Бүркіттің түрлері
Құсбегі-қыранның әрі ұстазы, әрі досы. Сондықтан да қыран әзі баулып, тәрбиелеген адамнан әзгеге көне бермейді. Астына жүйрік ат мініп, қолына қыран құс қондырып, сайын далада саят құрған құсбегінің бойында сергектік пен серілік, ептілік пен ерлік астасып жатады. «Қызыл кітапқа» енген құстар- алтай ұлары, қара ләйлек, қарабай, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ,безгелдек,бүркіт,субүркіт,лашын,т.б. Бүркіт – жыртқыш құс. Бүркітті ақиық, мұзбалақ, қараша, көктабан, шөгел, көк бүркіт, су бүркіт, дала бүркіт, тау бүркіті деп атайды.
10
Су бүркіт - қаршыға тұқымдасына жататын ірі жыртқыш құстардың бірі. Ересек еркегінің салмағы 3-3,5 кг қанатының ұзындығы 57-62 см соған сәйкес ұрғашысынікі 4,9-6,7 кг және 63-71 см. Ересек құстардың қанаты қоңыр ,басы мен мойны ақшыл құйрығы ақ түсті.жас құстардың қанаты сұрғылт қоңыр ,астыңғы жағының ұзына бойына дағы бар, құйрығы мен тұмсығы –қара қоңыр. Қарағынды облысында Сұлтанкелді көлінің жағалауында Ертіс-Қарағанды каналының жағалауын мекендейді.Өзендердің көлдің жағалауында мекендейді. Негізінен балықпен ,сондай –ақ құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді. КСРО «Қызыл кітабына » және Қазақстанның «Қызыл кітабына » енгізілген.
11
Қарақұс - қаршыға тұқымдасына жататын ірі жыртқыш құстардың бірі. Ересек құстардың салмағы 2,8-3,2 кг қанатының ұзындығы 57-67 см , құйрығының 29-33 см. Түсі қара қоңыр түсті, қанатының астыңғы жағы-сарғыш жолақты. Ағаштарға бұталарға ұя салады. Жылы жаққа қазан, қараша айларында ұшып кетеді. Негізінен жас суырлармен құстармен, өлексемен қоректенеді. Әуесқойлар қолға үйретіп шағын жабайы құстарды аулауға пайдаланады.
12
Негізгі қасиеттері
Бүркіті бар үйде жын-шайтан болмайды деген ұғым бар. Бүркіт – ердің серігі. Құстың алдынан қыз-келіншек, бозбалаларды өткізбейді. Айналып өтуі талап етіледі. Бүркіт бір сілкінгенде үйден бір пәле кетеді деп ырымдайды. Жақсы қыран құсы қаза болғанда құс иесі қатты қайғырып, аза тұтады. Құстың денесін ақ шүберекке орап, тау-тас жақпарына, құс ұясына жақын жерге жерлейді. Бүркіттің қанат, құйрық қауырсынын, бас терісін, тұяғын, аяғын алып үйдің төріне түс киізге, жас баланың бесігінің басына іліп қояды. Мұның себебі, қасиетті құс адамды пәле-жаладан, көз-сұқтан, қатерден сақтайды, баланы шошынудан қорғайды дейді. Бұл – шындық. Дәлелденген дүние. Құсбегі бір үйге құсымен кірсе, кетерінде бүркітінің иығына шоқ үкі
13
тағып шығарады. Шошынған адамның басына бүркітті қондырып жатады. Толғақты жеңілдету үшін де үйге бүркіт әкеліп, әйелге көрсететін ырым бар.
Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |