Ғылыми педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістері Сұрақтар


Оқушылардың жұмысын зерттеу



бет4/5
Дата05.12.2023
өлшемі26.56 Kb.
#485504
1   2   3   4   5
359982120ab1

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау жәнс графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр турлі тақырыптарға жазылған баяндамадары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және енбекке көзқарасы мен қатынасын, олардың теориялық және дайнындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады.
Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын жургізуді және осы сияқты дидактикалық проблемаларды қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді:
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғилыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспернментті зерттеулердің нәтижелері, әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі— экспериментті, екіншісі — бақылау объекгісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жоба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде — әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етін, ал екінші бір топ оқушылардың иемесе толық сынып ұжымын, сол сияқты өндірістік звеноны немесе бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспернментті және бақылау топтарындағы, сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жоө. Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспернментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп айтады.
Соңғы кезде педагогиялық әдебиеттерде экперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл сыйыпты, бүкіл ұжымды оқу – тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларлы зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болын болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу ннстнтуттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формадарын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. «Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспернментті жасанды жағдайда да жүргілуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқмптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы экспернмент жүргізіледі. Эксперимеиттің мұндай түрін лабораториялық эксперимеит деп атайды.
Әрбір экспернменттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі — мақсатына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет