Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Құс төресі-бүркіт»


Мәселе: Мүмкін ,бүркіт биік шыңда емес,аласа тауларда мекендесе, біз ол туралы көбірек білер едік.  Мақсаты



бет3/7
Дата27.09.2023
өлшемі421.3 Kb.
#478856
1   2   3   4   5   6   7
Бүркіт ғылыми жоба (2)

Мәселе: Мүмкін ,бүркіт биік шыңда емес,аласа тауларда мекендесе, біз ол туралы көбірек білер едік. 

Мақсаты: Бүркіттің түрлерін, тіршілік ететін жерлерін анықтау, жинақтау, топтау. 
3

Міндеттері

  1. әдебиеттер жинақтау; 

  2. бүркіттің түрлерін, тіршілігін зерттеу, топтау; 

  3. бүркіттің негізгі қасиеттерін анықтау; 
    Болжам : Егер де, біз әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен көшпенді қазақ болсақ, алуан түрлі құстардың адам баласына маңыздылығын түсіне білсек, оларды өз қажетімізге жарата аламыз. 
    Зерттеу нысанасы: Бүркіттің тіршілігі 
    Күтілетін нәтиже: Түрлі әдебиеттерді оқи отырып, жергілікті жеріміздегі биік шыңдарға саяхат жасай отырып , бүркіттің маңыздылығын түсіну; алу 
    Зерттеу түрі: Теориялық зерттеу жұмысы 

    Жаңашылдығы: Осы күнге дейін бүркіттің мекендейтін жерлерін және негізгі қасиеттерін оқушының көз – қарасымен ешкім зерттемеген. 



Қазақ-салт-дәстүріндегі бүркіт құсының манызы 
Бүркіт (Aquilachrysaetus) — жыртқыш құстар отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жартасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырдыда алады, ашынғанда адамғада түседі.
Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде “ұшып бара жатқан қанатқа“ ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша “алтын қыран“ деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті,
4
төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды.
Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді. Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек.
Шілде айында алып, қыркүйекте аңға салуға болады. Далада көп ұшырса, аң аулағанда жетістіктерге жетеді. Бұл құсқа 200-300 грамм таза ет береді. Олар жұп болып өте биік жерлерде қоныстанады, ұяларын жартастардың қуыстары мен шоқыларында, кейде ағаш басына орнатады, диаметрі 2 метрге жетеді. Наурыз-сәуір айларында ұрғашысы 1-3 жұмыртқа салады, оларды шамамен бір жарым ай басады. Балапандары 70-80 күн ішінде ұясын тастайды, бірақ ата-анасы оларға ұзақ мерзім ішінде қамқорлық жасайды. Бүркіттің ұясын тауып, балапанын алу өте қиын. Бүркітті әлі ешкім арнайы көбейтіп өсірмейді. Бүркітшілер балапандарды жабайы табиғаттан алып, жастайынан үйрете бастайды.
Келешек бүркітшілерді 7-10 жасынан бастап үйретеді. Алғашында балаға аса үлкен емес құстарды: қаршыға мен тұйғындарды баптауға рұқсат беріледі, ал 14-15 жасынан бүркітті сеніп тапсыра бастайды. Құстың адамды мойындауы өте қиын. Ол үшін олар кемінде үш тәулік ішінде бірге болуы тиіс. Бұл уақыт ішінде адам құсқа ұйқы бермейді және өзі де ұйықтамайды, болмаса құс мұны адамның әлсіздігі ретінде бағалауы мүмкін. Олар өзара мінез
5
күрестіреді. Егер екеуі де осыған төзсе, төртінші тәулікте бүркіт адамды мойындайды. Бірақ құстан үйретілген аңшы жасап, оны өз атын танып, бұйрықтарды орындауға үйрету үшін кемінде тағы 9 ай қажет. .
Бүркіт ішімдік пен шылымның иісін жақтырмайды, сондықтан құспен аңға шығамын дегендер зиянды дағдыларын тастауы қажет. Бүркіт адамдармен 10 жылдан артық тұрмауы тиіс, одан кейін құсты ұрпақ беру үшін еркіндікке жібереді. Қамауда бұл құстар көбеймейді. Табиғи жағдайларда бүркіт 80-100 жыл өмір сүреді. Қазақстанда 15 миллион адам тұрады, ал бүркітшілердің саны елуге жетер-жепес. Сондықтан, қазақ аңшылығының ұлттық дәстүрлерін және құсбегілік өнер мұрасын сақтап, жаңғыртатын адамдар ерекше алғысқа лайық.
Бүркіттің түсі қоңыр. Салмағы 4 килограммға дейін барады.



6
Қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп атайды. Ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын «көбесі» деп, қалғандарын «жебесі» деп атайды. Аяғы 4 саусақты, оның артқысын «тегеуріні», ішкісін «жем басар», ортаңғысын «сығымы», шеткісін «шеңгелі» деп атайды. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды. Тұяқты жануарлардан ақбөкен, елік, таутеке, қара құйрық секілді аңдардың төлін жейді.
Мен көбінесе балапанын ұядан емес, жаңадан ұшыра бастаған кезінде қолға түсіріп, бағып жүрмін. Қара қанат болған кезінде баққан дұрыс.Қазақ бүркітті ерте кезден ұстаған. Аңшылыққа үйреткен.
Алғашында қолынан жем жеуге дағдыландырған. Содан кейін құсты алыста тұрып шақырып, өздігінен келіп жем жеуге баулыған. Мұнан кейін ат үстінде тұрып жемді көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Содан соң құсқа жемді аң терісін үстіне қою арқылы алғызып үйретеді. Бүркіт аңға үш тәсілмен – шаншыла, сыпыра және іліп түсу арқылы түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет