Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі.
Жас ғалымдар мен студенттердің «Жасталап 2013», «Жасталап 2014» ғылыми жобалар байқауында, «Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіруі: адлғышарттары мен перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық конференциясында (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ) сынақтан өткізілді.
Зерттеу жұмысы тақырыбы шеңберінде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқу үрдісіне енгізілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
1 тарау. Аймақтық экономика дамуының теориялық негіздері
Аймақтар экономикасы - бұл өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуын ел аумағындағы әлеуметтік экономикалық үрдістерді және оның аймақтарын табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым.
Аймақтар экономикасы ғылымы 20- ғасырдың 50-ші жылдары батыста қалыптасты. Бұл ғылымды ұйымдастырушы белгілі ғалым У. Айзарт, ал аймақтық экономика ғылым ретінде дамуына үлес қосқандар: Гранберг, Некрасов, Добрынин, Алаев, Маршлов, Новоселов.
Аймақтар экономикасының зерттеу нысанына елдің әлеуметтік экономикалық жүйесінің аумақтық аспектілері ұлттық экономиканың аумақтарының қызметі олардың өзара байланысы және аймақтарды дамы Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.
Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз - біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Аймақтық экономиканың басты міндеті бұл аймақтардың экономикалық дамуының старттық (ең басындағы) деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу.
Аймақтар экономикасының зерттеу бағыттарының келесілерін ажыратады.
1.Аймақтар экономикасына әсерлі үрдістерді зерттеу –аймақтардағы еңбек бөлінісін, аймақтағы шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастырылуы, экономиканың құрылымдық өзгертілуі, халықаралық байланыс және өндіргіш күштердің жеке аймақтардағы жағдайы.
2.Нарықтық мамандандырылудың аймақтық ресурстарды ұтымды пайдалануына әсер етуі және аймақтық шаруашылық кешендердің қалыптасуы.
3.Басты дамытуға қажетті аймақтарды айқындау.
4.Депрессиялы аймақтарды анықтау және оларды дамыту бағдарламаларын даярлау.
Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.
Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап ететін аймақтар. Проблемалық аймақтар саны тым жоғары болмауы тиіс. Өйткені мемлекеттің олардың барлығын қолдауы тым тиімділігі төмен болады.
Әр түрлі ғылыми аймақтық институттардың мамандары көптеген аймақтарды жіктеуді ойлап тапқан. Олардың ішінде өте жиі қолданылатыны өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ұсынылған әдістері.
Аймақтарды жіктеу әдісі негізгі 3 өлшемді қолданады:
1.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.
2.Даму динамикасы
3.Табиғи географиялық жағдайлары.
Аймақтардың экономикалық дамуын талдау әдістемесі бойынша негізгі 3 типтік проблемалық аймақ ажыратылады;
1.Артта қалған аймақтар
2.Депрессивтік аймақтар
3.Күйзелістік аймақтар.
Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән белгілері бар:
1.Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.
2.Өнеркәсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.
3.Ғылыми-техникалық әлеуеті әлсіз.
4.Даму деңгейі төмен әлеуметтік сферасының болуы.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.
шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
индустриялық дамыған;
агроөнеркәсіптік;
дағдарыстық.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;
отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңатехнология мен техникаларды енгізу және пайдалану,
тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік -экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
өндіріс қарқынының төмендеуі;
халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.
Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістері
Аумақтық шоғырландыру.Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады. Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің алдында аумақтарды сан-салалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын «халықтың экономикалық тығыздығына» бірте-бірте қол жеткізумен «шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін орналастыруға көшу міндеті тұр.Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады.Полярлық даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы инновациялық-индустриялық технологияларға негізделген экономиканы әртараптандыру жатады.
Урбандалу және агломерацияларды қалыптастыру. Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуын базасы ірі қалаларда нақты даму алғышарттарына ие жаңа экономика болуы тиіс. Бұл ел экономикасының басым салаларында жоғары технологиялық өндірістерге бағдарланған кластерлерді қалыптастыруды және дамытуды, урбандалған өңірлерде шоғырландыра отырып көздейді. Агломерациялық даму қалалардың дамуын жандандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Аумақтардың басты ресурстары қаржылық, адами, инновациялық, табиғи-климаттық, мәдени ресурстар шоғырландырылатын агломерацияларды қолдау осыған ықпал етеді. Агломерациялардың дамуын тежеуші факторға - негізгі әлеуеті елдің оңтүстігінде шоғырландырылған адами ресурстардың шектеулі болуы жатады. Инновациялық даму.
2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылату болып табылады.
Инновациялық көшбасшы болу қалаларда шоғырланған басқарушылық инновацияларда да көрінуі тиіс.Отандық және шетелдік инновациялық технологиялар трансферті, білім және ноу-хауды жинақтауға бағытталған ұлттық инновациялық жүйе белсенді дамитын болады. Бизнестің инновациялық белсенділігін қолдаудың жаңа нысандары мен тетіктері дами бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |