Азовое ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған туралы есебі Құрметті жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі66.76 Kb.
#4316
Азовое ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған туралы есебі

Құрметті жерлестер!
Азовое ауылдық округінде 2012 жылы біраз жұмыстар атқарылды.

Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған. 2013 жылдың 01 қаңтарына округ бойынша адам саны 1005, соның ішінде Ново-Азовое- 490, Азовое-200, Беткудук-315. Өткен жылымен салыстырғанда көші қон, өлім себептерінен тұрғындар саны 12 адамға азайды. Өткен жылы біздің округке 10 адам көшіп келді, 18 адам көшіп кетті, 7 бала туылды. Ауылдарда ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңестері және көше комитеттері жұмыс істейді.

Есеп беру мерзімінде 7 біріккен кеңестері, 5 тұрғындар жиыны өткізіліп , 12 арыз қаралды, қаралған арыздар бойынша тиісті шара қолданылды. Өткізілген тұрғындар жиындарында, еңбек ұйымдарында кездесулерде тұрғындармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың барлығы ауылдық округ тұрғындарының ішкі саяси хал-ахуалдарын, ұлтаралық қатынастарын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарында жіберілген кемшіліктер де бар.

Кейбір үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің жиналысқа себепсіз қатыспауынан іс - шаралар уақытында өткізілмейді, маңызды мәселелерді шешу үшін белсенділік, табандылық іс - әрекет жасамайды.


Бюджет

Округ бюджетінің меншік кірістер түсімі бойынша жоспар 100 пайызға орындалды. 2012 жылғы 1 желтоқсан жағдайында аудан бюджетіне мезгілінде төленбеген салық жоқ. Бағдарлама бойынша бюджетті игеру 99,9 пайызға орындалды.


Ауыл шаруашылық

Ауыл шаруашылық округтің басты саласы болып табылады.

Округ аумағында 49 шаруа қожалығы, 2 ЖШС бар. 34 шаруа қожалықтарында техника бар, олардың ішінде: МТЗ-82- 4 дана, МТЗ-80- 7 дана, МТЗ-50- 2 дана, Т-40-4 дана, Т-25-5 дана, Т-16- 3 дана, ЮМЗ-6-3 дана, ДТ-75-1 дана. Барлығы 28 дана. 1 дана комбайн СК-4, трактордың арбасы-16, соқа-10 дана, шөп шабатын машина, тырнауыш-15, шөп үйетін машина – 11 дана. 14 шаруа қожалықтарының техникалары жоқ, олар келісім- шарт бойынша жұмыс істейді, олар:

1. Р.Г. Иванова 9.Т.О. Сагандыков

2.О.Д. Бикаринов 10. А.К. Рахимов

3. А.Д. Виноградов 11. Б.К. Идрисова

4.А.Н. Гулаков 12. Б.М. Нуртазов

5.Н.К. Сылдырбаев 13. Р.У. Мукаева

6. В.А. Воловенко 14. С.К. Ержебаев

7.С.Н. Ержебаев

8. Е.М. Егимбаев

Тұрғындар шаруашылықтарында 292,3 т ет, өткен жылымен салыстырғанда 61,4 т өсті. 1566,7 т сүт, 242,2 дана жұмыртқа, 52 т жүн өткен жылының деңгейі бойынша өндірілді. 2013 жылдың 01 қаңтарына округта 246 аула, оның ішінде 147 аулаларда ауыл шаруашылық малдарды ұстайды, жекеше секторда ІҚМ -1127 бас. Қой мен ешкі- 1655. Жылқы- 186 бас. Шошқа- 20 бас. Құс-1996 бас. ІҚМ 107 басқа, қой 630 басқа, жылқы 14 басқа, құс 178 басқа азайды, шошқа 4 басқа көбейді. 2011 жылы округте жоспар бойынша ірі қара мал мен қой, ешкілерге ветеринарлық жұмыстар жүргізілді. Бруцеллез ауруына тексерілді. Бір бас ауру болып шықты- саулық қой, иесі- Р.Г. Иванова. Ауыру қой жойылды.

3 жылдың сараптамасы бойынша бруцеллез азайды.

2009 жылы бруцеллезбен ауырған ІҚМ саны-49 бас

2010 жылы бруцеллезбен ауырған ІҚМ саны-2 бас

2011 жылы- бруцеллезбен ауырған ІҚМ саны-1 бас.

2012 жылы- бруцеллезбен ауырған ІҚМ саны-1 бас.
Туберкулезға тексеру барысында, ауру мал анықталған жоқ. Ірі қара мал, қой, ешкі Сібір жарасынан егілді. Ірі қара малдары эмкарға, ящурге, листериозға, құтырық ауырыларына қарсы егілді. Округ бойынша 20 қанғырып жүрген ит жойылды. ІҚМ бірдейлендіру жұмыстары түгел өткізілді, 608 бас ірі қара малға,1760 бас қойға құлақтарына сырға салынып, компьютер қорына енгізіліп, бірдейлендірілді.

Санитарлық тазалау көктемде айлық барысында және жыл бойы өткізіледі.

Округінің жер көлемі- 56493 га, ауыл шаруашылық жер- 26287 га, соның ішінде егістік жері-18745 га, шабындық- 2512 га, жайылымдар- 29437 га. Бал бонитет- 17. Шаруа қожалықтар бойынша егістік жер- 3903 га, шабындық- 922 га, жайылымдар-8145 га. 2012 жылы «Воропай В.Г» ШҚ 270 га бидай егілді, «Лут М.В» ШҚ 30 га арпа егілді, 64 га күнбағыс. Округ бойынша көп жылдық екпе жер- 3571,9 га, картөп ТОО «Азовое»-100 га, тұрғындарда картөп-17 га, барлығы 117 га көкөніс-5 га егілді. Жиналған өнімдер: бидай-121,5 тонна, арпа-25 тонна, көп жылдық екпе шөп -3814 тонна, картөп- 5380 тонна, көкөніс-1235 тонна. Соңғы үш жылдың сараптамасы бойынша:

Жыл

Бидай

ц/га


Күнбағыс ц/га

көп жылдық екпе шөп ц/га

Картөп

ц/га


Көкөніс

ц/га


2009

10,3

8,0

9,5

229

262

2010

7,0

6,0

10

197

251

2011

8

-

10,5

169

247

2012

5

5

10

150

200

Астық алу үшін технология тәртібін сақтау, барлық агротехникалық шараларды уақытында өткізу үлкен ықпал етеді.

Елбасымыз келесі «Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасында жеке меншік, ерікті бәсекелестік пен ашықтық принципі негізінде заманауи нарықтық экономика үлгісін бірінші болып жасадық» деп ескертеді.

Елбасы XXI ғасырдың он жаһандық сын қатерлерін анықтады:


  1. Тарихи уақыттың жеделдеуі

  2. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

  3. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

  4. судың тым тапшылығы

  5. жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

  6. табиғи ресурстардың сарқылуы

  7. үшінші индустриялық революция

  8. үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

  9. өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

  10. әлемдік жаңа тұрақсыздық қауіпі.

Президент келесіге назар аударады: «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді».
Шағын бизнес

Округ аумағында 11 шағын бизнес субъектілері тіркелген, 6- дүкен, 2- сүт қабылдау нүктелері, 3- шағын наубайхана. Олар: «Н.А. Ержебаева» ЖК, «Н.М. Маныкина» ЖК, «С.С.Чуембаев»ЖК. 2012 жылда осы кәсіпорындар 2 959 260 теңгеге 68 820 нан жасады. 2011 жылда 3 001 150 теңгеге 60 023 нан жасалынды. Сауда нүктелерде 1 нанның бағасы 50 теңге. Кәсіпкерлік саласында 21 адам қызмет істейді. Шағын бизнес субъектілерімен 10% сауда үстеме туралы меморандум жасалынды. Және күнделікті тұтынатын тауарларға сараптама жүргізіледі. Округ аумағында 5 табиғат пайдаланушылар бар, олар өз өнімдерін Өскемен, Семей қалаларға өткізеді.


Білім беру, денсаулық сақтау

Округта Азовое орта мектебі жұмыс істейді. Мектепте 116 бала оқиды. Олардың ішінен 15 бала шағын орталыққа барып жүр. 2012 жылда мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары өтті. Өткен жылда мектепті 12 түлек бітірді, олардың бірі грант бойынша жоғары оқу орнына оқуға түсті. Мұғалімдер саны- 25, біліктілік деңгейлері: жоғарғы санаты- 1 мұғалім, 1 санаты- 5 мұғалім, 2 санаты- 5 мұғалім.

Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асхана жұмыс істейді. Мектеп асханасында 1- 4 сыныптар арасынан 27 бала, аз қамтылған отбасынан 16 бала ақысыз тамақ ішеді.

Бетқұдық пен Азовое ауылдарының оқушылары (46 бала) Азовое орта мектебіне балаларды мектепке тасуға бөлінген автобуспен қатынайды.

Округ аумағында Ново – Азовое ауылында фельдшерлік пункт бар, Азовое және Бетқұдық ауылдарында медицина қызметкерлері ауруларды өз үйлерінде қабылдап халыққа қызмет етеді. Барлық есепте тұрған аурулар дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Профилактикалық жоспар толығымен орындалды.
Әлеуметтік сала.
2013 жылғы 1 қаңтар жағдайында жалпы жұмыссыздық құрамында 3 адам. Жұмыспен қамту бағдарласымен 35 жұмыс орындар жоспарланған, 35 жұмыс орын ашылды, соның ішінде ауыл шаруашылығында 18, шағын бизнесте 5, басқа салаларында 3, уақытша жұмыс орындар-9.

2012 жылы 48 отбасына 517 800 теңгеге тұрғын үй көмегі берілді. Арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек сұрап 15 отбасы өтініш берді, оларға 750 900 теңге бөлінді. 22 отбасына балаларға арналған 855 200 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Округ бойынша 256 адам жеке еңбек жұмысымен айналысады.

Біздің аумақ бойынша -16 тыл ардагерлері, 131 зейнеткер, 32 мүгедек, Чернобыль апатынан зардап шеккендер- 2 , ауған соғысына қатысушы – 1 адам.


Автомобиль жолдары, жолаушы тасымалдау, құрылыс, байланыс.
Жолаушыларды облыс орталығынан Ново-Азовое ауылына арнайы шағын автобус тасымалдайды. Азовое, Бетқұдық ауылдарына жолаушы тасуға үнемсіз болғандықтан қатынамайды. Сонымен қатар Ново-Азовое және Азовое ауылдарының тұрғындарынан жаман қызмет көрсету туралы, тасымалдау кестесін бұзу туралы арыздар түседі. Тасымалдау бойынша қызмет көресететін ұйым ескертілді.

Округке қараған барлық ауылдар телефон жүйесімен қамтамасыз етілді, барлығы 200 абонент бар. Ново – Азовое ауылының тұрғындарын ойландыратын су мәселесі. Ново-Азовое ауылында су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде.



Ново-Азовое- Азовое бұрылысындағы көпір күрделі жөндеуден өтті.
Мәдениет, дене шынықтыру және спорт.
Ауылдық округ бойынша жоспарланған мәдени - спорт шаралардың барлығы өткізіледі. Алайда, тұрғындардың мәдени іс – шараларына қатысулары нашар. Біздің спортсмендер баяғыда аудан, ауылдарға шықпайтын болып алды.Бұл үшін жоғары орындардан талай сынға қалғамыз. Бұл кемшіліктерге шара қолданамыз.

Былтырғы өткен тұрғындар жиындарында жол жөндеу, су құбырын салу жұмыстары, ветеринариялық қызмет туралы сұрақтар қойылған. Бұл сұрақтар бойынша тиісті шаралар қолданылды және мәселелердің бәрі орындалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет