Ғылыми жоба «Жылқы малдың төресі»



бет10/11
Дата27.09.2023
өлшемі286.62 Kb.
#478854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жылқы 2 (1)

Қостанай тұқымы. Жергілікті қазақ жылқыларының дон, орлов, т.б. тұқымдарымен будандасу арқылы, Челябин мен Қостанай облыстарында дүниеге келген.
Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі: теңге алу, көкпар, бәйге, т.б.с.с. 


Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда ерекше көзге түседі. Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады
Жылқы малы туралы қызықты мәліметтер

  • Аустралия аймағынан жылқы сүйегі табылмаған. Құрлыққа жылқыны 18 ғасырда қоныстанушылар алып келген. 

  • Аттың тістері - аттың денсаулық жағдайы мен жас мөлшерінің тамаша көрсеткіші. Әулие Иеронимнің "Сыйға берілген аттың тісіне қарамайды" деген әйгілі сөзінің мағынасы да осында жатыр.

  • Аттарда бес сезім түйсігі жақсы дамыған, олар: дәм сезу, түйсіну, есту, иіс сезу және көру.

  • Басқа жануарларға қарағанда аттардың көзі анағұрлым үлкенірек. Олар бір бірінен тәуелсіз күйде қозғалып, толық көріністі көру мүмкіндігін береді. 

  • Әлемде аттың 160 түрлі тұқымы бар. Бірақ барлығынан да тұқымы таза саналатын араб жылқысы ең құнды болып саналады.

  • Аттардың иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Олар мас адамды тани алады және қанның иісін мүлде ұнатпайды.

  • Аттар басқа қашалардың есіктерінің ысырмасын ысырып, өзге аттарды еркінікке жібере алады.

  • Аттар адам дауысы арқылы көңіл-күйін аңдау қасиетіне ие.

Қорытынды бөлім.
«Жылқы – малдың төресі » тақырыбындағы зерттеу жұмысын жүргізе бастағаннан адамдар жылқы малын өсіре отырып, оның ішсе сусын, жесе тамақ, мінсе көлік, кисе киім болғандығына көз жеткіздім. Бие сүтін бүгінде қазақ халқы ғана емес, әлем халықтары  пайдаланады. Оның емдік қасиеттерін дәрігер, ғалымдар дәлелдеген. Қазіргі ғылым көрсеткендей бие сүті өзінің құндылығы  мен  дәмінің  артықшылығына  байланысты сиыр  сүтінен асып түсетіні белгілі болды.
Жылқының мал шаруашылығындағы маңызын, сүтінің адам ағзасына пайдасын, етінен жасалатын тағам түрлерін анықтадым. Жинаған мәліметтерімді жетекші ұстазыммен бірге жүйелеп бірнеше жеке тақырыпшаларға топтастырып қарастырдым. Жұмысымның теориялық бөлімінде жалпы жылқы малы туралы, елімізде өсірілетін түрлері, жылқы жасына байланысты атаулары туралы ақпараттар мен жылқы және қымыз
, жылқы еті туралы жинадым. Практикалық бөлімде бие сүтінің медицина саласында адам ағзасын сауықтыру мақсатында пайдалы екендігін ғалымдар пікірлерінен білдім. Қазақтың ұлттық тағамдары: қазы-қарта, жал-жая, қымыздың жасалу технологиясын меңгердім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет