«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет5/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Дәрістер

1- кесте. Ғылымның сипаттамасы





Параметрлері мен белгілері

Сипаттамасы

Түсіну және айқындау туралы белгі (0ден 100 балл)

1

2

3

4

1

Әрекет ету аймағы, таралу шектері

-адамның іс-әрекет аймағы;
-мәдени-рухани феномен, рухани өндіріс формасы (түрі);
-қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің түрлерінің тарихи қалыптасуының бір түрі;
-қоғамның барлық аймағына айтарлықтай әсері бар әлеуметтік институт;
-тәртіптік білімнің жүйесі немесе жиынтығы;
-білімнің және әдет-ғұрыптың жүйелі жинақталған қорының, дүниенің ақиқат заңдылықтарының жүйесі және таным әдісі.







Миссия

- дүниені оңтайлы тану және адам мен қоғамның пайдалы іс-әрекетінің базасын қамтамасыз ету;
- техника мен өндірістің даму факторының ғылымның дамуымен байланыстылығы;
-мемлекеттің күшінің көрсеткіші қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің қаншалықты қамтамасыз етілгендігінде. Ғылыми жетістіктер мемлекеттің экономикалық және халықаралық мәртебесін көрсетеді.




3

Мән

-ақиқат болмыстың құбылыстары мен пәндерінің арасындағы жасырын, айқын емес, бірақ шын мәнінде бар байланыстар түзу, зерттеліп отырған құбылысты туғызушы барлық себептер кешенінің пайда болуы. Жаңа білімнің анықтығы тек хабарланып қана қоймайды, нақты құрылған логикалық амалдар мен білімді ұйымдастырудың жүйелілінің көмегімен дәлелденеді.




4

Негіз

- мұраттар мен қағидалар;
-философиялық негіздер;
-дүниенің ғылыми бейнесі;
-ұстанымдар, ғылыми аппарат, зерттеу стандарты.




5

Мақсат

-табиғат заңдарының пайда болуына және оларды эмпирикалық бақылауға негізделген дүниені тиімді тәсілдермен танудың көмегімен ақиқатқа қол жеткізу;
-нақты шын білімнің өндірісі мен олардың жүйелілігі.




6

Міндеттер

-сипаттау;
-түсіндіру, сыни талдау, жүйелеу, сараптама, жаңа білімді тудыру;
-жаңалық ашылуы;
-ойлап табу;
-фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, тенденцияларды, олардың ашылу заңдылықтарын зерттеудің пәнін құрайтын ақиқат нысандарын алдын-ала көру, болжау.




7

Атқаратын қызмет (функция)

-мәдени-өмірлік көзқарас, оның ішінде коммуникативтік;
-технологиялық, заманауи дамуды қамтамасыз ететін жаңа технологияны жасаумен байланысты жобалау-құрастырмалық;
- аса ірі проблемаларды шешу жолында өзін - өзі көрсетудегі әлеуметтік реттеу және күш, мысалы экологиялық;
- тікелей өндіруші күш, әлеумет дамуының шаруашылық-мәдени факторы.




8

Деңгейлер

-эмпирикалық;
-теориялық.




9

Құрам

-өз кезегінде көптеген ғылым пәндерге бөлінетін бірнеше дербес ғылымдарды біріктіреді.




10

Критерийлер

- дүниені оңтайлы тану;
-жалпы байланыстар мен заңдылықтардың реттелген кескіні;
-өндіруші күш;
-қайшылықсыздық, толықтық, анықтық, ақиқаттық, тәуелсіз дереккөздердің және бақылауладың жиынтығымен айқындлтын жан-жақтылық, нақтылық;
-тарихи өзгермелі нормативтер, ғалымдардың мәдени- стилистикалық ерекшеліктері мен ойлау схемаларына қойылатын талаптар (мыс, қатаң детерминистикалық немесе ықтимал және жобалап ойлау);




10

Критерий

  • дүние танудың тиімді жолы;

  • жалпы байланыстар мен заңдылықтардың реттелген бейнеленуі;

  • өндіргіш күш;

  • тәуелсіз дереккөздер және бақылаулардың қарама-қайшылықсыз, толықтық, сенімділік, шынайылық, жан-жақтылықпен расталатын жиынтығы;

  • тарихи өзгеріп тұратын нормативтер, мәдени-стилистикалық ерекшеліктерге және ғалымдардың ойлау схемасына қойылатын талаптар;

  • алынған зерттеу нәтижелерін мойындалған, ғылымды жеткілікті негізделмеген және талданбаған өзге білімдердің еніп кетуінен сақтайтын іргелі білімдермен өзара байланысын қамтамасыз ететін когеренттілік;

  • прогрессиялық, төзбеушілік, жартылай негізді, ақпараттық, эвристикалық, эстетикалық жинақылық, демократиялық және қарым-қатынастың либералдық жүйесі және т.б.




11

Жүзеге асыру түрі

-ғылыми зерттеу жүргізу –жаңа білім жасап шығару, жекелеген зерттеушіге де, сонымен қатар ғылыми жұмыс түрінде – диплом жұмысы, диссертация, жоба т.б. ретінде рәсімделген зерттеу тобына да танымдық іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.




12

Зерттеу бағыты және түрлері

-іргелі - жаңа негізделген білім алу, сонымен қатар нәтижесі тікелей өндірістік қолдануға болжанбаған зерттеліп отырған құбылыстың заңдылықтарын түсіндіру мақсатында жасалатын терең де жан-жақты зерттеу. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «неге мұндай жолмен жасалады және жасалуға тиіс?».
- ізденістік- қолданбалы - іргелі ғылымның жетістіктерінің негізінде практикалық мәселелерді шешу жолдары жасақталады. Зерттеу нәтижесі жаңа технологияны жасаудағы және бұрыннан бар технологияны жетілдірудегі нақты ұсыныс болып табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «Қалай және қандай жолмен әрекет ету керек?»
- зерттеушілік және тәжірибелік-жобалау жасалымдары - ғылыми да жобаны техникалық және инженерлік жағынан жетістіруді қамтамасыз ете отырып, ғылым өндіріспен жалғасады.
-осы ғылымның, ғылыми пәннің нақты нені зерттейтіні туралы ғылыми тұрғыдан қарауға жататын ақиқаттың бөлігі, аймағы, аумағы, яғни, зерттеушінің ойы неге бағытталғаны, не нәрсе бейнелену мүмкіндігі, сипатталғаны, аталғаны, қабылданғаны, айтылғаны және т.б. Сонымен қатар бірнеше ғылыми көзқарастар тұрғысынан болу мүмкіндігі.




14

Пәні

  • - нысанның зерттеуге жататын айқындалған аспектісі (жағы, қырыбөлігі).




15

Субьект

  • -жекелеген зерттеуші, ғылыми қоғам, ғылыми ұжым және т.б., ақырында тұтас қоғам.




16

Мазмұны

  • -жаңа білім алудағы іс-әрекет және оның нәтижесі – дүниенің ғылыми бейнесінің негізі болып табылатын жүйеленген білімнің жиынтығы.




17

Әдістер

  • - ойлаудың жалпыадамзаттық амалдары (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, индукция, дедукция);

  • - тарихи және логикалық;

  • - белгілі бір ғылым немесе ғылыми пәнге және олардың өзіндік ерекшелігіне сәйкесті мерзімді жүйесі мен амалдары;

  • -амалдар: а) эмпирикалық зерттеу (амалдық, байқау, өлшеу, эксперимент т.б.); б) теориялық зерттеу (абстрактіден нақтыға шығу, аксиоматикалық, формальдық, модельдеу, рефлексия және т.б.).

  • Тәсілдер сонымен қатар төмендегіше бөлінеді: а) жалпығылыми; б) жеке ғылыми; в) арнайы әдістер.




18

Ғылыми таным мен зерттеудің үдерістері мен кезеңдері

  • - Ғылыми таным үдерісі: Ж. Адамар схемасы бойынша:

  • - а) ғылыми міндеттерді қоя білу; б) инкубация; в) ой келу; г) Энгеймауэр схемасы бойынша логикалық таңдау: а) нұсқаларды бастырмалату; б) нұсқаларды іріктеу.

  • Ғылыми зерттеудің үдерісі мен кезеңдері:

  • -ғылыми және әлеуметтік контекстіде мәселені ұғыну және бөліп ала білу;

  • - идеяның тууы, тақырыптың аталуы;

  • -зерттеу мақсаты пен міндеттерінің пайда болуы;

  • -болжамның жасалуы, теориялық зерттеу;

  • -эксперимент жүргізу, ғылыми фактілер мен нәтижелерді жалпылау;




19

Нәтижелер

  • -өмір сүру сапасын барынша тиімді тәсілдермен арттыру;

  • -қоғамның материалдық-техникалық базасын жасақтаудағы айтарлықтай көмек;

  • -ғылыми-техникалық жаңалық (разработка);

  • -қоғамдық қатынастарды жетілдіру;

  • -адамның жаңа сапаларын қалыптастыру;

  • -практикада тексерілген ұғым, категория, заңдар, болжамдар, теориялар, дүниенің ғылыми бейнесі сияқты танымның әртүрлі әдістері нәтижесінде алынған ғылыми білімнің нәтижелері. Олар алдын-ала болжамды қоғам мен адамның талабына орай ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік береді;




20

Инфрақұрылым

  • -нақты бір қызмет атқаратын отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары мен бөлімшелері;

  • - ғылыми-зерттеу жұмыстарының білім мен әдістерін ғылыми іс-әрекеттегі субьект ретіндегі жеткізуші ғылыми қызметкерлер, отандық, халықаралық ғылыми қаумдастықтар;

  • -ғылымды мемлекеттік ұйымдастыруға және басқаруға, ғылыми жобалар конкурстарын өткізуге жауапты мемлекеттік басқару органдары және т.б.;

  • -диссертациялық зерттеулерін қорғау арқылы нәтижеге қол жеткізетін ғылыми кадрларды дайындау;

  • - өз ықыластарымен және мемлекеттік, бизнестік тапсырыстар бойынша жасалған ұжымдық және авторлық жұмыстар;

  • - арнайы танымдық мақсаттардың, міндеттердің және құралдардың болуы;

  • -ғылыми жетістіктерді бағалаудың, тексерудің, талдаудың, марапаттаудың (медаль, сыйақы) түрлерін, белгілі бір санкциялардың болуын ойлап табу;

  • ғылыми ақпарат және коммуникация жүйесі;

  • -отандық та халықаралық та ерікті ғылыми қоғамдар.




21

Ғылыми тіл

  • әрбір ғылыми жүйеге қажетті арнайы тіл: а) табиғи; б) жасанды (белгілер, символдар, математикалық теңдеулер, химиялық формулалар және т.б.).

  • Олардың арасындағы ерекшелігі: айтылатын сөзді алдын-ала ойластыру, монолог, үлкен мазмұнды толықтық және ойды айтып жеткізудегі ұжымның ішкі логикасы, түсініктілік және категориялық аппарат.

Жоғары дәрежеде толыққанды ойлау негізінде ақпараттылық, бірізділік пен дәл, нақты түсінудің ғылыми байланысын қамтамасыз етеді.




22

Ғылымдар жүйесі

-табиғи;
- қоғамдық және гуманитарлық;
-техникалық.




23

Өзара әрекеттестік:

-философиямен, оның ішінде "неге және ақиқаттың жетістігі қалай мүмкін болады" деген сауалдың аясында талқыланатын ғылым философиясымен.
- идеологиямен (қоғамдық идеяларымен және теориялар мен көзқарастар жиынтығымен).




24

Қалыптасу тарихы

- Ерте дүниедегі қоғамдық практика талаптарымен байланысты пайда болу;
-қазіргі жүйеде қалыптасты: 16-17 ғғ.




25

Периодтар

-ғылымның дамуында оның құрылымын, таным қстанымдарын, категорияларды және әдістерді, сол сияқты оның ұйымдастыру формасын өзгертуге әкелетін экстенсивтік және революциялық кезеңдер кезектесіп отырады.




26

Қазіргі жағдайы

- ғылыми әректтің көлемі ірбір 10-15 жылда көбейіп отырады, соған байланысты:
- жаңа ашылымдардың өсуі;
-ғылыми ақпараттың өлемі;
-ғылыми қызметкерлердің саны артып отырады.
Қазіргі өркениеттің инновациялық дамуының талаптарын орындауды мақсат тұтқан, сонымен қатар ғылымда жетекші рөлге ие "ғылым-техника-өндіріс" жүйесін туғызған ғылыми-техникалық революция.




27

Жаңа белгілер

- тұрақты құбылыстарды зерделеп отыру дербес, қайталанбас құбылыстарға ғылыми назар аударуды еселей түседі;
-нанотехнологияны кең түрде өндірістік қолданудың күтілуі барлық адамзат үшін терең экономикалық және әлеуметтік әсерлі болмақ;
-дүниенің механикалық бейнесіне негізделген классикалық ғылым классикалықтан тыс және классикалық емес бейнемен толықты (кванттық үдерістерге бақылау мен бақылаушы ұстанымдарының әсері, кейбір космогондық теориялар және т.б. кезіндегі табиғат заңдарын өзгерту ұстанымдары және т.б.);
- әлеуметтік-мәдени ақиқатты түбірімен өзгертетін микр- және мега әлемді тану бағытын тереңдету;
-классикалықтан тыс ғылым әлеуметтік мәдени келісімді насихаттайды;
-жаңаның мәні абсолюттенеді;
-ақиқатты қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арқылы түсінуде қатаң математикалық және физикалық модельдерді біріктіретін синергетиканың пәнаралық әдісін тірек ету;
-дүниеге көзқарасты бағдарлау;
-ғылымның парадигмалық сипатына бейімделу;
Дамудың альтернативтік мүмкін сценарийлерін құру;
-синтезма және антисциентимизм сияқты бағыттарды күшейту.




Антисциентисттердің бастамасымен ғылыми жетістіктердің қолданылуына әлеуметтік бақылаудың қажеттілігі туралы мәселе көтерілді, әйтпесе, ғылым өздігінен адамзатты бақыттырақ ете алмасы анық еді және оны адамгершілікпен (мораль) ауыстыруға болмайды.


Осының бәрі жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық, техникалық ғылымдар мен нәтиже алуға бағытталған ғылыми зерттеулердің жауапкершілігін көтеру қажеттігін куәландырады және сонымен бірге адамзаттың болашақ дамуын жобалайтын ғылыми-теориялық қызметтің маңыздылығына бағыттайды.
Қазіргі заманғы өркениеттіліктің, қоғамның өмір сүру дағдысының, адамзат тағдырының, табиғи ортаның жағдайының, әлеуметтік-мәдени және білім беру прогресінің аса ірі кризисіне төтеп беру сауатты ғылыми шешімдерге тәуелді.
Ғылым дамуында ғылыми революциялар, құрылымын, таным қағидаларын, категориялар мен әдістерді, сонымен қатар оны ұйымдастырудың формаларын өзгертуге әкелетін ғылым парадигмасының өзгеруі сияқты экстенсивті және революциялық кезеңдер кезектесіп отырады. Ғылым үшін оның дифференциациясы мен интеграциясы үдерістерінің, іргелі және қолданбалы зерттеулер дамуының диалектикалық үйлесімі тән.
Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық кезеңдері. Қандай жұмысты ғылыми жұмыс деуге болады? Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп, педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты.
Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өте жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім берсе, бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім – эмпирикалық. Ал, егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет