Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет38/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
36
Қазақстан қоғамының көпэтностылығы әр тарихи кезеңде үнемі артып отырды. 1897-1916 
жылдары Қазақстанға қоныстанған 1,5 миллион адамның 260 мыңы, яғни 22%-ға жуығы кері қайтса, 
78%-ы орнығып қалған. 1920 жылы - 38, 1959 жылы – 114, 1986 жылы – 120, 1999-2000 жылдары – 
131 этнос өкілдері тіркелді (Құдайбергенова, 2011: 100, 291). Қазіргі таңда Қазақ жеріндегі 130 этнос 
өкілдерінің 60-ы кезінде депортацияланғандар болып саналады (Тоғжанов, 2015: 17). 2006 жылғы 
Көкшетау халқының құрамында 433486 қазақ, 253430 орыс, 1025 әзірбайжан, 10553 беларус, 47519 
неміс, 11901 татар, 404 өзбек, 53472 украин және 46210 басқа этнос өкілдері болды (Әбуев, 2006: 306). 
Қарағанды жерінде 115 этнос өкілдері тұрып жатыр (Джамалиева, 2020: 105). Еліміздің астанасында 
111 этнос өкілдері тұрады, соның ішінде қазақтар – 52,7%, орыстар – 33,4%, украиндар – 4,3%, немістер 
– 2,3%, татарлар – 2,1%, беларустар – 1,3%, басқа этностар – 3,5%-ды құрайды (Этносы, 2009:198).
1-кесте Қазақстандағыэтносаралық ішкі көші-қон 
(Қазақстанның демографиялық жылнамалығы, 2017)
Жылдар
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Келгендер
Барлық 
этностар 
364655
366037
364638
337841
337267
405616
455451
616894
Қазақтар
296919
299368
299551
276963
276104
333324
373779
522109
Орыстар 
40434
38897
38563
36051
37266
42431
47606
53479
Өзбектер 
1703
2304
1933
2500
1852
3656
3708
5293
Украиндар 5531
4992
4801
4358
4334
4943
5482
5883
Ұйғырлар
3232
3177
3608
2718
2596
3483
4500
5692
Татарлар
3219
3178
3134
2844
2908
3234
3745
4246
Немістер
3391
3198
3040
2818
2855
3250
3812
4079
Басқа 
этностар
10226
10923
10008
9589
9352
11295
12819
16113
Кестедегі демографиялық деректен жыл сайын көшіп келушілер санының артып отырғаны, 
тиісінше халықтың көпэтностылық деңгейінің деөсіп отырғаны байқалады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 18 млн. 879 552 адам тұрса, 
2021 жылдың 1 қарашасында халық саны 19 млн. 82 467 адамға жетті. (ҚР Ұлттық статистика бюросы. 
2021 жыл, 12 ақпан). Көпұлтты Қазақстан жағдайында ұлттық идея тек этникалық, әлеуметттік, 
саяси және діни топтардың басын қосатын, біріктіргіш әлеуеті мол идея болу керек және алауыздық 
пен әлеуметтік жіктелулерге жол бермеуі тиіс (Мәңгілік ел, 2019:355). Ел бірлігін және этносаралық 
қатынастарды реттеуде қоғамдық-саяси институт-Қазақстан халқы Ассамблеясы қызмет етеді 
(Тоғжанов, 2015). Ассамблея құрамындағы 350 ұлттық-мәдени бірлестіктерден басқа аймақтарда 
үлкен, кіші ассамблеялар құрылған. Еліміз бойынша 43 этникалық топтан тұратын 1025 этномәдени 
бірлестік бар. Қарағанды облысындағы 56 ұлттық-мәдени орталықтың 18-і облыс орталығында
қалғандары Жезқазған, Теміртау, Сәтпаев, Саран, Шахтинск, Балқаш қалалары мен Нұра, Бұқар жырау 
аудандарында жұмыс істейді. Бұлорталықтар Германия, Украина, Беларусь, Литва, Польша, Армения 
елшіліктерімен тұрақты байланыс жасап отырады (Джамалиева, 2020: 105).
2019 жылғы этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу нәтижесінде еліміздің 17 өңірінен 
барлығы 367 ЭМБ тіркеуден өтті, оның 14-і республикалық, 42-і филиалдар мен өкілдіктер, 
311-і жергілікті бірлестіктер (Ерсейітова, 2020). Этно-мәдени орталықтар, мемлекеттік бюджет 
есебінен қаржыландыратын Достық үйлері және ұлттық театрлар этностардың мәдени 
құндылықтарын дамыту мақсатында қызмет етеді.
2-кесте. Республикалық деңгейдегі этно-мәдени бірлестіктер
(2019 жылы аккредиттелген аймақтардағы ҚХА ЭКО тізілімі)
ҚР «Наири»армян 
мәдени орталықтарының 
қауымдастығы
Қазақстан татарлары мен 
башқұрттарының конгресі
Түрік этно-мәдени орталығы 
«Ахыска»
Қазақстанның «Филия» грек 
қоғамдарының қауымдастығы
«Вайнах» шешен, ингуш 
халықтарының мәдениетін дамыту 
қауымдастығы
Қазақстан күрдтерінің 
«Барбанг» қауымдастығы
Қазақстанның «Мицва» 
еврей ұлттық ұйымдарының 
қауымдастығы
ҚР өзбек этномәдени 
бірлестіктерінің «Дустлик» 
қауымдастығы
Қазақстан ұйғырларының 
республикалық мәдени 
орталығы
Қазақстан корейлері 
қауымдастығы
Қазақстан украиндарының Радасы
Әзірбайжандар қауымдастығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет