Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет156/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   264
34-36-PB (2)

Key words: regional development, industry, social structure, economy, resources,oil industry.


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
141
Кіріспе. XX ғасырдың басында Атырау (Гурьев) уезі, бүкіл Қазақстан жері сияқты патшалық 
Ресейдің артта қалған шет аймақтарының бірі болатын. 
Бүгінде Атырау облысы Еділден Маңғыстауға дейін, Мұғалжар тауларынан кәрі Каспийге дейін 
созылып жатқан кең байтақ, «қара алтынның», балықшылар мен шопандар даңқының өлкесі және 
халық шаруашылығының барлық салаларында, мәдениет пен халыққа білім берудегі, денсаулығын 
көтерудегі жетістіктері жеткілікті. Қазақстан мемлекеттілігінің жаңа жағдайда дамуы мен нығаюы 
қоғамда, оның ішінде тарих ғылымында жаңа танымдық көзқарастардың орнығуына, халықтың 
тарихи даму жолын бағалауда терең де шынайы ой-пікірлерге негізделген зерттеулерге, жаңа 
тұжырымдарға жол ашты. Оның үстіне жүздеген жылдар бойы бодандықта өмір сүруі қазақ 
халқының тарихының бұрмалануына, отарлық саясаттың объектісі тұрғысынан қарастырылуына 
әкелді.
Патшалық Ресей тұсында Атырау өңірі артта қалған көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен 
өлке болатын. Атырау жиі табиғи апатқа ұшырап, қарапайым құралмен атқарылатын балық 
шаруашылығы, ауыр қол еңбегін талап ететін, ал ең тұрпайы әдіспен мұнай өндірілетін аймақ 
болатын. Кеңес дәуіріне дейінгі кезеңі Атырау облысының күйіксіз көрінісі осындай болатын. Қазірде 
«қара алтыны» арқылы бүкіл әлемге белгілі Атырау облысының экономикалық географиясы күрделі 
кезеңдерге толы. 
Аталмыш мақалада біз Атырау өңірінің 1920-1930 жж. қоғамдық – саяси өмірін аймақтық 
және салалық экономикалық географиясы тұрғысынан қарастырамыз. Атырау өңірінің салалық 
экономикалық географиясын негізінен мұнай өнеркәсібі өндірісі құрайды.
Материалдар мен әдістер. Ғылыми танымның бірегейі-тарих зердесі теориялық-методологиялық 
ой-толғамының әміршілдік-әкімшілдік қатаң догмаларынан арылып, әрі жаңарып, артта калған 
кезендердің, окиғалардың, ілгерілеу мен іркілістердің бастау көздеріне, әлемдік, аймақтық, отандық 
кеңістікке және өркениеттерге тигізген пайдасы мен зиянына акиқат тұрғысынан баға беруге 
ұмтылыспен ден койды.
Қазіргі кезеңде бұрынғы кеңестік республикалардың ғалымдары тарих философиясын, 
деректерін гуманитарлык саладағы әлемдік ақыл-ой інжу-маржандарымен шендестіре зерделеуде, 
өздерінің жаңа тұжырымдарын дәйектеу мен жариялауда, тиімді нұсқада насихаттауда айтарлықтай 
табыстарға қол жеткізіп отыр.
Ғылыми білім көкжиегінің кеңейіп, онда тарихи құндылықтардың шынайылықпен көрініс табу 
деңгейі арта түскен сайын ғалымдар тарапынан жаңа да ұтымды ілімге кол жеткізуге деген әдістер 
мен тәсілдерді талдауға және негіздеуге талпыныс қарқынын күшейте түседі. Ғылыми білімді 
алудың тәсілдерін зерделеуді ғылым методологиясы жүзеге асырады
Кеңестік дәуірде тарих ғылымында маркстік-лениндік ілімге негізделген ұстанымның үстемдік 
етіп, ғылымның басты кағидасына айналған болатын. Осыған байланысты марксизм-ленинизм 
классиктерінің еңбектері кеңестік тарих ғылымының методологиялық базасы ретінде саналып
автордың дүниетанымы, зерттеу жұмысының идеялық бағыт-бағдарын анықтады.
Тарихтағы құбылыстарды, ірі оқиғаларды «бір қалыпқа» салған маркстік-лениндік ілімге 
негізделген методология зерттеушілерге тап күресі мен таптық көзқарастарға ерекше көңіл бөліп, 
коғам дамуындағы эволюциялық үрдістің маңызына жете көңіл бөліп мән беруді екінші кезекке 
ығыстырды. Осындай көзқарасқа негізделген методологияның салдарынан тарих ғылымындағы 
көптеген өзекті мәселелер зерттеу аясынан тыс қалып келеді.
«Тарих ғылымының теориялық-методологиялық негіздері жоғары оқу орындарында жеке 
пән ретінде оқытылмай, біздер эмпирикалык деңгейде ғана ізденістер жүргізе алатын, нақтылы 
материалдарды хронологиялық және тақырыптық ретпен түзе алатын, бірақ олардың толық 
танымдық мүмкіндіктерін анықтап, концепциялык ой-тұжырымдар кұру арқылы тарихи дамудың 
басты бағыттары мен тенденцияларын көрсетуге шарасыз кадрларды ғана дайындаймыз» - деп, атап 
көрсетті белгілі ғалым, профессор К.Л. Есмағамбетов (Есмағамбетов, 2008).
Методологиялық жүйедегі зерттеу әдістерінің маңызды кұрылымдарының бірі - дәуірлеу. 
Кеңестік тарих ғылымында қолданылған дәуірлеу принциптері мен критерийлері марксизм-ленинизм 
ілімінің, оның таптық методологиясының негізінде анықталып, коммунистік партиялық принциптің 
жетегінде болды.
Таптық методология, коммунистік партиялық принцип жалпы тарихи процеске қолданылып, 
тарихи дәуірлеу жүйесінде де бірден-бір басшылыққа алынған кағида болды. Марксизм-ленинизм 
іліміне сай, дәуірлеу мәселесін әрбір тарихшы өндірістік қатынас арасындағы қайшылықтан туатын 
таптық қарама-қайшылықты және одан өріс алатын таптық күресті негізге алу арқылы шешуге тиіс 
болды (Алдамжар, 2002).
Қазақстан тарихының концепциясы, негізгі пайымдары Одақ көлемінде империялық бағыт-
бағдарда жазылды. Еліміздің тарихшыларына Одақтық тарихи концепцияларды тек иллюстрациялау 
тиді. Әлемдік тарихшылар тарихи, ғылыми объективтік, диалектикалық принциптерді ұстанды. 
Ал кеңес тарихшылары маркстік экономикалық талдау тәсілдерін, салыстырмалы әдісті қосымша 
пайдаланды.


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
142
Сондықтан да архивтердегі кұнды тарихи кұжаттарды саралап және зерделеп, зерттеу арқылы 
тарихи процесті түсіну бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Қоғамдық-саяси тарихты зерттеудегі кеңінен қолданысқа ие әдістердің бірі-ретроспективалык 
әдіс. Тарихи танымда себептен бұрын салдар аңғарылады. Ретроспективалық әдіске сүйеніп, кез-
келген кұбылыстың себебін ашып көрсетуде бір кұбылысты келесі бір кұбылыстың себебі ретінде 
қарастырылу ұсынылады. Бұл кез-келген үрдістің кезеңдерін өзара байланыста қарастырудың 
қажеттігін білдіреді (Ковальченко, 1995). Ретроспективалык әдіске сәйкес 20-30 жж. Қазақстанның 
қоғамдық – саяси өмірін орталықпен өлкелер арасындағы байланыстардың өрбуі барысындағы 
кұбылыстар өзіне дейінгі және өзінен кейінгі құбылыстармен сабақтастықта зерделеніп, олар салдар 
түрінде ғана емес, әрі себеп түрінде де түсіндіріледі. Осы әдісті қолдану үрдістің диалектикалық 
дамуда қарастырылуын қамтамасыз етеді.
20-30 жж Қазақстанның, оның ішінде Атырау өңірінің қоғамдық-саяси өмір тарихын зерттеуде 
көңіл бөлінген мәселелердің бірі әртүрлі санаттағы мұрағат құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл орайда 
мемлекеттік архивтер мен ведомстволық тарихи архивтердің арақатынасына ерекше көңіл аударған 
жөн.
КСРО және оның құрамындағы ҚазАСР1920-1930 жж. өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді 
бастан кешірді. Қазақстанның, оның ішінде Атырау өңірінің осы жылдардағы қоғамдық-саяси 
өмірін КСРО-ның даму, өркендеу тарихынан бөле карауға болмайды. Қазақстан тарихы жалпы 
тарихтың бөлінбес бөлігі.
Қазақстанның 1920-1930 жж. қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді зерттеген көптеген кеңестік 
ғалымдар қатарында (Нусупбеков, 1953), (Дахшлейгер, 1965), (Нұрпейсов, 1985), (Масанов, 1995), 
(Абылхожин, 1991).
Аталған ғалымдардың еңбектері сол кезеңдегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының кұрылуы 
және қалыптасу тарихына арнаған.
Ал, 1930 жж. Қазақстанды индустрияландыру тарихына өз еңбектерін арнаған ғалымдар ішінде 
(Асылбеков, 1973), (Жакупбеков, 1984), (Галиев, 1978) атап өтуге болады. 
Аталған авторлар өз еңбектерінде Казақстанның 20-30 жж. тарихына кеңінен тоқталды. 
Кеңестер Одағы кезеңіндегі бұл еңбектер маркстік-лениндік теория мен методологияға негізделген 
болатын. 
1920-1930 жж. Атыраудың қоғамдық-саяси өміріне байланысты зерттеу еңбектеріндегі келелі 
мәселелер қатарында аймақтағы мұнай өндірісі мен балық шаруашылығының дамуы болды. Бұл 
бағыттағы қазақстандық тарихшылар (Дулатова, 1984), (Алдамжаров, 1983), (Төлебаев, 2002) 
монографияларын мұнай өндірісі бойынша дәлелдемелермен толықтыруымыз заңды құбылыс.
Д.И. Дулатова Қазақстанға капитализм енуінің тарихнамасын алғаш зерттесе, З.А. Алдамжаров 
капиталистік өндірістік қатынастар негізінде 1917 жылғы Қазан революциясының заңдылығын 
ғылыми дәлелдеді, Т.Ә. Төлебаев капиталистік өндірістегі тау-кен саласына ерекше назар аударады. 
Сондықтанда отандық тарихшылар тарихи зерттеу принциптері мен әдістерінің ішкі 
байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна - жалпы методологиялық жүйе арасындағы 
байланыстылық, тарихты дәуірлеудегі ғылыми негіздер мен принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен 
кұндылық өлшемі туралы қалыптасқан ғылыми қағидалар мен болжамдарды орынды пайдалануды 
назардан тыс қалдырмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет