Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді:
1.Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика...) ұлы табиғатты зерттейді; 2.Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді;
3.Формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді.
Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді) Қолданбалы ғылым деп атайды. Ол көбінесе нақты қолданысы мәлім жанама жолмен іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.
Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, интуиция, эмоция, көңіл-күй, қалау, діни көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.
Құрылықтардың көшіп қалыптасуы
Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:
Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және
Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.ДНК (DNA) қос спиральі — барлық тірі организмдер мен вирустардың дамуы мен жұмыс істеуіне негіз болған генетикалық нұсқаулық кодтарды қамтыған молекула шоғыры.
Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математика ғылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.
Ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, адамзаттың практикалық қызметінің аса маңызды саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Тарихы Ғылым атасы Аристотель (Бірінші ұстаз)
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.
Философия қалыптасуы
Ғылымды қалыптастыру – мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т.б.) қалыптасып, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым. (Аристотель, т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |