. Оның ең басты себебі елім деп еміренер ер болмағандықтан. Бұның алдын алу үшін Абай айтқан міндерден: ұлтқа деген жалған махаббаттан, уайымсыз салғырттықтан, ойыншыл күлкішілдіктен, арсыздықтан, ұялмастықтан, еріншектіктен, тұрақсыздықтан т.б кеселдерден аулақ болу керек және керісінше жігіт ұлтжандылықты, үш сүюді, талапты, мінезді, ар-ұятты, еңбекті, білім-ғылымды, ұлттық тарихты бойына сіңіруі тиіс. Абай пайымдауын зерттей келе осындай талаптарды бойына сіңірген жігіт ғана елін кесапат құрдымнан сақтап қалады. Бала жастайынан нағыз жігіт бейнесін қалыптастыру үшін ата-ана оған үлгілі қасиеттерді көрсете білуі тиіс. Себебі бала ата-ананың сөзінен емес, әрекетінен тәрбие алып өзіндік түйінін шығарады. Демек ата-ана ұл балаға өзінде болмаған нәрсені алып беруі міндет емес, өзі білмеген нәрсені үйретуі міндет. Бүкіл әлем дамыған заманда біздің артта қалуымыз орынсыз. Тек дамыған заманда жігіт өзін жоғалтпауы тиіс. Біздің тараптан ұсыныс ер халықты дамытуға үлес қоссын тек қара басының қамы үшін деп емес қара халықтың қамы үшін деп әрекет етуі керек. Тәрбие бесіктен басталады бүгінгі әрбір ұл бала ертеңгі Қазақстанның тірегі. Сол себепті ертең елдің қорғаны болу үшін бүгін білім заманында аянбай оқу керек. Оған дәлел Абайдың өзі бола алады. Абай жастайынан әжесінің аңыз-әңгімелерін, жыр жинақтарын баяндағанын ұнататын еді. Ал әрбір аңыз-әңгіме астарында тамыры терең тектілік жатары анық. Осының бәрін бойына сіңірген Абай ел игілігі үшін еңбек қызмет көрсеткен текті ұрпақ ұлы болып өсті. Болашақ ел ертеңі жігіттердіғ қолында ақпараттық бәсекелестік заманда жігіт халқын бәсекеге қабілетті етуі шарт. Ал елім деп еміренер ер болмаса ерім деп еміренер ел қайдан болсын. Жігіт өзін түзесе, түгел қоғамды түзейді. Ал қоғам түзелсе Елбасымыз айтқандай "Мәңгілік ел" болу үшін жұмыла біріккеніміз болады. Осы тұғыры биік Мәңгілік ел болу үшін болашаққа бастау ретінде нұрлы жол салатын ол - жігіттер. Ер қандай болса, елі де сондай болмақ. Білімі тоғысып, ақылы асқан ер елін дамыған елдердің қатарына оңай жетелейді. Демек жігіт мойынында жалғыз өзінің тағдыры емес, түгел ұлттың тағдыры тұр. Ұлт ұстазы Хәкім Абайдың туындыларындағы басты идея да осыны қуаттайды деп білеміз.
Ұсыныстар:
  • Балаға жастайынан жігіттік тәрбие беру.
  • Мектеп қабырғаларында ер мұғалімдерін көбейту.
  • Балалардың бойына Абай айтқан қасиеттерді сіңіру.
  • Ер балаларға ұлттық тарихты дәріптеу.
  • Мектептерге «Абайтану» пәнін енгізу.
  • Ел арасындағы ұлттық мәденитетті дәріптеп жүрген тұлғалармен ер балалар арасында сұхбаттар жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет