«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Педагогикалық зерттеулердің түрлері және мәселелері. Қазіргі замануи педагогикалық зерттеудің көкейкесті мәселелері



бет9/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150
Дәрістер

Педагогикалық зерттеулердің түрлері және мәселелері. Қазіргі замануи педагогикалық зерттеудің көкейкесті мәселелері. Қоғамдық тәжірибеде ғылымды қолдану әлеуметтік өмірдегі бірінші дәрежелік факторлардың даму сатысы болып табылады. Сондықтан басты назарды ғылыми мәселелерге аударып, оның қоғамдағы функциясы мен маңыздылығына, кәсіби кадрлардың дайындық рөліне және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеге енгізуге айрықша мән беру қажет. Ғылыми таным әдіснамасының мәселелері сондай-ақ психология мен педагогикада да өзекті. Аталған ғылымдар қазіргі кезде даму ерекшелігімен айқындалады. Біріншіден, осы шақта олар көп мөлшерде тек қана бір философиялық теорияға сүйеніп, қандай да бір ғылыми дәрежеде болса да, әлемдік философиялық ой жетістігіне қолданысқа ие болды.
Екіншіден, психология мен педагогика даму барысында байып, тәжірибе жинақтап, өзінің шарттары мен заңдылықтарына негізделеді. Осының бәрі әдіснаманың негізделген көптеген сұрақтарды қойып, психо-педагогикалық мүмкіндіктерді қарастырады, арасындағы шекараны айырып, осы пәндерде логикалық білімнің құрамын, психология және педагогикалық басқа ғылымдармен қарыма-қатынасын, ғылыми білімдерді алу жолдарын, қоғамдық тәжірибеде осы білімдерді қолдануын қарастырды. Әдіснамалық мәселелердің өзектілігі сондай-ақ келешек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі өзгерген қажеттеліктерін анықтап, ересек адамдарға да кәсіби білім беру талап етеді, бұл психо-педагогикалық теория мен тәжірибені тереңірек тануда жаңа жолдар мен құралдарды қажет етеді. Осылайша, педагогика мен психологияда әдіснамалық мәселелердің өзектілігі бір жағынан Ресейдің оқыту мен тәрбие жүйесінің әлеуметтік даму мәселесі мен анықталса, басқа жағынан психо-педагогикалық білімдердің даму деңгейінің өсуі, педагогика мен психологияның ішкі қажеттілігін туындайды.
Әдіснама ғылыми танымның теориялық мәселелерін оқып үйретеді, сондай-ақ зерттеу заңдылықтарын шығармашылық үрдіс ретінде ғалымдардың іс-әрекеттерін, әдіс-тәсілдерінің қолданылуын, жүйелеу мен салыстырылуын талдайды.
Психология мен педагогика әдіснамасы психо-педагогикалық теорияның құрамы мен негізгі білім жүйелерін зерттеу үрдістері мен құбылыстарының тәсілдемелерін, жеке тұлғаның қалыптасу әдістемесенің біліктілігін қамтиды.
Қазіргі таңда психология мен педагогиканың дамуы тек қана жеке өзекті әдіснамалық мәселелерді шешім қоймай, арнайы білім жүйесінің біртұтас әдіснамасы жасалды. Бұл ғылыми зерттеулер мен психо-педагогикалық теорияның тиімділігін арттырады. Психологиялық және педагогикалық ғылымдарының әдіснамалық дамуы жалпы ғылыми әдіснаманың дамуына ықпалын тигізді. Әдіснамамен байланысты ғылыми түсініктеменің бірі болып, әдіс ұғымы саналады. «Әдіс» термині грек тілінен methodos сөзінен шыққан. Ол «жол» деген ұғымды білдіреді. Ғылыми әдіс деген ұғым мақсатты тәсілдемені білдіреді және алға қойған мақсатқа жетеді. Бұл танымдық тәсілдемелер мен практикалық операциялардың ғылыми білімдерге бағытталған кешені. Психо-педагогикалық зерттеулерде ғылыми әдіс түрлі тәсілдер мен тәсілдемелердің берліген ғылымдар мен пәнге қойылған талаптарға сай жүйесі болып табылады.
«Әдіс» ұғымы кең мағынада қолданылады. Өзіндік тәсілдері бар танымдық үрдіс болып есептеледі. Мысалы, теориялық сараптама әдісі өз ішінде синтез, дерексіздендіру, талдап қорытуды енгізеді. Тар мағынада әдіс ұғымы ғылыми пәндердің арнайы әдістерін білдіреді. Мысалы, психология мен педагогикада бұл дегеніміз – ғылыми бақылау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, тәжірибелік әдіс т.б. Психо-педагогикалық зерттеуде «әдістеме» ұғымы кеңінен қолданылады. Бұл термин әр түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығын білдіріп, соның көмегімен психо-педагогикалық құбылыстар мен үрдістерді танып біледі. Зерттеу процедурасы ұғымы да қолданылады. Бұл әлеументтік термин, ол үлкен дәрежеде зерттеудің ұйымдастыру жағын білдіреді: зерттеу жоспары мен нысаны, уақытша параметрлер, қатысушылардың саны, зерттеу базалары. Психология мен педагогикадан ғылыми жұмыстардың әдістемелік деңгейі көрсетілген талаптарға сай болуын көздейді, сондай-ақ ізденістер жүргізіп әдістемелік сараптамалар мен тактикалық құралдарды таңдап зерттеу қорытындысын шығарады. Зерттеу баламалы түрде осы талаптарды жүзеге асыра отырып ғылыми болады. Осы жағдайда ол біліктілікті қарастырып тек қана нақты позитивті деңгейдегі нәтижеге жетіп қоймай, өз бетінше зерттеу мүмкіндігін туғызады.
Психо-педагогикалық зерттеулердің әдістемелік сипаттарына мыналар жатады: мәселе, тақырып, өзектілік, нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, әдістер, зерттеу кезеңдері, қорғау жағдайлары, жаңашылдық, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Бұл сипаттамалар айқын және анық тұжырым түрінде беріледі. Зерттеуші осы мәселелерді алға қоя отырып, сол кездегі білім деңгейінің жеткіліксіз жақтарын дәйектеп, жаңа фактілермен байланыстар аясындағы концепцияның зиянын анықтап жаңа тәжірибеге сұраныс пайда болды. Мәселе зерттеу тақырыбында көрсетіледі. Тақырыпты құрастыру психо-педагогикалық теория мен тәжірибенің ғылыми жетістктері шынайы қозғалыс серпініне сай келеді. Тақырыптың құрылымы мен мәселені алға қою зерттеудің өзектілігіне негіз болады, неліктен берілген мәселені оқып үйрену керек атты қойған сұраққа жауап береді. Бір сөзбен айтқанда зерттеу сипаттары өзара байланысып, бірін-бірі толықтырады. Зерттеуді ұйымдастырып жүргізудің басты талабына оның әдістемелік толықтырулары мен жеткіліктілігі сондай-ақ түрлі деңгейдегі әдістемелік сараптамалар қолданылады. Ресми түрде мәлімдемей заманауи ғылыми тәсілдемені қолдану қажет (жүйеленген тәсілдеме, ақпараттарды жинақтап қайта өңдеу, математикалық және ақпараттық құралдар). Бұл зерттеудің барлық кезеңдерінде нысан моделіне бірыңғай сүйене отырып әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа зерттеу нәтижелері қолайлы түрде теңестіріліп, зерттеушінің күш салуы мен уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа сай жоспарланып кері байланыс каналы бар тәжірибелі түрде заманауи түзетулер енгізеді. Ұйымдастыру талаптарын орындау барысында алынған зерттеу нәтижелерінің шынайылығы мен көрсетілген болжамның сенімділігі нақтыланады. Зерттеу стратегиясын анықтау кезінде қандай теория (концепция) негізге алынғанын, қандай ғылыми тәсілдемелерді ғылыми мәселелерді шешу үшін алынғанын анықтайды. Бұл зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен нақтылығына, нысанды анықтауға мүмкіндік береді. Сөз түріндегі «жүйелі», «кешенді», «біртұтас» терминдерінің қолдану аясын шектейді. Әдіснамалық сараптамалардың тактикалық құралдарын жүзеге асыру мен таңдау талаптары зерттеу әдістеріне сәйкестендіріледі және қажеттілік пен жеткілікті сипатқа тән болады (олардың жиынтығы, номенклатура мен оптималды үйлесімділігі). Осы жағдайда эмпиристік материалды салыстырмалы және нақтылы түрде алуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді, оны теориялық өңдеуден өткізіп және интерпретациялайды. Зерттеу нәтижелерін дәлелдеуде психологиялық және педагогикалық тәжірибелер маңызды рөл атқарады. Егер де олар тиянақты түрде дайындалса және жеткілікті түрде ұзартылып жүргізудің тазалығы мен сипатталса, өңдеу тәсілдерінің айрықша мәні бар. Зерттеудің ұғымдық категориясы талаптарына келсек, зерттеушінің бір жақты және түсінікті ұғымдарды енгізуі туралы сөз болмақ және пайдаланатын категорияларды түсіндіріп басқа жағдайларда психо-педагогикалық ғылымдарға тән түсініктер автордың түсінігінен айырмашылығы болуы керек. Психо-педагогикалық зерттеулердің әдістемелік деңгейінің негізгі талаптары осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет