Әділжан ҮМБЕТ,
СЫР ЖЫРАУЛАРЫ «ШАҺНАМАНЫ»
САРЫАРҚА ТӨРІНДЕ ШАЛҚЫТТЫ
Өткен жұмада Астана қаласындағы Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған Сыр елі жыршы-жырауларының «Жыр-керуен» өнер кеші өткізілді. Өзгеше өнер өрнегімен өрелі биікке өрлеген өңірдің бұл мәдени шарасына еліміздің бас ордасының жұртшылығы көптеп жиналды. Бұл шараны тамашалаған азаматтар қатарында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаев, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары бар.
Өнер шарасы «Шаһнама – Оғыз мәдениеті, әлем әдебиетінің жауһары» атты театрландырылған қойылыммен басталды. Бұл қойылым барысында Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрының әртістері Ұғым Баймаханов «Шаһнама» шығармасын жазып қалдырған парсы шайыры Фирдоусидің бейнесін сомдаса, дария бойында дүниеге келіп, дүйім елдің дүлдүлі атанған Тұрмағанбет Ізтілеуұлын Бақытбек Темірбеков, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновті Сырым Әбдіразақов сомдады. Аталмыш көріністе алдымен Фирдоусидің әлем әдебиетінің жауһарына айналған «Шаһнаманы» жазудағы сезім толқынысы жұртшылық назарына ұсынылса, одан кейінгі кезекте Т.Жүргеновтің Тұрмағанбетке сол дастанды тәржімалау жайындағы ұсынысы көрсетілді.
Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Шаһнама» дастанының қазақша музыкалық шығуына орай жүрекжарды лебізін Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді. Онда әр халықтың әлемдік мәдениеттің інжу-маржаны санатына енгізілетін ұлттық құндылықтары болатыны атап өтілген. Солардың қатарында тек Иранның ғана жазба ескерткіші емес, халықаралық әдебиеттің ортақ игілігіне айналған «Шаһнама» дастаны да бар. Парсы-түрік халықтарының терең тарихына үңілуге мүмкіндік беретін, оны дәйекті түрде және көркем баяндайтын шығарманы зерттеп, зерделеудің маңызы өте зор. Осындай шоқтығы биік шығарманың қазақ тіліндегі нұсқасын ақын Тұрмағанбет Ізтілеуов тәржімалап, әдебиет әлеміне құнды дүниені қалдырды.
Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбіш Кекілбаев әлем халқына әйгілі дастанның шығу тарихына тоқталып өтті. Бұл шығарма бір-екі жылдың беделінде дүниеге келе қойған жоқ. Парсы халқының атақты шайыры Фирдоуси оған өмірінің көп бөлігін сарп етті десек те, артық емес. Жер бетінде таңды таңға ұластырып, көз майыңды тауысып оқи қойсаң да, түгесіле қоймайтын үлкен-үлкен әдебиеттер бар. Солардың ішінде грек және парсы әдебиеттері ең ежелгілері саналады. Дастанның дүниеге келу
11
тарихы да оқырманның өз қызығушылығын тудырады. Дастанды жазуға Фирдоуси отыз жылдан астам уақытын жұмсағанын айтқанмен, негізінде өмірінің соңына дейін сол шығарманы жазған деген де әңгіме бар.
Ал сол жауһар жыр дүниесін тәржімалауға Тұрмағанбет ақын жылға жуық уақытын бөлді. Бұл шығарма оқырман қауымның іздеп жүріп оқитын игілігі болды. Осы мақсатта Сыр өңірі басшылығының қолдауымен жасалған «Шаһнаманың» жаңа музыкалық антологиясын шығару ұзақ жылдан бері көптің көкейінде жүрген мақсаттың бірі еді. Сол ізгі іс елдің ойындағыдай деңгейде жүзеге асқаны қуантады.
«Шаһнама» антологиясын шығару идеясының авторы, жырау, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов өнер кешінің шымылдығын жыр бастаумен ашты. Одан кейін антологияның шығуы мен еліміздегі дәстүрлі өнердің дамуы жөнінде қысқаша баяндап берді. Әлемге әйгілі «Шаһнама» дастанының қазақша нұсқасы біздің халқымыздың баға жетпес байлығы деп нық сеніммен айта аламыз. Осы бір асыл дүниені түпнұсқасы секілді оқырманға ой саларлық деңгейде жеткізе білген Тұрмағанбет ақынның туындысы осылайша жырсүйер қауымға қаз-қалпында ұсынылып отыр. Антологияда жыраулар 40 мың жолдан асатын дастанды қаншама сағат бойы орындап береді.
Жалпы, қазақ өнерінде орны зор дәстүрлі ән өнерін дамытуда соңғы жылдарда ауқымды жұмыстар атқарылды. 1998 жылы еліміздің өнер саласына мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарында дәстүрлі ән кафедралары жұмыс істей бастады. Сол уақытта Қазақстанның Білім министрі қызметін бүгінгі таңда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев атқаратын. Осылайша соңғы 15 жылда елімізде дәстүрлі ән өнері жоғары биікке қайта көтерілді.
Осыдан кейін Сыр елі жыршы-жырауларының «Жыр-керуен» атты мерекелік жыр шашуы басталды. Алдымен қызылордалық жырау Серік Жақсығұлов «Шаһнамаға кіріскенде» шығармасын орындаса, келесі кезекте Жиенбай жыраудың ұрпағы, жырау Бидас Рүстембеков және Шолпан Бейімбетова, Әзілхан Мақсатбаев, Майра Сәрсенбаева, Нұртілек Ақтаев сынды Нұртуған, Нартай, Жиенбай жыр мектептерінің өкілдері жырдан шашу шашты. Жыраулар Күнсұлу Түркпенова мен Руслан Ахметов Қазақстан Тәуелсіздігін арқау еткен дүниелерді жұртшылық назарына ұсынды.
//Сыр бойы.-2013.-19 желтоқсан.-1 б.
12
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА,
ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ СЫР ҚОЙНАУЫ
Жуырда Студенттер сарайында облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда мемлекеттік университеті және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ежелгі және ортағасырлық Сыр өркениеттері» атты халықаралық тәжірибелік конференция болып өтті. Оған Ресей ҒА-ның Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы «Этнология және антропология» институтының бөлім меңгерушісі И.А.Аржанцева, Новосибирь «Геология және минерология» институтының аға ғылыми қызметкері С.К.Кривоногов және отандық археолог-ғалымдар қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институты Түркістан филиалының ұстаздары, ғалымдар Зейнолла Самашев пен Дархан Байтілеу Сыр өңіріне жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесіне тоқталды. Алғашқы Хорезм экспедициясынан бастау алған зерттеу жұмыстары әлі жалғасып келеді. Алайда, жергілікті әкімшілік, көпшілік қауым осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінен хабарсыз. Оны бір жүйеге түсіру қажеттігі туындайды. Аймаққа жүргізілетін зерттеулерді реттеу, топ жұмыстарын үйлестіру ҚМУ-дың «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеті болуы шарт. Құпияға толы Сыр қойнауына соңғы екі жыл көлемінде жүргізілген жұмыс қорытындысы мен табылған жәдігерлер облыстық өлкетану мұражайына тапсырылды.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Арал маңы ежелгі тайпаларының қола дәуірінен кейінгі ортағасырларға дейінгі аралықпен кезеңделетін ескерткіштерді зерттеуге арналған мағлұматтар талқыланып, зерделенді. Сондай-ақ археологиялық ескерткіштердің және мемлекеттік қорғаудағы нысандардың толық тізімі жасалынып, алдағы атқарылар істер сараланды.
//Сыр бойы.- 2013.- 21 желтоқсан.- 5 б.
13
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері
баспасөз беттерінде
Біздің сауалнама:
-
«Халықтық IPO» бағдарламасы туралы не білесіз?
-
Бұл бағдарламаға жеке көзқарасыныз қандай?
-
Алдағы уақытта бағдарламалар аясында акциялар сатып алу ойыңызда бар?
Экономикалық тұрғыдан сенім артатын серпінді бағдарлама:
Гүлнар Талапбекова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың эконмика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі:
«Кез келген жаңа бастамаға қолдау көрсеткен жөн»!
-
Бұл бағдарлама атауы Елбасы жолдауында айтылған сәттен бастап етене таныспын. Ғаламторды ақтарып, қажет деген ақпарат көздерімен де таныстым. Негізі кез келген жаңа бастамаға қолдау көрсеткен жөн. Қазақ десе, өзімізге тиеді. Жылт еткен жаңа дүние қолданысқа енгелі жатса, құшақ жая қарсы алмаймыз. Осының осал тұсы кай тұста деп іздеу саламыз. Бұл бағдарламаны калың көпшілік бірден қолдай қойған жоқ. Әлі күнге дейін бұл халықтық сипаталып отыртан жоқ. Дегенмен қызығушылық артып, бірте-бірте халықгық сипатқа ертіп әкелетіндей лек қалыптасып келе жатыр.
-
Өзім бұл бағдарламаға толықгай қолдау білдіремін. Себебі «Халықгық ІРО» бағдарламасы — ізгі ниетгегі жоба. Халықтаң хал-ахуалының жақсаруына негіз болады деп санаймын. Бұл бағдарлама түсінген жеке тұлғаға өзінің пайдасын алып келеді. Телеарна арқылы, көріп жатырмыз, бұған үлкен де, кіші де тайлы-тұяғымен ат салысып жатыр. Экономикалық тұрғыдан сауаты жететін азаматгардың мүмкіндікті құр жібергісі жоқ. Өйткені олжаны қалай табуды жақсы біледі. Айта кетерлігі, мұны оңай олжа деп бағалауға қарсымын. Акционер акция сатып аларда өз қаржысын жұмсайды. Ол — өзінің мандай терімен келген қомақгы каражат. Кім өз қалтасындағы ақшаның қалындағанын қаламайды?! Осы ретте олар бағдарламаны жүзеге асыру жолында еңбек етеді. Ақшамен қалай жұмыс істеу қажетгігін адамдар осындай жетістігі зор бағдарламалар арқылы танып біледі. Қарапайым адамнын үнемдеген тиын-тебені түкке тұрмайды. Одан да пайда түсіретін жолды таңдаған жөн.
3. Шынымды айтсам, осы уақытка дейін бағдарламаға аса бір қызығушылық танытып келемін. Әр кезеңді акционер атануға қолайлы сәт пе деп күгіп жүрмін. Биылғы жылы айналымға шығатын акцияларды бақылап, бағамдап, реті келсе сатып аламын. Бұны сатып адарда адам тәуекелге бел буғаны жөн. Ақшасының желге ұшпайтынына іштей сенім білдіруі шарт.
//Халық.-2013.- 5 желтоқсан.-5 б.
14
Бағдат КӘРІБОЗҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор
СЫР МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАБЫРҒАЛЫ ҚАЙРАТКЕРІ
Сыр мәдениетінің қабырғалы қайраткері – Тынышбек Дайрабайды еліміздің еңкейген кәрісінен еңбектеген баласына дейін біледі. Әсіресе, бұл есім – сырбойылықтар үшін қымбат, құрметті. Осы айтқанымызды дәлелдеу үшін арқалы азаматтың, елін, жерін сүйетін патриот ағамыздың ғылыми қызметін саралап көрейік.
Т.Дайрабайдың «Сырдария кітапханасының» құрамында жарық көрген «Тұғырлы тұлғалар» деп аталатын кітабының І бөлімі «Пірлер мен ахундар» деп аталады. Бұл бөлімде 9 әулие мен ахун жайындағы ғылыми мағлұматтар берілген. Бұлардың бәрін талдап, саралап жату бір мақала көлемінде мүмкін емес. Осы бөлімдегі «Марал баба діндар ғана болған жоқ» делінген ғылыми мақалада автор маралбабатануға тың деректер қоса алған. Марал бабаның Керей болысының старшинасы Байсалмен бірге Орынбор әскери генерал-губернаторы Эссеннің және Сібірдегі әскери бөлімнің бастығы – генерал-лейтенант Катцевичтің атына хат жазғаны, онда Ресеймен достық қарым-қатынастың бұзылып, орыстардың қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алғанын, осыған байланысты өзінің Ресей императорына кіруіне рұқсат беруін сұрағаны жайында айтылады. Осы хаттың қозғауымен сол кездегі вице-канцлер, граф Нессельрод 1821 жылдың 30 желтоқсанында Сібірдің генерал-губернаторы М.Сперанскийге хат жазады. Кейіннен губернатор М.Сперанский мен граф Нессельрод ақылдаса келіп, Марал бабаның Петербургке баруына рұқсат беріп, 1822 жылы 12 ақпанда жарлық шығарғаны туралы да осы мақалада айтылған. Шағын мақалада Т.Дайрабайдың дәлелдеп бергеніндей, Марал баба – діндар ғана емес, ұлтжанды, елі үшін отқа түсуге бар отаншыл адам. «Дала уәляты» газетінің 1899 жылғы санында «Сәуегей қазақ Марал Құрманұлы» деген атпен жарияланған көлемді мақаладан алынған «Россияға қарамаңдар, өздерің бірігіп, орыстан басқаланып, егін салумен айналысыңдар, сендерді егін байлыққа жеткізеді», – деген Марал бабаның сөздері жоғарыда айтқанымыздың дәлелі.
Облыс әкімдігінің бастамасымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында 2010 жылы Марал ишан Құрманұлының 230 жылдық мерейтойына арналған «Сыр еліндегі діни ағартушылық ой-сана» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткіздік. Осы конференцияда Марал баба өмірбаяны жайындағы жаңа деректер, оның қазақ халқының тарихынан алар өзіндік орны, діни ғұлама, емші болғаны, ең бастысы, ұлт бостандығы жолында басқа дінге қарсы ғадауат соғысын ашқаны, ел-халқын өзінің діни сенімі жолында күреске шақырған қайраткерлігі туралы ғалымдардың ойлары, пікірлері ортаға салынды.
Осы конференцияның атын «Сыр еліндегі діни ағартушылық ой-сана» деп атауымыз бекер болған жоқ. Конференцияда жасалған баяндамаларда Марал ишан Құрманұлын негізге ала отырып, Сыр еліне Орта Азия, Шығыс елдеріндегі ислами бағыттағы оқу орындарын бітіріп келіп, мектеп
15
ашқан, шәкірттерге білім берген басқа да ахундар мен ишандар жайында, олардың елге жасаған қызметі діни-ағартушылық бағытта болғаны, осындай мектептерде дін сабақтарымен қатар, жаратылыстану, гуманитарлық салалар бойынша да дәрістер берілгені туралы жан-жақты айтылды.Сыр еліндегі діни ағартушылық ой-сана тақырыбын университет ғалымдары бүгінге дейін зерттеп келеді. Осы ізбен 2012 жылдың қазанында Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдық мерейтойына орай Тереңөзек кентінде облыстық ғылыми-танымдық конференция өткізіп, оған еліміздің бірнеше теолог-философ, тарихшы, әдебиетші, педагог ғалымдарын шақырдық. Конференцияда жасалған баяндамалар Қалжан ахунның өзі жазған хаттардың, діни сипатты мақалалардың, өлеңдердің араб, парсы тілінен ана тілімізге тарихта бірінші рет аударылған мәтіндеріне, ғылыми деректерге сүйенілді.
Марал ишан мен Қалжан ахун аралығындағы Сыр елінде өмір сүрген басқа да ахундар мен ишандар діни-ағартушылық бағытта қызмет істеді, олар халқын сауаттандыра отырып, өркениетке жетектеді. Революцияға дейінгі қазақ халқының кем дегенде 30 пайызы сауатты болса, бұл осы ахундар мен ишандардың арқасы. Бұлардың әрқайсысы Қанафи мазхабын ұстанған, қазақ халқының дәстүрлі дінін мойынсұнған нағыз мұсылмандар болып қана қойған жоқ, өз заманының зиялысы, идеологы (санаткер) де болды. Адамзаттық прогресс тұрғысынан келсек, бұлардың ел-халқына жасаған қызметін дұрыс бағыттағы игілікті жұмыс деп бағалауға болады. Белгілі шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлі өзінің көлемді зерттеу еңбегінде Қазақстанда Қазан революциясына дейін бала оқып, шәкірт тәрбиеленген 2000-ға жуық мешіт-медресенің болғанын жазады. Бұл мектептерде ұстаздық еткен Орта Азия мен Шығыстың Бұхара, Хиуа, Каир, Стамбул, Самарқан, Кабул сияқты қалаларындағы жоғары діни оқу орындарының түлектері еді.
Демек, Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қоғамның үлкен қозғаушы күшіне айналған жағдайда болған. Кәпірлердің дініне қарсы ғадауат соғысын ашып жүрген Марал ишанды айтпағанда, большевиктердің саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің басына осы дінбасы, діни-ағартушылардың келгенін қайда қоямыз. Кеңес үкіметінің, әсіресе, дін бағытындағы саясатына қарсы ХХ ғ. басындағы бас көтерушіліктердің қазақ елін түгел қамтыған ұлт-азаттық көтеріліске ұласқанын бұрын айта алмасақ, бүгін неге айтпауымыз керек?! Созақ, Жетісу, Орталық, Солтүстік Қазақстан жерінде болған көтерілістер кеңес үкіметі тарапынан басып, жаншылды, ұлт тәуелсіздігін мұрат еткен небір боздақтар қыршынынан қиылды. Басқаларды айтпағанда, Сыр еліндегі Ақмырза ахун бастаған ұлт-азаттық көтерілісте қаншама қандастарымыз шейіт болды. Қазір Қазалы ауданының территориясына қарасты Қарақұмда «Шөмекей қырылған» деген жер бар. Осы жерде Ақмырза ахунның ізіне ерген 500-ге жуық тілеулестерін, руластарын большевиктер қырып тастаған.
16
Міне, мәселе қайда?! Елінің мәдениеті үшін жел өтінде жүріп, қолынан қалам-қағазы түспей, мұрағат пен мұражай құжаттарын ақтарып жүрген Тынышбек ағамыздың тынымсыз еңбегі талайлы тарихы, тауқыметті тағдыры бар халқының өткеніне өкіне отырып, кемел келешегі үшін жұмсалып жатқан қасиетті қызмет емес пе?! Ел болашағы жастарға анық тарихты, ақиқат тарихты үйрету үшін де Тынышбек ағамыздың жарғақ құлағы жастыққа тимей жүр емес пе?! Т.Дайрабайдың ғылыми қызметінің бір парасы ахундар мен ишандардың, пірлердің, әулиелердің өмірін, діни-ағартушылық қызметін зерттеп-зерделеу болса, бұл еңбектің мазмұны мағыналы, салмақты екенін айтуымыз керек. Оның «Марал баба діндар ғана болған жоқ» деп аталатын мақаласынан басқа да мақалалары деректілігімен және архив құжаттарын, сирек кездесетін қолжазбалар қорларындағы материалдарға сүйеніліп жазылған дәйектілігімен ерекшеленеді. Ағамыздың қысқа жазылған деректі әрі дәйектілігімен ерекшеленетін бірегей мақалалары ойға от тастайтындай, кейінгі зерттеулерге бастама боларлықтай күйде келеді. Қысқасы Т.Дайрабай – өзінің әулие әмбиелер, ишан-ахундар туралы жазылған мақалаларымен Сыр елі руханиятын түгендеуге атсалысып келе жатқан зерделі зерттеуші.
Сыр елінде дүниеге келген, елдің қамын ойлап, қолына қару алған батырлар туралы үзбей жазып, осы тақырыпты тыңғылықты зерттеп-зерделеп келе жатқан да – Тынышбек Дайрабай. «Тұғырлы тұлғалар» кітабының екінші бөлімі «Батырлар мен билер жайлы» деп аталады. Бұл бөлімде Жалаңтөс баһадүр, Арыстанбай, Тайлақ, Манақ, Қыстаубай, Алмат, Тоғанас, Байқадам, Сарман, Жанғабыл, Жалбыр, Бабас, Қожеке, т.б батырлар, сондай-ақ Пірәлі, Қалан, Мәмбет, Тәтімбет, Жәрімбет, Төребай, Қалдан, Таңатар, Сәдір, Қазанбас, Қаналы, т.б сияқты билер жөнінде мол мағлұматтар беріледі.
Т.Дайрабайдың қазақ қоғамындағы үлкен беделге ие, ел басқару мен қорғауда, халықаралық қарым-қатынастарда ықпалды күш – батырлар мен билер институтына арнайы зерттеу жүргізуі де – ел тарихынан тағылым алуға шақырған ұлтшыл, қаншыл азаматтың іс-әрекеті. Алтай мен Атыраудың арасын, жүгірсе, құланның тұяғы мүжілетін, ұшса, құстың қанаты талатын сайын даламызды найзаның ұшымен, білектің күшімен ұстап тұрып, кейінгі ұрпаққа аманаттаған батырлар туралы, әсіресе, бүгінгі ұрпақтың білгенінің маңызы зор. Ата тарихты әділетті, ақиқаттық тұрғыдан танудың бір ұштығы осы батырлар институтын танып таразылауда, зерттеп-зерделеуде жатқаны анық қой.
Т.Дайрабайдың батырлар мен билер туралы зерттеуі де «дейді, дейдіге» емес, мүмкін болғанынша құжаттарға, қағазға түскен деректер мен жәдігерліктерге сүйеніледі және олар жалаң, жадағай түрде емес, батырлар мен билердің өмір сүрген уақытымен, өз заманындағы түрлі саяси-әлеуметтік, тарихи жағдайлармен бірлікте алып қарастырылады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Сыр елінде ХVІІ-ХІХ ғасырлар арасында өмір
17
сүрген 500-ден аса батырлардың өмір деректер мен ерлік істерін жүйелі түрде зерттеп келеді. Осы бағытта түрлі деректер топтастырылып, картотекалар жасалды, кітаптар баспаға дайындалып жатыр. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастыруымен 2011 жылы Алматыда өткен республикалық «Қазақтың ұлы қолбасшылары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Сыр еліндегі батырлық пен ерлік дәстүрі» тақырыбында бүкіл қазақ генералдарының алдында баяндама жасап, батырлық дәстүрдің, батырлардың қазақ қоғамының, қазақ елінің өмірінен алатын орнын анықтап, мынадай қорытынды жасағанбыз: «Батырлық пен ерлік Сыр еліне ғана емес, бүкіл қазақ еліне тән. Өйткені, бұл – тарих сабағы, халқымыздың, еліміздің тағдырынан туған мазмұнды әрі мағыналы тарихи сабақ. Тарихымызды түгендеуге осы батырларды, олардың өмірі мен ерліктерін зерттеу арқылы үлес қоса алатынымызды айтқымыз келеді. Қазіргі және келер ұрпақты ұлтшылдық рухта тәрбиелеу үшін де батыр бабаларымызды тану мен танытудың маңызы зор болмақ».
Міне, осындай тұжырымға келуге Сыр еліндегі батырлар өмірі мен батырлық дәстүрді үзбей зерттеп жүрген Тынышбек Дайрабай сынды ағаларымыздың еңбегінің әсері мол екенін айту әділеттілік болар еді.
Т.Дайрабайдың Сыр бойының билері жайындағы ізденістері мен зерттеулерінен де тағылым алар тұстар жетерлік. Жалпы қазақтың шешендік өнері, оның тегі мен түрлері, сөз өнерінің ел билеу саясатындағы орны мен мән-маңызы, сондай-ақ, шешендер сөзін оқып-үйренудің тәрбиелік-тағылымдық сипаты деген мәселелердің басын ашуда Т.Дайрабай тауып, зерттеп-зерделеп, жарыққа шығарған билердің өмірі мен қызметі туралы деректердің орны бөлек, маңызы үлкен. Зерттеушінің билер жайлы зерттеулері де дәйектілігімен, ғылыми сипаттылығымен ерекшеленеді.
«Тұғырлы тұлғалар» кітабының ІІІ бөлімі «Сөз зергерлері» деп аталады. Бұл бөлімде Сыр сүлейлері Базар жырау, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Жорықбай жырау, Сейітжан сал, Қуаныш Баймағамбетов, Сейіл ақын, Әлішер Тоқмағамбетов, т.б. туралы ғылыми жазбалар берілген. Сыр бойында дүниеге келген сөз зергерлерінің шығармаларын жинау, зерттеу – Т.Дайрабай шығармашылығының ерекше қыры. Бұл ретте зерттеуші өзінің алдындағы ағалары Әлқуат Қайнарбаев, Мардан Байділдаевтардың жолын жалғастырып, әдебиет мұралары мен нұсқаларын жинаушы, сақтаушы болып келе жатыр. Қазақ әдебиеттану ғылымы бәрінен бұрын осы әдебиет жанашырлары мен жинаушыларына қарыздар. Сыр елі әдебиетінің жиналуы мен зерттелуі деген мәселелерде Т.Дайрабай еңбегінің ұшан-теңіз екенін осы тұста айтуымыз керек. 200 томдық «Сырдария» кітапханасын Т.Дайрабай ағамызбен бірге жасадық. Оның жинаған материалдары тіл көмегі, ой бөлісуі үлкен азаматтық жүрекпен осы кітапхананың абыройлы аяқталуына жанашырлық танытуы бізге үлкен демеу болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Сыр сүлейлері шығармашылығына 200 томдық «Сырдария»
18
кітапханасының 22 томы арналса, осының 4 томының материалдары тікелей Т.Дайрабайдан алынып еді. Ешқандай ақысыз, пұлсыз қолындағы барын ел үшін, сол елдің мәдениеті мен руханиятының бүтінделуіне беру, жұмсау кез келген адамның қолынан келе беретін шаруа емес. Сөз өнері – ұлтымыздың рухы. Ал осы өнердің бастау бұлағы Сыр елінде, қазақ әдебиеті, қазақ тілі дегенде Сыр елінің әдебиеті мен өнерінен, тілінен еш уақытта айналып кете алмасақ керек. Қазіргі қолданыстағы қазақ әдеби тілінің негізгі Сырдария өзенінің төменгі ағысын мекендеген қазақтардың тілінің негізінде жасалғанын профессор Сәрсен Аманжолов әлдеқашан дәлелдеп кеткен. Демек, Т.Дайрабайдың сырбойылық ақын-жыраулардың, сүлейлердің мұрасын көздің қарашығындай сақтауға үлес қосып келе жатқанының астарында осындай терең мағына, ұлттық мүдде бар.
«Тұғырлы тұлғалар» кітабының «Қайраткерлік хақында» деп аталатын бөлімінде Сыр елінің тарихында өзіндік орындары бар мемлекет және қоғам қайраткерлері – Темірбек Жүргенов, Иса Тоқтыбаев, Елеу Көшербаев, Қонысбек Қазантаев, Жаңабай Азаматов, Алдаберген Бисенов, т.б. еңбек адамдары мен мұғалімдер Лапиндер, Алшынбаев Рахым, Құлманұлы Сауранбай, Қайнарбаев Әлқуат, т.б туралы тағылымды естеліктер, ой-тұжырымдар берілген. Бұлардың кейбіреулерінің көркемділігінің жоғарылығы сондай, эссе дәрежесіне дейін көтерілген. Автор еңбек ерлерінің өмірі мен қызметін жастарға үлгі-өнеге етіп ұсынады, ел үшін, жер үшін адал қызмет еткен абыройлы адамдардың ел есінен кетпеуін көздейді, оларға өзінің құрметін, адам ретіндегі інілік парызын ақ қағаз бетіне түсіреді. Сыр еліндегі тарихи тұлғаларды тірілту, олардың өмір деректерін жинау мен зерттеу, жазу, кітап қылып жарыққа шығару мәселелерінде күні бүгінде Сыр елінде Т.Дайрабайдың алдына түсетін ешкім жоқ.
«Тұғырлы тұлғалар» кітабының соңғы бөлімі «Сырды айтсам, желдей есем» деп аталады. Атынан-ақ байқалып тұрғандай, бұл бөлімде автордың туған жерге, елге деген үлкен перзенттік махаббаты көркем публицистика мен эссе, естелік пен мақала күйінде жазылып, жарыққа шыққан. Бұндай шығармалардың да өлкетануға, елтану мен жертануға, сондай-ақ тұлғатануға салмақты үлес болып қосылатынына ешқандай күмән жоқ. Күні бүгінгі қазақ ғылымында тұлғатану ілімі, біздіңше, жақсы қалыптасып келе жатыр. Бұның өзі кездейсоқтық емес. Өйткені қазақ тарихын осы тұлғатану арқылы толықтыра, салмақтандыра алатынымыз қандай ақиқат болса, Сыр елінде дүниеге келген батырлар мен билердің, сөз зергерлерінің, түрлі мамандық иелерінің елге жасаған қызметін, еңбегін, ерлігін саралап, белгілі бір жүйеде жасап, жазып, олардың тұлғасын тұлғалау, ұлықтау мақсатында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан Т.Дайрабай ағамыз екені де сондай шындық.
//Сыр бойы.-2013.-7 желтоқсан.- 9 б.
19
Болат ӘПЕНОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері.
ДІН ДІҢГЕГІ – ИМАНДА
Адамзат өмірінің тарихын дінсіз және діни нанымдарсыз елестету мүмкін емес. Қайбір заман болмасын, адамзат өзінен тыс әлдебір күш бар екеніне сенгені анық. Сондықтан да дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қоғам өмірінде дүниетанымдық, тәрбиелік, біріктірушілік, қарым-қатынастық секілді өзіндік қызметтер атқарып келеді. Бұл қызметтер негізінен қоғам өмірінің рухани саласына қатысты. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Шәкәрім секілді даналарымыз өз еңбектерінде адамның өз ішкі дүниесін түсінудегі және жоғары адамгершілік-рухани қасиеттерді игерудегі діннің тәрбиелік маңызын ерекше атап өтті. Сонымен бірге, осы үдеріс негізінде көптеген дәстүрлі емес діндер де пайда болды. Олардың қалыптасу кезеңі негізінен ХХ ғасырдың ортасын қамтиды. Олардың қызметіне сәйкес қоғамдық діни санада түрлі әлеуметтік қайшылықтар орын ала бастады.
Демократиялық құндылықтарды, сөз бостандығын, діни сенім бостандығын дұрыс түсінбеу, заңымыздың солқылдақтығы дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізде орнығуына қолайлы жағдай тудырды. Тек соңғы уақыттарда ғана еліміз кеткен қателіктердің орнын толтыруға әрекет жасап отыр. Мұндай маңызды іс-шаралар қатарына дін мен діни сенім туралы жаңа заңның жарық көруін, діни бірлестіктер мен діни конфессияларды қайта тіркеуден өткізуді атауға болады. Соның нәтижесінде, еліміздегі діни бірлестіктер саны едәуір азайып, он жеті діни конфессияны құрайтын 3088 діни бірлестіктер мен олардың филиалдары қайта тіркеуден өтті, діни конфессиялардың 60 пайызы, діни бірлестіктердің 32 пайызы қысқарды.
Ал, біздің облыс бойынша өткен жылдың 25 қазанына дейін 17 діни конфессияның 4531 діни бірлестігі болса, тіркеуден кейін барлығы 6 конфессияны құрайтын 150 бірлестік қайта тіркеуден өтіп, жұмыстарын жалғастыруда.
Облыс халқының саны 725 900 адам, оның 96 пайызын қазақ ұлты құрайды. Облыс халқының 60,5 пайызы қалалық жерлерде, 39,5 пайызы ауылдық елді мекендерде тұрады. Бұл көрсеткіштер облыста мұсылман дініндегі тұрғындардың басымдығының заңдылығын айқындайды, өйткені қазақ халқының дәстүрлі ұстанып отырған діні – Ислам діні. Осы тұрғыда облыс аумағында ислам атын жамылатын теріс пиғылды діни ағымдардың таралу қаупі жоқ емес. Өйткені, бұл ағымдардың басқа батыстық дәстүрлі емес ағымдардан ерекшелігі, оларды дәстүрлі исламнан ажырату қиын. Олардың өкілдері тіркеуден өткен мешіттерге еркін кіре алады және өз уағыздарын жүргізе алады және өз сөздерінде құран сүрелерінің, хадистердің сөздерін мысалға келтіреді. Сонымен бірге, аймақтағы барлық мешіттер түгелдей тіркеуден өтті деп толық сеніммен айта алмаймыз. Соңғы онжылдықта өз әкесі, атасы, бабасының атынан мешіт салдырушы кәсіпкерлеріміз көбеюде. Бірақ, сол мешіттердің барлығында ұлттық діни санамызға сәйкес келетін «Ханафит» мазхабындағы исламның ілімдері
20
уағыздалып жатқанына толық сенім жоқ. Осы тұрғыда әр ауылдағы, әр елді мекендегі мешіттер қызметін тексеріп, олардың идеялық бағытын анықтау қажет.
Сондықтан, тіркеуден өтпеген немесе өтуге тырыспаған дәстүрлі емес діни ағымдар өз жұмысын толығымен тоқтатты деуге әлі де ерте. Елбасымыз өзінің дәстүрлі Жолдауында бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғандығын ерекше атап өтті. Атап айтсақ, жалған діни ағымдардың жастар санасы үшін үлкен қауіп төндіріп отырғанын, оларды сүзгіден өткізетін мықты діни сана қалыптастыруымыз қажеттігін, бұл діни сананың, ең алдымен еліміздің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келуін айта отырып, діни экстремизм мен терроризмнің шынайы болмысын ашып, онымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның дайындалуын тапсырды. Діни экстремизм мен терроризм тек біздің ел үшін ғана емес, бүкіл қоғам өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан онымен күрес тек бір елдің аумағында ғана жүргізілмеуі қажет және бұл кешенді іс-шаралардың жүйелігін қажет етеді. Ең алдымен, бұл теріс құбылыстардың көрініс беру формаларын ажырату, олардың шынайы бейнесін ашу қажет. Өйткені, қазіргі күні олар дәстүрлі діндердің атын жамылып, көлеңкесін паналауда. Осыған байланысты, олардың негізгі ерекшеліктерін, идеялық ағымын ашатын күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Екіншіден, олармен күресетін мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру керек, өйткені, көп жағдайда бұл мемлекеттік органдар бір-бірінің жұмыстарын қайталайды.
Елбасымыз атап өткендей, еліміз дамудың жаңа сатысына аяқ басты. 2050 жылға дейінгі еліміздің экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени дамуының стратегиясы, бағыты, бағдары айқындалды. Осы тұрғыда зайырлы мемлекетіміздің дами беретіндігіне, қоғамымыздағы тұрақтылықтың бұзылмауына, ұлтаралық келісімнің мызғымауына сенім мол.
//Сыр бойы.-2013.- 10 желтоқсан.- 2 б.
21
Біздің сауалнама: Салымшылар санасын сілкінткен сауал
Қазыбай КҰДАЙБЕРГЕНОВ экономика ғылымдарының кандидаты:
Қазақстан тәуелсіздік алған соң 1998 жылы Чили мемлекетінің үлгісімен зейнетақы жүйесін қалыптастыруды қолға адцы. Мемлекеттік және мемлекетгік емес зейнетақы қорлары жұмыс жасады. Оның ішінде 1 мемлекеттік, 20-дан аса жеке қорлар болды. Ағымдағы жылы Елбасы зейнетақы қорын реформалауға өзгерістер енгізді. Уақыт талабына сай, әр кезде жаңартулар мен өзгерістердің болуы заңды құбылыс.
Зейнетақы қорын бірдейлендіруден ұтарымыз көп.
І. Жеке зейнетақықорларының мемлекетке пайдасы шамалы.
ен^
з
ІІ. Жеке зейнетақы қорларының меншік иелері іс-жоспарлары мен қызмет ауқымын кұпия ұсгайды.
III. Олар салымшылардың есебінен айлық алып, нанын табады. Қарап отырсаңыз, бұның өзі «дайын асқа тік қасық» сынды.
IV. Кез келғен ақша ол - капитал. Тек айналымда жүргенде ғана пайда әкеледі. Көбейеді. Ал, жеке зейнетақы қорлары салымшының жинаған қаражатын зейнет жасына жеткенде толық қайтармайды. Белгілі бір бөлігін ұстап калады. Қызмет ақысы ретінде. Сондықтан Елбасы дер кезінде оң шешім шығарды. Мемлекетгік зейнетақы қорының құрылтайшысы - үкімет. Активтері (салынан ақшаның иесі) - ¥лтгық банк. Үкімет - қадағалаушы, ¥лттық банк қордың сақтаушысы болғандықтан, халықтың көңіл түкпіріндегі күдігі де сейіледі. Зейнетақы қорын бірдейлендірудің пайдасы салымшылардан түскен қаржы үкімет қадағалауымен мемлекеттік бағдарламалар мен кежегесі кейін тартып түрған салаларға бөлінеді. Қыруар каржыны ¥лттық банкісіне беру - Қ.Келімбетовтің жан қалтасына салып бердік деген сөз емес. Осы мәселені халык қаперінде ұсгағаны жөн.
//Халық.-2013.-12 желтоқсан.-4 б.
22
Достарыңызбен бөлісу: |