Ғылыми жоба «Жылқы малдың төресі»


МАЗМҰНЫ I. Кіріспе бөлім



бет5/11
Дата27.09.2023
өлшемі286.62 Kb.
#478854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жылқы 2 (1)

МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Зерттеудің мақсаты
2.2 Жылқы малы туралы
2.3 Жылқыдан алынатын өнім түрлері
2.4 Зерттеудің материалдары мен әдістері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған.
Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болды. Жылқыны қолға үйрету көшпелі шаруашылық пен дала өркениетінің негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының тұрмыста маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арба-шанаға жегу, жауынгерлік және сайыс өнеріне бағытталып өсірілген.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді. Алайда, соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді. Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, «Horse» атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Ағылшын зерттеушісінің жоғарыдағы пікірі еліміздің солтүстік пұшпағында орналасқан Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталмыш археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуропалық «National Geographic News» атты ғылыми басылымда: «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен…» деген байлам жасады.
Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: жоғарыдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген, әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар, жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.
Осы дәлел-деректерді негізге алған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони: «Егер ботайлықтар биені сауып, сүтін пайдаланған болса, бұл жылқылар жабайы емес, яғни, қолға үйретілген жануарлар» деп, түйін сөзін айтқан. Сондай-ақ, Ботай қонысы маңына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ұлыбританиялық жетекші ғалым, Эксетер университетінің қызметкері Алан Оутрам: «Біздер тапқан жаңалықтан түйгеніміз, байырғы адамдар біз ойлағаннан да өнертапқыш екенін көріп отырмыз» дейді.
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.
Мен жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет