«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет22/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   150
Дәрістер

Сұрақтар мен тапсырмалар

      1. Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық метабілімнің қандай блоктарынан тұрады?

      2. «Әдіснама» деген ұғымды түсіндіріңіз. «Әдіснама» ұғымының анықтамасын тар және кең мағынада сипаттаңыз.

      3. Педагогика әдіснамасының қызметтерін нақтылаңыз.

      4. Педагогика әдіснамасының теориялық жүйе ретіндегі ғылыми мәртебесін негіздеңіз.

      5. Педагогика әдіснамасының педагогикалық болмысты ғылыми тану мен қайта құру әдіснамасы ретіндегі ғылыми мәртебесін түсіндіріңіз

Негізгі әдебиет
1. Таубаева Ш. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. Оқулық. Алматы: Қазақ университеті, 2019.- 360 бет. (48-60 ; 281-308.) ,
2. Таубаева Ш. Педагогика әдіснамасы: оқу құралы. – Алматы : Қарасай, 2016. – 432 б. (98-131 б.)
3. Полонский В.М. Методология педагогики. Учебное пособие. – М.: Педагогическое. Общество России, 2001.
4. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике. – М.: Высшая школа, 2004. –512 с.
5. Педагогическая наука и ее методология в контексте современности: Сб. научных статей (материалы конференций) Под ред. В.В.Краевского, В.М. Полонского. – М., 2001. – 444 с.
6. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 400 с.
3-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен теориялық негіздері».
(дәріс-консультация)
Дәрістің мақсаты: Студенттерге зерттеу тақырыбына сай әдіснамалық тұғырлар мен теориялық қағидаларды таңдау тәсілдерін меңгерту.
Дәрістің негізгі терминдері: зерттеу тақырыбы, әдіснамалық тұғыр, теория, теориялық қағида, педагогикалық теория.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары.
2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық теориялық негіздері.

Осы бағыттағы жетістіктерге қарамастан, бүгінгі күні жас зерттеушілер де, тіпті тәжірибелі ғылыми қызметкерлер де зерттеудің ғылыми аппаратын тұтасымен, сондай-ақ оның жеке бөліктерін құрастыруда қиналатыны байқалады. Әсіресе, зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтау мәселесіне келгенде ізденушілердің көпшілігі бұның құрамына не кіретінін іздестіріп, тек зерттеудің ғылыми аппаратын үлгілерден алып жазып қоюмен шектелетін жәйттер де кездеседі. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілер “осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз” деген пікірде болады да, солай жазады да. Ал шын мәнінде, зерттеуші зерттеуд ің әдіснамалық негізін тек анықтайды. Демек, әдіснамалық негізді әдебиеттен қарастырып өз тақырыбының мәніне, мазмұнына сай таңдап алады. Әдіснамалық негіздің құрылымына, біздің пайымдауымызша, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, ұғымдардың және материалистік диалектиканың ұстанымдары мен әдістеріне қатысын ойластырады. Әдіснамалық негіздердің келесі бөліктеріне әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. Әдіснамалық тұғыр мен әдіснамалық ұстанымды бөліп көрсету себебіміз ізденушінің назарын ерекше аудару мақсатында болып отыр.


Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр. Ал енді әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ғалымдардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, пікірталастар, дөңгелек столдар, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.
Осы білімдерді жүйесі әдіснамалық тұғырлардың құрылымы мен мазмұны «Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах» (2005 ж.) атты оқу әдістемелік құралда «әдіснамалық ұстанымдар» 2.5., «әдіснамалық тұғырлар». 2.6. тармақшаларда берілген. Сонда зерттеудің әдіснамалық негізін сызба түрінде жобаласақ, төмендегідей үлгі шығады. 1-сурет.
Cонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйелерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, жетекші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, тарихилықты, сабақтастықты және т.б. жатқызады. Демек, тұғыр ұстанымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғылымға тән. Сондықтан педагогикада аталмыш тұғырлар мен ұстанымдарды зерттелетін объектілердің мәніне сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр бірнеше ұстанымдар арқылы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғылыми әрекеттің логикасына қатысты түсіндіріледі. В.В.Краевскийдің анықтауынша, әдіснама – педагогика ғылымының жасалу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі талапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейі бағаланады. Ізденушілерге біз 2007 жылы «Тұран» баспасынан жарық көрген «Введение в методологию и методику педагогического исследования» атты оқу құралындағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеу логикасы, зерттеу әдістемесі туралы мысалдармен тереңдетіле берілген әдіснамалық білім мазмұнын ұстанамыз.
Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сын көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғырдан қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үрдіске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет