4 тарау. Денсаулық сақтаудың адами ресурстарды дамытуға ықпалын зерттеу
Адам дамуының тұжырымдамасы ұзақ жасауды ұзақ жəне салауатты өмір сүру қабілеті тұрғысында түсіндіреді. Адам дамуы туралы бірінші Баяндамада осы ұғым нақ осылай беріледі. Адам əлеуетінің (потенциалының) жан-жақты дамуы үшін бір физикалық ұзақ жасаудың жеткіліксіз екендігі айқын. Оның үстіне, адам санасында ауру күйде ұзақ өмір сүру, дұрысы, бақытсыздық ретінде қаралады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы денсаулыққа “толық рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық жай-күйі” ретінде анықтама береді. Осындай ауқымды жəне адамгершілік түсіндірмемен келіспеу мүмкін емес, бірақ сонымен қатар оның конструктивті емес (сындарсыз) екендігі айқын, өйткені ол сан жағынан бағалауға көнбейтін “аман-саулық” ұғымын мазмұндайды жəне соған қарай оны практикалық медициналық-демографиялық зерттеулерге пайдалану мүмкін емес. Алайда бұл арада мынаған сүйену керек, рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық – денсаулықтың өзара тығыз байланысты ұғымдары.
Денсаулығы мықты адамның денсаулығы нашар адаммен салыстырғанда əлеуметтік сəттілік пен рухани өсу биіктеріне қол жеткізу мүмкіндіктері мол.
Денсаулық пен ұзақ жасау – тек құраушылар, тек салдар ғана емес, сонымен бірге адам дамуының аса маңызды алғышарттары. Мəселен, өндіріс ауқымдарын үздіксіз ұлғайту қоршаған ортаның ластануы сияқты (ауаның, судың, топырақтың, орманның ластануы) келеңсіз салдарларға ұшыратады, ол əр адамның тіршілік əрекетіне теріс ықпалын тигізіп, адам денсаулығы үшін қауіп төндіреді. Денсаулығы нашар адам толық шамада таңдау жасай алмайды, бұл, өз кезегінде, экономикалық өсуді тежейді. Екі жақты байланыстың болуын былайша тұжырымдауға болады (6-кесте):
Кесте 6. Өмір сүру ұзақтығының өсуі, денсаулықты нығайту
Мынадай салдар бар
|
Қажетті жағдай бар
|
индустриялық даму
|
еңбек өнімділігін жəне жалпы алғанда
еңбек тиімділігін, экономиканың прогресін ұлғайту
|
ғылым прогресі (соның ішінде медицинаның)
|
білім деңгейін өсіру, жалпы ғылымның прогресі (оқуға қабілет, ұрпақаралық байланыс, білім жинау)
|
халықтың гигиеналық мəдениетінің жəне жалпы алғанда білім деңгейінің өсуі
|
жалпы бастапқы “теңдік”, соның ішінде еркектер мен əйелдер теңдігі
|
тектік жəне өзге, априорлық, экономикадан тыс теңсіздікті жою
|
нақты таңдау құқығы
|
Кестенің сол жақ бөлігінде тізімделген байланыстар, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы мен денсаулықты нығайтуға оң ықпал жасайтын сыртқы ортаның (экзогендік сипаттағы) əсеріне байланысты себептерді біріктіреді, сол арқылы олар одан арғы экономикалық даму үшін алғышарттар жасайды. Адам дамуы тұжырымдамасы жасалғанға дейін халықтың өлім-жітімін зерттеу адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына ықпал ететін факторлармен ғана шектеліп келді. Жаңа тəсіл қарым-қатынастардағы кері байланыстарға дейін таралынады. Осы көзқарас тұрғысынан кестенің оң жақ бөлігі үлкен қызығушылық туындатады.
Еңбек өнімділігін жəне оның тиімділігін арттыру, бір жағынан, халықтың əл ауқаты мен тұрақты əлеуметтік даму тұрғысында елдегі экономикалық өсуге қол жеткізу үшін қажет. Екінші жағынан, адам – экономиканың бас қозғаушысы.
Ел дамуының перспективалары денсаулық, білімділік деңгейіне, халықтың əл ауқатына тікелей қатысты болады. Барлық дамыған елдердегі əлеуметтік саясаттың негізгі векторы болашаққа, адамға жасалатын инвестициялар болып табылатыны кездейсоқ емес.
Адами капитал құрылымындағы денсаулық капиталының алатын орнын төменде көрсетілген сурет-5тен көре аламыз.
Сурет 5. Адами капитал құрылымындағы денсаулық капиталының орны
Адамның денсаулығы білім алу мен оны одан əрі жетілдірудің маңызды шарты екендігі белгілі. Организм үшін қажет микроэлементтердің ауыз су мен тамақта болмауы, стресс, қолайсыз экологиялық орта адам организміне зиян келтіреді; аштық, шала тамақтану мен көптеген өзге факторлар оқу қабілетін, зердені жəне зейінді төмендетеді. Барлық уақыттарда ұрпақтардың кəсіптік мирасқорлығы, мəдени, моральдық-адамгершілік құндылықтарды аға буыннан жас буынға табыстау бағаланып келді. Келесі ұрпаққа тəжірибені табыстау үшін оны жинақтауға қажет уақыт керек. Іс-əрекетке қабілеттілікті сақтау жағдайларындағы өлім-жітімді азайту осындай трансляция үшін мүмкіндік туғызады.
Денсаулықтың тиімді еңбек ету қабілетімен, жеке жəне қоғамның əл-ауқатын арттырумен байланысы біршама айқын. Денсаулықтың төмен деңгейі экономиканың дамуына кедергі жасайды (өнімсіз еңбек, нашарлаған денсаулықты демеуге жұмсалатын жоғары шығындар, мүгедектерді асырауға жұмсалатын əлеуметтік шығындар үлесінің өсуі).
Жоғары өлім-жітім – пайдаланылмаған еңбек əлеуеті (потенциалы), таңдау құқынан айырылу. Ұрпақтардың жылдам ауысуы кəсіптік биіктерге қол жеткізу үшін қажет уақыт резервін қалдырмайды.
Кез келген ел үшін адам дамуы деңгейіндегі ең елеулі айырмашылықтардың бірі еркектер мен əйелдер арасындағы айырма болып табылады. Еркектер əдетте барлық əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша басып озады. Тек өмір сүру ұзақтығы ғана бұдан өзгеше, өйткені статистика бойынша əйелдер еркектерге қарағанда ұзағырақ жасайды.
Алайда əлемнің түрлі аймақтарында жұмыспен қамтылудағы, табыстар табудағы, білім алудағы, денсаулықтағы, тамақтанудағы жыныстар теңсіздігі, адам дамуы прогресіне демеу болмайды, дұрысы, оны тежеп отырады. Ана денсаулығының нашарлығы келесі ұрпақтың сапалық əлеуетін (потенциалын) төмендетеді.
Өкінішке орай, алкоголь ішудің төмен мəдениеті, жаппай темекі тарту, соның ішінде əйелдер мен жасөспірімдер арасында, нашақорлық, жыныс қатынасы арқылы таралатын аурулар (ЖҚТА – БППП), өз денсаулығын сақтау мəдениетінің жоқтығы халықтың денсаулығын бүлдіруін одан əрі жалғастыруда жəне өмір сүру ұзақтығын көбейтуге теріс ықпал жасайды.
Халық денсаулығының жай-күйін өлшеуге арналған негізгі көрсеткіштер ретінде демографиялық статистика көрсеткіштері қолданылады, олар:
-
нəрестелер өлімі (2-сурет);
-
жалпы өлім-жітім;
-
алдағы өмірдің болжалды ұзақтығы.
Мұны тіркеудің мына жағдайларға байланысты бірқатар ерекшеліктері бар, бір жасқа дейінгі балалар өлімі құрылымында шарананың шетінеуі үлкен мəнге ие.
Нəрестелер өлімі дегеніміз – өмірінің алғашқы жылындағы өлім.
Сурет 6. Нәрестелер өлімінің жіктелімі
Балалар өлімінің деңгейін есептеу кезінде 14 жасқа дейін қайтыс болған балалар назарға алынады, бірақ халықаралық салыстырулар тұсында осы жас 5 жылға дейін төмендейді. Мəселен, балалар өлімінің коэффициентін есептеу кезінде 5 жасқа дейін өмір сүрмеген балалардың саны осы жас аралығындағы сондай балалар санымен салыстырылады.
Туылған кездегі болжамды өмір сүру ұзақтығы Қазақстан Республикасында еркектер, сондай-ақ əйелдер арасында да осы көрсеткіштің төмендеуі жүріп жатқаны көрсетіледі жəне екі жыныс арасындағы болжалды орташа өмір сүру ұзақтығы алшақтығы орта есеппен 11 жасты құрайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ – ВОЗ) Еуропалық аймағындағы экономикалық дамыған елдердегі болжалды орташа өмір сүру ұзақтығы: Біріккен Корольдікте – 77,6 жасты (еркектерде – 75,1 жас жəне əйелдерде – 80 жас), Францияда – 78,9 жасты (еркектерде – 75 жас жəне əйелдерде – 82,7 жас), Швецияда – 79,6 жасты (еркектерде – 77 жас жəне əйелдерде – 82,2 жас), Германияда – 78,1 жасты (еркектерде – 74,9 жас жəне əйелдерде – 81 жас) құрады.
Қорытынды
Қазақ халқында «елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Бұл – табиғи ақиқатты көрсететін өміршең ойдың қазақ халқында болған баға жетпес байлығы. Бұл – табиғи заңдылық. Міне, Біріккен ұлттар ұйымы қабылдаған адам дамуының 2050 жылға дейінгі бағдарламасы қолына тигенде ұлт Көшбасшысы одан өзі құрған мемлекетінің даму барысындағы осынау табиғи заңдылықты толық түсінгендей. Сол себептен «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп атады. Жолдаудың атауы да өмір шындығы. Өткен уақыт ішінде біз толық қалыптасқан мемлекет болдық. Ол – ол ма, даму қарқыны жағынан Катар мен Қытайды ғана алға оздырған дүние жүзіндегі үшінші мемлекет болып тұрмыз.
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеу мен «Мәңгілік ел» идеясына жету жолындағы адами ресурстың дамуына ықпалын кеңінен зерттеу келесі ұсыныстар мен тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
-
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінде білікті медицина, молекулярлық биология және жасушалық технология саласының мамандарын дайындау қажет. Бұл бізге денсаулық сақтау саласы бойынша қуып жетуші мемлекеттен қатарлас, иа болмаса көшбасшы мемлекетке айналуға оң септігін тигізетіні сөзсіз;
-
Медициналық, молекулярлық биология және химия-фармацевтикалық саладағы әлемдік үздік үлгідегі Ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.
-
Мемлекет тарапынан медицина саласының мамандарын даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту. Бұл еліміздегі қазігі таңда мамандар жетіспеушілігін төмендетіп, ұлт денсаулыға оң септігін тигізеді.
-
Қазақстан Республикасында жылдан жылға тұрғындар санының өсуіне байланысты ауруханалар санын жоғарылату.
-
Денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеудің үздік шетелдік тәжірибесіне талдау жасай отырып, оның оң тұстарын отандық денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;
-
Денсаулық сақтау секторында бәсекеге қабілеттілікті дамыту, сапалы және қолжетімді медициналық көмек ұсыну керек;
-
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру жолында адами капиталды дамыту бойынша денсаулық сақтау мен білім берудің орнын ерекшелеп, нақты даму бағдаламасын әзірлеу;
-
Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру мақсатында кезең-кезеңмен скринингтер тізбесін кеңейту және жас ерекшеліктерін төмендету қажет;
-
Болашақ госпиталін қалыптастыру мақсатында Ұлттық медициналық холдингті одан әрі дамытуды жалғастыру және Республикалық органдар мен тіндер трансплантациясы орталығын құру жұмыстары жасау;
Денсаулық сақтаудың адами ресурстарды дамытуға ықпалын зерттеліп, ұсыныстар мен тұжырымдамалар жасалды
Денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсіз күйі. Денсаулық экономикалық және саяси мүддлерінен жоғары есептеледі. Әрине, ұлттың денсаулық мәселесі мемлекет өкілдерін де толғандырады. Қазақстанның көптеген қалаларында сауықтыру ісіне шындап кірісті. Мекен – жайы бойынша қолайлы спорттық клубтар мен секциялардың саны көбейіп жатыр, жаңадан ашылып, ескірген спорттық алаңдар, бассейндер жөнделіп жатыр. Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам болып табылады. Әлеуметтік экономикалық және саяси өзгертулер, ізгілік құндылықтар және мұратын бекіту, дамыған экономикасын және тұрақты деморкратиялық жүйені орнатуда мағына жоқ, егерде олар адамдарға толымды өмір сүруге жағдай бермесе. Басқа жағынан қарағанда, дені сау ұлт мықты мемлекеттің нағыз белгісі болып саналады. Әр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады. Сондықтан дені сау, тәрбиелі және білімді азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, оның қоғамдық институттарының күшін, оның билік құрылымының мүмкіндіктерін белгілейді. Қазақстан Республикасының конституциясы оның құқығын және бостандығын ең жоғары құндылығы, ал оның құқығын және бостандығын құрметтеу, қорғау мен сақтау – мемлекеттің міндеті деп жарияданады. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу, денсаулық қорғау және медициналық көмекке құқығы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз, Астана (2007.05.21 толықтырулар мен өзгертулермен)
-
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
-
Моисеева Ю.А., Уровень здоровья населения в структуре человеческого капитала. Вестник Самарского государственного экономического университета, 2012 г. 3(89), стр. 56-60
-
А.М. Таранова, Н.А.Кравченко, Менеджмент в системе обязательного медицинского страхования и здравоохранения Учебно-методическое пособие, Москва «Фомс» 1999г.
-
Р.Б.Солтман, Дж.Фигейрас, Реформы системы здравоохранения в Европе. Анализ современных стратегии. /Пер. с англ. -Москва. «Геотар медицина» 2000г.
-
Шейман И.М., Реформа управления и финансирования здравоохранения. Москва. «Издатцентр», 1998г.
-
Қазақстандағы адам дамуы: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Н.Қ. Мамыров жəне Ф. Акчура. – Алматы: «Taimas Printhouse», 2004. – 412 б
-
http://www.who.int/ru/ - Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты
-
http://www.mzsr.gov.kz - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайты
-
http://www.egemen.kz – Назарбаев Н.Ә «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына Жолдауы
-
http://www.stat.gov.kz – Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты
-
http://www.izden.kz – ақпараттық сайты.
Достарыңызбен бөлісу: |