Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
11
бойынша, ол 1895 жылы Ақтөбе уезі Бестамақ болысының №2 ауылдағы «Арынғазиев мектебінде»
қызмет еткен (1 сурет).
1 сурет. А. Васильевтің кестесінен үзінді
А. Байтұрсынұлы Бестамақ болысында қызмет атқарғанын қосымша айғақтайтын көрініс –
оның 1896 «Тургайская газетаның» №60 санында жариялаған мақаласы. Мақала «Корреспонденция
(от нашего корреспондента)
Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Онда
тілші өзі қызмет жасайтын ауылда ашылған №4 фельшерлік пунктегі шешекке қарсы егілген екпе
жұмысы және қазақ даласындағы дәрігерлік қызмет мәселесін қозғайды (Байтурсынов, 1896: 60).
Бұл А. Байтұрсынұлының екінші мақаласы болатын. Бұған дейін ол 1895 жылы аталмыш
басылымда «Киргизские пиметы и пословицы» деп аталатын тұңғыш мақаласын жариялайды
(Байтурсынов, 1895:39).
Ахметтанушылардың алғашқы буыны М. Дулатұлы, М. Әуезұлы сынды қайраткерлер
ағартушының ауылдық мектептердегі қызметі Ақтөбе, Қостанай, Қарақаралы уезінде өткенін жазған
еді.. Бұл орайда, М. Дулатұлы өзінің ұстазының ауылдық мектептердегі педагогикалық қызметінің
басталу жылы мен аяқталу мерзімін (тарихи хронологиясын), ұстаздық қызмет еткен уездерін дәл
айқындап берді. Кезінде ол былай деп жазды: «Педагогическая деятельность А.Б. начинается с 1895
года. С период 1895 по 1909 год он учительствует Актюбинском, Кустанайском и Каракалинском
уездах» (Дулатов, 1922: 20). Ал М. Әуезұлы «Ақаңның елу жылдық тойы (юбилей)»
деп аталатын
мақаласында «Оқу бітірген соң әуелде мақсұт қылған жолмен ел ортасына барып қазақ балаларын
оқытпақ ниетпен Ақтөбе уезі, Батпақты болысындағы Ахметкерей Қопсыбақовтардың ауылындағы
ауылный школға барып оқытушы болған» (Әуезов, 1991: 18).
М. Әуезовтің «Ақтөбе уезі, Батпақты болысындағы Ахметкерей Қопсыбақовтар» дегені отырғаны
анықтамалық тарихи жазба деректерде Бестамақ болысының управителі Ахметкерей Косваковпен
(Памятная книжка, 1899: 40) бір кісі болса керек.
Торғай облысында ашылған көшпелі ауыл мектептерінің жұмыс тәжірибесі көрші аймақтарға
үлгі бола бастайды. Ақмола облыстық «Дала уалаяты газетасының» 1896 жылғы №20 санында
қазақтың көшпелі тұрмысына қолайлы екендігі ерекше ықыласпен аталып өтеді (Дала уалаятының
газеті, 1994: 545).
Очеркте Торғай облысының территориясындағы ауылдық мектептерге жетекшілік жасайтын
болыстық мектептер жұмыстарына А. Васильев тарпынан тарихи сипатама берілген. Ол облыс
көлеміндегі жеті болыстық, атап айтқанда,
Қарабұтақ, Бөрте, Обаған, Шұбар-Жетіқара, Қаратоғай,
Әулиекөл, Меңдіқара мектептерде 1892-1895 жылдар аралығында білім алған оқушылардың саны,
мектепті ұстауға жұмсалған шығын көлемі көрсетілген кесте ұсынады (Васильев, 1896: 171).
Қарабұтақ болыстық мектебі екі сыныптық мәртебеге өтіп, онда Ор Мұғалімдер мектебінің
түлегі, Ы. Алтынсаринның шәкірті Ғ. Балғымбаев жемісті еңбек етеді. Оның Ресей императорының
таққа отыру күні Қарабұтақ форпостында қалай тойланғаны туралы жазған «Қарабұтақ» атты
мақаласы «Тургайская газетаның» 1897 жылғы 29 мамыр күнге санында жарияланады (Балгимбаев,
1896:74). Қарабұтақ мектебінен кейін Ғ. Балғымбаев алдымын Ырғыз уезінің, одан соң Торғай
облысының
білім инспекторы, «Тургайская газетада» редакторлық қызметтерін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: