Филология факультеті



бет1/2
Дата02.05.2024
өлшемі232.15 Kb.
#500300
  1   2
Инклюзив бөж2 Бегман Аяулым


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы»


Қабылдаған: Данияров Т.Ә.
П.ғ.к.,профессор
Орындаған: Бегман Аяулым


Тобы:ФҚӘ-211


Түркістан-2024 ж.


Жоспары
І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.1. «Жалпы білім беретін мектерде инклюзивті оқытудың жағдайы»
2.2. «Ерекше оқуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұны »

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ


ІV ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



І КІІРІСПЕ

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру.




ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. «Жалпы білім беретін мектерде инклюзивті оқытудың жағдайы»

Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.


Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бірбіріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ПМПК, ТДТ, ППТК, ППТК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу,оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді,сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін атааналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету,сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:

  • инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;

  • инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);

  • білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзетупедагогикалық және әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;

  • «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;

  • инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;

  • инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бірбірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала-бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға
мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.Қазіргі уақытта Республиканың жалпы білім беру мектептерінде 70 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылады, бұл арнайы білім беру мекемелерінде оқытылатын оқушылар санынан үш есе асады. Бұл естуінде, көруінде, зият, сөйлеу ауытқулықтары бар, психологиялық дамуы тежелген балалар. Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым бағытына қатысты келесідей бағыттар бар.
Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық кезеңнен бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мектепке дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу ортасында оқуға баланың негізгі кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді.
Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы буыны баланың оқу, әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын орнататын, психологиялық, медициналық және педагогикалық консультатиция болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.
Екінші бағыт – барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін вариациялық жағдайлар құру болып табылады. Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді. Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялықмедициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.
Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның орытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

2.2. «Ерекше оқуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұны »


Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім, икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігі калыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету.


Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді.
Мысалы, естімейтін баланың дамуындағы жағымсыз салдарын алдын алу үшін бір-қатар жаңа білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек, олар:
– калған есту қабілетін дамыту және қалдык естуін пайдалануға үйрету;
– сөйлеуші адамның сөзін ерін кимылы аркылы сөйлеу тілін кабылдауға
үйрету;
– түзетушілік гпедагогикалық қолдау көрсету арқылы бұрын қалыптасқан сөздік қорын жоғалтпауын қадағалау;
– дыбыссыз кеңістікте бағдар алып жүруге үйрету.
Баланың есту, көру, қозғалыс, т.б даму мүмкіндіктерінің шектеулігі сапалы сипатта екенін ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажет етеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламасын меңгеруімен тоқтамай, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым- қатынас жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-қүлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру және болашақ өмірге деген позигивті көз қарасын қалыптастырады.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары:
– арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, соның ішінде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары.
Арнайы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік-консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын психикалық және дене кемістіктерін, сонымен катар танымдық мүмкіндіктерін ескереді. Ұзақ уақыт бойы емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөсірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзету оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі;
– әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану аркылы түзетушілікпедагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру;
– толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету;
– түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық колдау көрсетуі; психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндікгеріне сәйкес және білім алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін меңгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі білім беру деңгейлерін қамтиды:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

  • бастауыш білім беру;

  • негізгі орта білім беру;

  • орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім

  • беру);

  • орта білімнен кейінгі білім беру;

  • жоғары білім беру;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Ал мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтін, көрмейтін, нашар көретін және тірекқимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу орнында оқи алады.
Арнайы білім беру мазмұнын жетілдірудің негізгі жолы қазіргі психологикалық және педагогикалық, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді тиімді пайдалану. Олар оқушылардың дене және психикалық дамуының зор мүмкіндіктерін, оларды түзетіп, дамытуды жүзеге асырудың жолдарын көрсетеді.
Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады:
– оқытудың түзету-дамыту бағыты;
– оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесін қалыптастыруы
тиіс,
– оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық
ерекшеліктерін ескеру;
– оқытудың ғылымилығы;
– оқу материалының білім беретін оқу бағдарламаларында шоғырланып
орналасуы;
– білім мазмұны өмір, тәжірибесімен тығыз байланыста болуы;
– оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты камтамасыз ету;
– білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларын ұсыну (мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).
Жоғарыда аталған талаптар нақты белгіленген құжаттарда бекітіледі олар: білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламалары мен оқулықтар.
Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол денсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, коғамның аталмыш тұлғаларға кажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынайы сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.
Арнайы білім беру стандарты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың барлық топтарына ортақ жалпы білім беру деңгейіне, түзетудамыту жұмысына, сауықтыру және кәсіби еңбекке даярлауға деген талаптарын белгілейді. Стандарт талаптарын әзірлеуде мүмкіндіктері шектеулі түлғалардың барлығына тән даму кемістіктер есепке алынады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығына ортақ кемістіктер:
– қабылдаудың баяу және шектеулі сипаты;
– тірек-қимыл-қозғалысындағы кемістіктер;
– сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар;
– ойлау процесіндегі кемістіктер;
– таным әрекетінің жетілмеуі;
– қоршаған орта мен тұлғаралық қарым-қатынастар туралы түсініктердің
толық жетілмеуі;
– жеке дара тұлғалық дамуындағы кемістіктер (сенімсіздік, қоршаған адамдарға себепсіз тәуелдену, өзімшіл болу, өз әрекетіне барабар баға бере алмауы, тәртіп сақтай алмауы т.б.).
Аталмыш кемістіктерді жою, түзету үшін білім мазмұнына өзгерістер енгізіледі. Сонымен бірге оқу пәндердің құрамы да өзгертілуі мүмкін, мысалы, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру үшін арнайы пропедевтикалық оқу кезеңі енгізіледі. Ал зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін білім беру мазмұны жалпы жеңілдетіледі.
Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің енгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептің жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сиякты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді.
Арнайы білім беру мазмұны математика, ана тілі, табиғаттану, әдебиет және өнерден оқушыларға ғылыми білімдерін қамтиды. Бұл білімдер берік игерілуі керек. Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін мемлекеттік кұжат.
Оқу жоспары жалпы орта білім беру кұрылымына сәйкес келеді және әр сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу
жылдарына байланысты орналасады.
Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, үйлесімділікті сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді.
Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін анықтайды. Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оның мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі – оларды адамзат тәжірибесінің белгілі жақтары болып табылуы.
Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, икемділік, дағдыларды қалыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибесінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды, болашақта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді.
Оқу пәндерінің жиыны, білім беретін оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар мазмұнының шартын білдіреді.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен көлемін айқындататын құжат. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Арнайы мектептердегі оқу бағдарламалары сынақтан өтуде, ерекше қиындык білім мазмұның казақ тіліне аудару, дайындау.
Балалардың жекеленген санаттары үшін ПМПК ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуметтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді. Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор.
Оқушыларды жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды. Оқу материалының жүйесі қалай оқыту керек деген мәселеге елеулі ықпал жасайды. Арнайы мектептегі оқулықтарға өзгеше талаптар қойылады. Олар: қоғамдық бағыттылығы, материалдың ғылымилылығы, оны кұру жүйесі мен мазмұнының психологиялық және педагогикалық негізделуі, хабарланатын білімдердің оқушылар кемістігінің салдарын ескеруі және жасының психологиялық ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуына сәйкес келуі.
Бір оку пәнінің өзі түрлі формада, әртүрлі логикалық құрылымда, айрықша ой-пікір, дәлелдеме, мысал мен жаттығулар негізінде баяндалуы мүмкін. Бастауыш сынып үшін әліппе мен математика оқулығын жасаудың ғылыми негізделген бірнеше жолы бар. Кіші мектеп жасындағы оқушы ойынның қарама-қайшылығы, әсіресе, нақтыдан абстрактілікке көшуге, оқу пәндерін оқудың түрлі жолдарын негіздеуге мүмкіндік береді. Ресми оқулық тек білім беру органдары бекіткен оқулық болып табылады.
Мұғалімнің оқулықтарымен жұмыс істеуі үшін оқыту мен оқудың тиімді құралы және тәсілдерін іздеуге көмектесетінін, басшылыкқа алатын оқу әдістемелік кешендер әзірленеді.
Бұл жерде басты мәселе - ғылыми білімді, оқу біліктілігін, кітаппен жұмыс дағдыларын жүйелі меңгеруді кемтар балаға арнайы үйрету. Оның мазмұны: оқылған тақырыпты ұстау; ережелерді табу және жаттай білу, жаттығуларды орындауда ережелерді білу; көркемдеулердің не үшін керек екендігін және оларды жұмыста пайдалана білу; оқулықтармен жұмыс істеуде жинақы болу және зейін қоя білу, алаңдамау, кітапті пайдалануда мұқият болу, ұсақ, жалпы моторикасын дамыту т.с.с.
Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұскаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі кұралдар, техникалық оқыту кұралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар - бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұндай кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көруге мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздылығының негізін қалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет