Ғылыми жоба тақырыбы: Слаймның адам денсаулығына әсері


ДАНА КӨПТЕН ШЫҒАДЫ, ДӘРІ ШӨПТЕН ШЫҒАДЫ



бет7/13
Дата24.09.2023
өлшемі202.14 Kb.
#478461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
ғылыми жоба 2016 жусан Қуанышева и Чамақаева - копия

2.1. ДАНА КӨПТЕН ШЫҒАДЫ, ДӘРІ ШӨПТЕН ШЫҒАДЫ
Жер анамыз- үлкен табиғи, жасыл дәріхана. Неге сол табиғат сыйын бізге дұрыс қабылдап орнымен қолданбасқа? Дәрілік өсімдіктер мен шөптерді медицинада қолдану арқылы көптеген кеселдерге қарсы тұруға болады...
Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген. ЖУСАН қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады.
Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.
Ойыма ащы мұң салар
Қапаланып тұрсам бір-
Жусан – күй мен жусан - ән,
Жусан сөз бен жусан – жыр...
(Темірхан Медетбек)

Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясында «Шөп атаулыдан да қой оты – мық жусан мен ұсақ, тырбықай бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып ұшырып әкететін әдеті бар. Тегінде Шыңғыстаудың асыл шөбі – мық жусан. Бұл қойдың ырысы», - деп бекер жазбаса керек.


Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» деген әңгімесі де жусанның аңқыған жұпар иісінің қасиетіне арналған. Ал, аты әйгілі түріктанушы тарихшы, әрі жазушы Мұрад Ескендірұлы Әджидің «Жусанды қыпшақ даласы» атты өте құнды тарихи еңбегінде жусан жайында жазылған тұстары жусанның қадыр-қасиетін білетін кез келген адамды бей-жай қалдыра алмайды.
Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жатжұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз да ақиқатты аңғартса керек.Қорыта айтқанда, кең байтақ даланың жұпар иісті жусаны ел игілігі үшін алдыңғы уақыттарда талай кәд
Асқан батырлығымен Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымызды алдырып ішкен деген тарихи деректер де сақталған.
Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі – тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде көрнекті ғалым Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серғазы Әдекеновтың басшылығымен ғалымдар «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Осындай әлемдік аса маңызды ғылыми жаңалығы үшін Серғазы Әдекенов бастаған бір топ ғалымдарға 2007 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тəбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нəрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-62 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тəрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, əбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда өсетін бір түрі – дəрмененің дəрілік шөп ретінде ерекше мəні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтатау үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан құнарлы мал азығы, дəрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Сондай-ақ қазақ емшілері дəрмене жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырған. Ал қара жусанның тамыр тəбет ашуға, асқазан, бауыр, ішек, өт қалтасы ауруына ем ретінде пайдаланған екен. Ал бүгін осы əдісті жаңғыртып, оны медицинамен байланыстыра отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.
Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.

Ойыма ащы мұң салар Жусан – күй мен жусан - ән, Қапаланып тұрсам бір- Жусан сөз бен жусан – жыр...


(Темірхан Медетбек)

Мал қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от» деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым жасаған. «Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес. Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.


Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті артырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. 
Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқызыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді.
Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.
Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады. 
Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.
Жусанның ерте кездерден бастап шипалық қасиеті зор түрінің бірі – дәрмене (дәрмене) жусаны (Artemisia cina). Ол жер шарында тек Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ғана өсетін қасиетті өсімдіктің бірі. Оны жергілікті тұрғындар «ермен» деп те атайды. «Ермен – жанға дәрмен», «Ермен жеген ер өлмес» деген нақыл сөздер дәрмене жусанының шипалық қасиетін бірден-ақ аңғартып тұр. Ертеде бабаларымыз дәрмене жусанын шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі.
Дәрмене жусанының шипалық қасиетінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып, ішек құртын түсіруге қолданған. Ол дүниежүзіне сантонин шығаратын бірден-бір зауыт болды. Кейін дәрменеден эфир майы т.б. препараттар алына бастады.
Дәрмененің әлемдік даңқының артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы «Дәрмене» шаруашылығы құрылды.
Дәрмене жусанының бастапқы отаны Палестина мен Мысыр елі болған деген деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген.
1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік өсімдіктерін зерттеген фармацевт ғалым Питирим Сергеевич Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның «дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы жазған. Ертеректе Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын өңдейтін зауыттар болған.
Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп өте орынды жазған.
Ақын Нұрлан Мәукенұлының «Ермен-ай, ермен, ермен шөп, Аңқиды иісің желмен кеп... Ерменнің дәмін алғанмын, елжіреп жүрек қалғанмын» деген жыр жолдарынан ермен жусанының қасиетін аңғаруға болады.
Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.
2012 жылдан бастап Қазақстанның Ерлан Сүлейменов бастаған жас ғалымдары жусаннан эфир майларын ала бастады. «Қазақ даласының хош иісі» атты жоба бойынша «Жусан» атты арнайы иіссу алуды қолға алып игілікті жұмыс жүргізуде.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, оны-
мен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.
Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда олар-дың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, да-мытқан. Емшінің үйінен қы-сы-жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжа-
пырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп-тамырларды аса сақ-тықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға ша-қыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәріле-рін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қа-жының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:
… Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді,
Құнекеңе шипалы ем тауып еді.
Ажалдан Құнанбайды алып қалды,
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді…
Құнекең сыйға тартқан сол биені,
Сусынға неше жылдай сауып еді.
«Емші» өсімдіктер тарихынан
Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық қасиетін ежелден біліп, пайдаланған.
Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктерді халық емінде қолданғаны жөнінде деректер бар.
Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер жөніндегі алғашқы кітап мұнан 5 мың жыл бұрын жазылыпты.
Орта ғасыр ғалымы Парацельстің ерте заманнан келе жатқан ілімге сүйеніп айт-қан тұжырымдамасы: «Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуге тиіс». Яғни, сарғайып ауырғандарды сары түсті өсімдікпен, бүйрегі ауыратындарды жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет.
Қазақтардың қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып П.С. Моссагетов 1924 жылы Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалық қасиетін ашты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет