Осы бөлімде келтірілген ақпараттың мағынасы – жеткілікті біліктілігі бар басқа ғалым жоғарыда аталған әдістерге сүйене отырып, зерттеуді тура осы бөлімдегідей қайталап жүргізе алуы. Биологиялық және биотехнологиялық тақырыптар жөніндегі мақалаларда, осы бөлімде зерттеу жүргізудің орны, уақыты, шарттары, қажет болған жағдайда зерттеу нысаны, материалдың көлемі мен құрылымы, тәжірибелік жұмыстарға арналған тәжірибе жоспары, пайдаланылған зертханалық және статистикалық рәсімдері сипатталуы қажет. Қолданылатын әдістердің шектеулері мен болжамдарын және егер бар болса, оларды жеңу жолдарын көрсету міндетті.