Ғылыми жұмыстың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі


Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі



бет2/4
Дата12.01.2024
өлшемі1.66 Mb.
#488945
1   2   3   4
Семинар 10,01,2024ж

Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- зерттеу күнделігі.
Зерттеу күнделігін жүргізу
Зерттеу күнделігі оқушы тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілуі керек.
Күнделіктің бет парағы келесідей толтырылады:
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы________________________________________________ Ізденушінің Т.А.__________________________________________________ Оқу орны______________________________________________________ Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А ______________________________ Күнделіктің негізгі бөлімінде ізденушінің істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:
Жұмыс мазмұны
Зерттеу әдістері
Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған: зерттеу мақсаты, тапсырмалары; зерттеу объектісі; гипотезасы; зерттеу кезеңдері, процедурасы; эксперимент әдісі; зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі; жұмыс нәтижелері және қорытынды; нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
Яғни жоба қазақ тілінде болса, аннотация (абстракт) орыс және ағылшын тілінде жазылады. 
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
Мәтін компьютерде терілу керек. Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль; абзац болу керек; жол арақашықтығы - бірқатарлы; кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады; тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады; ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы қою әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі. Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек, Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада). Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек; Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады.
  • Зерттеу мақсатының болмауы
  • Зерттеу жаңылығының болмауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет