Ереже
Ереже - мемлекеттік органдардың жүйесіні (министліктердің, облыс әкімшілігінің, бір органның, құрылымдық бөлімшенің комиссияның, топтың) құрылуының тәртібін, құрылымын, функцияларын, міндеттерін белгілейтін нормативтік акті.
Ереже типтік және жеке болып бөлінеді. Типтік ережелер мекемелер мен кєсіпорындар жүйесіне арнап жасалады. Мәтінде жалпы бөлім, негізгі функциялар, құқықтар, жұмыстың ұйымдастырылуы мен құрылуы т.б. бөлімдер болады.
Ереженің реквизиттері: министрліктің немесе ведомстваның атауы, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы, дата, тіркеу нµмірі, басылған орны, құжат түрінің атауы, мәтін, қол, келісім грифі. Ереженің үлгісі 3.28-қосымшада берілген.
Нұсқау
Нұсќау – мемлекеттік басқару органдарының (немесе олардың басшыларының) мекемелердегі, ұйымдардағы ұйымдастыру, ғылыми-техникалық, технологиялық, қаржы және тағы басқа мәселелерді реттеуге байланысты ережелерді бекіту мақсатында шығаратын құқықтық актісі. Нұсқау заң актілері мен реттеу құжаттарын түсіндіру мен оларды қолданудың тәртібін белгілеу үшін де шығарылады.
Нұсқаудың мәтінінің тақырыбында онда қамтылған мәселелер, құжаттың талаптарының қандай нысандар мен тұлғаларға қатысты екені анық жазылуы қажет. Нұсқаудың мәтіні тарау, пункті, подпунктілерге бөлінеді. Құжат «Жалпы ережелер» деген тараудан басталады. Онда нұсқауды шығарудағы мақсат, оның таралу аумағы, н±сќауды қолданудын тәртібі, жалпы мәліметтер жазылады. Нұсқау - ұйымдардыњ үнемі немесе ұзақ мерзім бойы қолданатын құжаты.
Н±ќаудыњ мәтін бұйрыќ райдыњ ІІІ жаѓында жазылады. Онда
« міндетті », « қажет », « құқығы бар », « жол берілмейді », « тиіс »,
« тыйым салынады », т.б. сөздер жиі қолданылады. Нұсқау жалпы бланкіге ресімделеді, арнайы реттеу актісімен бекітіледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
-
Жарғы қандай кәсіпорындарда болатын құжат?
-
3.27-қосымшада берілген жарғының мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мәтіннен кез-келген жарғының мәтінінде болатын немесе жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз
-
Ереже қандай кәсіпорындарда болатын құжат?
-
Ереже мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз. Кез-келген ереже мәтінінде болатын немесе жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз
Қосымшалар 2.1-қосымша
Ө М І Р Б А Я Н
Мен, Мұрат Ахметұлы Баймұратов, 1970 жылғы қаңтардың
1-інде Павлодар қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Ахмет Омарұлы Баймұрат, Павлодар қаласының №1 қалалық емханасында дәрігер. Шешем, Алмагүл Сұлтанқызы Баймұрат, Павлодар қаласының №11 жалпы білім беру мектебінде мұғалім.
1977 жылы Павлодар қаласының №1 орта мектебіне бардым. 1982 жылы №2 орта мектепке ауыстым. 1987 жылы осы мектепті бітіріп, сол жылы Павлодар индустриалдық институтына машина жасау факультетіне түстім. Институтты 1992 жылы машина жасау мамандығы бойынша бітірдім. 1992-1994 жылдары Алматы облысының Отар қаласындағы № 10007 әскери бөлімде әскери міндетімді атқардым, сержант атағым бар. 1994-1996 жылдары Павлодар трактор жасау заводында инженер болып жұмыс істедім. 1996-2002 жылдары «Арай» ЖШС-нда бағдарламашы болып жұмыс істедім.
Үйленгенмін. Әйелім, Жанар Оспанқызы, «Алюминий Казахстана» ААҚ- сында инженер болып жұмыс істейді. Ұлымыз, Қайрат Мұратұлы, №1 балалар бақшасына барады.
Мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 6-пәтер
01. 06. 2002 қолы / тегі /
2.2-қосымша
Р Е З Ю М Е
Аты-жөні: Мұрат Шәмілұлы Баймұрат
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 6-пәтер
Телефон /0000/ 00-00-00
Е-mail:
Жалпы ақпарат:Туған жылы, айы, күні:1970 жылғы қаңтардың 1-і
Ұлты: қазақ
Жынысы: ер
Отбасы жағдайы: үйленгенмін
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматымын
Жұмыс тәжірибесі: 1996-2002 жылдар, «Арай» ЖШС, бағдарламашы
1994-1996 жылдар, Павлодар трактор заводы, инженер
Білімі:
Орта:1982-1987 жылдар, Павлодар қ. №2 орта мектебі
1977-1982 жылдар, Павлодар қ. №1 орта мектебі
Жоғары: 1987-1992 жылдар, Павлодар индустриалдық институты
Тілді білуі: қазақ тілі - ана тілім
орыс тілі - жетік білемін
ағылшын тілі - сөздіктің көмегімен
Компьютерді білуі: PC-Windows 95/2000
Жеке қасиеттері: жауаптымын, ұйымдастырушылық қабілеттерім бар
Қосымша ақпараттар: қазақша күрестен спорт шеберімін
Құштарлығы: әдеби кітаптар оқу
Ұсыныс хаты: жоқ
01.02.2004 қолы /тегі/
2.3-2.4-қосымшалар
Қ О Л Х А Т
Мен, Арман Бекұлы Тайлақов, жеке куәлік №00012 ҚР ІІМ
02.01.2000 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй,
2-пәтер, азамат Қайрат Мұратұлынан, жеке куәлік №00013 ҚР ІІМ 01.01.2000 жылы берілген, мекен жайы: Павлодар қ., Мир к., 2-үй,
1-пәтер , 1000 (мың) АҚШ долларын алдым.
1000(мың) АҚШ долларын 2003 жылғы қыркүйектің 1-іне қайтаруға міндеттенемін.
01.02.2003 қолы /тегі/
А. Б. Тайлақовтың қолын куәландырамын
Мемлекеттік нотариус мөр қолы /тегі/
02.02.2003
Қ О Л Х А Т
Мен, Арман Бекұлы Тайлақов, жеке куәлік №00012 ҚР ІІМ
02.01.2000 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтер, Павлодар трактор жасау заводынан көшірме жасау үшін еңбек кітапшамды алдым.
Еңбек кітапшамды 2003 жылғы қарашаның 1-інде қайтаруға міндеттенемін.
20..10. 2003 қолы /тегі/
А. Б. Тайлақовтың қолын куәландырамын
Павлодар трактор жасау заводының кадрлар бөлімінің бастығы мөр қолы /тегі/
22.10.2003
2.5-қосымша
С Е Н І М Х А Т Мен, Арман Бекұлы Тайлақов, жеке куәлік №00000 ҚР ІІМ
02.01.2000 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй,
2-пәтер, азамат Қайрат Мұратұлына, жеке куәлік №00013 ҚР ІІМ 01.01.2000 жылы берілген, мекен жайы: Павлодар қ., Мир к., 2-үй,
1-пәтер, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың кассасынан мамыр айының еңбекақысын алуды сеніп тапсырамын.
01.04.2003 қолы /тегі/
А. Б. Тайлақовтың қолын куәландырамы
Мемлекеттік нотариус мөр қолы /тегі/
02.04.2003
3.1-3.4-қосымшалар
Павлодар қаласының
Абай атындағы №10 жалпы
білім беру мектебінің
директоры А. А. Әбішовке
Павлодар қ. Мир к. 10-үй,
11-пәтерде тұратын
азамат А. А. Ахметовтен
ӨТІНІШ
Мені биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа алуыңызды өтінемін. Мен 2001 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды биология және химия мамандығы бойынша бітіргенмін.
Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.
01.02.2003 қолы /тегі/
«Арай» ЖШС-ның
директор А. А. Әбішевке
бағдарламашы А. А. Ахметтен
ӨТІНІШ
Маған 2003 жылғы қарашаның 10-ынан 2003 жылғы желтоқсан-ның 3-іне дейін 20 жұмыс күніне кезекті еңбек демалысын беруіңізді өтінемін.
01.06.2003 қолы /тегі/
«Арай» ААҚ-сының
директоры А. А. Әбішевке
жоспарлау бөлімінің
бастығы А. А. Ахметтен
ӨТІНІШ
Мені жоспарлау бөлімінің бастығы қызметінен осы бөлімнің бас маманы қызметіне ауыстыруыңызды өтінемін.
01.10.2003 қолы /тегі/
« Роса» ЖШС-ның
директоры А. Әбішевке
бас бухгалтер А. А. Ахметтен
ӨТІНІШ
Мені өз еркіммен жұмыстан босатуыңызды өтінемін.
01.02.2003 қолы /тегі/
3.5-қосымша
КАДРЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
1. Тегі Омар Аты Қайрат Әкесінің аты Асқарұлы
2. Жынысы ер /әйел /
-
Туған күні, айы, жылы 11. 02. 1980
-
Туған жері Қазақстан Республикасы, Павлодар обл., Май ауд., Жалтыр ауылы
-
Ұлты қазақ /орыс, неміс, украин / Азаматтығы Қазақстан Республикасының азаматы
-
Әлеуметтік тегі жұмысшы /қызметкер /
-
Білімі жоғары /орта, орта арнаулы /
Диплом бойынша мамандығы өндірістік және азаматтық құрылыс
Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
8. Қандай тілдерді білесіз қазақ, орыс, ағылшын / неміс, жапон, қытай/
Қандай дәрежеде ана тілі, жетік, сөздіктің көмегімен / сөйлей білемін, жаза білмеймін т.б./
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы техника ғылымдарының кан-дидаты / техника ғылымдарының докторы, доц., проф., акад./
10. Ғылыми еңбектері және өнертабыстары /жарияланған еңбектері, патент берілген өнертабыстары көрсетіледі/
11. Жұмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары Жобалау институты, кіші ғылыми қызметкер, 1999-2002 жылдар
Жұмыс істеген орындарының орналасқан жері Павлодар қ.
12. Шетелдерде болуы Ресей Федерациясы, Өзбекстан Респуб-ликасы
13. Сайланбалы орындарға қатысуы Павлодар облыстық мәжіліс депутаты, 1996-2000 жж. /..... үміткер болдым/
14. Мемлекеттік наградалары / ...... марапатталдым/
15. Әскери қызметке қатысы әскери міндеттімін /әскери міндетті емеспін/ Әскери атағы аға лейтенант
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі) үйленгенмін /үйленбегенмін, тұрмысқа шыққанмын, тұрмысқа шықпағанмын/ Әйелім, Анар Ахметқызы, 1981 жылы туған. Ұлым, Талғат Қайратұлы Омар, 2000 жылы туған
17. Мекен жайы: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтер
01. 10. 2002 қолы /тегі /
3.6-3.9-қосымшалар
«Арай» ЖШС
Жұмысқа қабылдау туралы
№1 БҰЙРЫҚ
11.02.2003
Алма Омарова 2003 жылғы ақпанның 10-ынан жоспарлау бөліміне бухгалтер ретінде жұмысқа қабылдансын.
Алма Омароваға 10000 (он мың) теңге көлемінде еңбекақы тағайындалсын.
Негіздеме: А. Омарованың өтініші.
Бұйрықпен таныстым: қолы /Омарова/
Ұлттық банкінің облыстық басқармасы
Кезекті еңбек демалысын беру туралы
№1 БҰЙРЫҚ
11. 03. 2003
Екінші дәрежелі банкілерді жою үрдісін бақылау бөлімінің жетекші маманы Алма Омарға 2003 жылғы наурыздың 10-ынан наурыздың 31-іне дейін, 28 жұмыс күніне кезекті еңбек демалысы берілсін.
Негіздеме: А. Омардың өтініші
Бұйрықпен таныстым: қолы / Омар/
«Роса» ААҚ
Жұмыстан босату туралы
№3 БҰЙРЫҚ
20.03.2003
Жоспарлау бөлімінің бухгалтері Алма Омарқызы, зейнетке шығуына байланысты, 2003 жылғы наурыздың 19-ынан жұмыстан босатылсын.
Негіздеме: А. Омарқызының өтініші
Бұйрықпен таныстым: қолы /Омарқызы/
Кадрлар бөлімінің бастығы қолы /тегі/
3.10-қосымша
Павлодар облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №34 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ішкі қызмет капитаны
Асқар Аманжолұлы Әбуовке
МІНЕЗДЕМЕ
А. А. Әбуов 1976 жылы туған. Білімі – орта арнаулы. №34 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып 1996 жылдан жұмыс істейді.
А. А. Әбуов қарауыл бастығы болып жұмыс істеген кезінде өзін қабілетті, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Қол астындағы қызметкерлер-ді ұйымдастыра біледі. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлігі жоғары. 2000 жылы Өртке қарсы қызмет мамандарының біліктілігін жетілдіру курсынан өтті. 2001жылы жұмыстағы жетістіктері үшін Павлодар облыстық Мемлекеттік өрке қарсы қызметінің мақтау қағазымен марапатталды.
А. А. Әбуовтің мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, ұжым мүшелерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген. Спортпен үнемі шұғылданады. Қазақша күрестен спорт шебері. С. Торайғыров атындағы ПМУ-да заң мамандығы бойынша сыртқы оқу бөлімінде оқиды.
Мінездеме А. А. Әбуовті Павлодар облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №34 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметіне ұсыну үшін берілді.
Павлодар облысының МӨҚҚ-ның бастығы
Ішкі қызмет капитаны мөр қолы /тегі/
3.11-қосымша
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен жасалған
ЖЕКЕ ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
Павлодар қ. 200 - жылғы ----------
Осы жеке еңбек келісімі (бұдан былай келісім) бір жағынан жұмыс беруші, жарғы негізінде қызмет ететін «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны атынан ректор --------- мен, екінші жағынан жұмыскер, Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтерде тұратын, жеке куәлік №-------, ӘЖК № --------, СТТ №--------, /аты-жөні/----------------- арасында жасалды.
1. Жұмыс беруші жұмыскерге 200 - жылғы ---------- --- нен 200- жылғы ------- ------ не дейінгі мерзімде ------------------- қызметін атқаруды ұсынады.
Жұмыс қалыпты, зиянды еңбек жағдайымен байланысты (қажеттісін сызу керек). Жұмыскерге зиянды фокторлардың бар, жоқ екені туралы ескертілді.
Еңбек міндеттерін жүзеге асыру 200 - жылғы -------- ---- нен басталады.
2. Жұмыс беруші құқылы:
2.1. Осы келісімді еңбек туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге және бұзуға;
2.2. Жұмыскерге сынақ мерзімін тағайындауға;
2.3. Өз өкілеттілігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
2.4. Жұмыскерді көтермелеуге, оны осы келісімде көрсетілген және басқа да құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
3. Жұмыс беруші міндетті:
3.1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыскерді еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
3.2. Жұмыскерге штат кестесіне сәйкес лауазымдық ақы мөлшерінде еңбекақы төлеуге;
3.3. Жұмыскерге кемінде айына бір рет, әр айдың 20-сына дейін еңбекақы төлеуге;
3.4. Жыл сайын «Білім туралы» заңға және демалыс кестесіне сәйкес 56 күнтізбелік күн көлемінде ақылы негізгі еңбек демалысын беруге;
3.5. Жұмыскердің қызметін растайтын және зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аудару туралы деректерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;
4. Жұмыскер құқылы;
4.1. Осы келісімді еңбек туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге және бұзуға;
4.2. Ешбір кемітусіз атқарған еңбегіне сәйкес еңбекақы алуға;
4.3. Қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сәйкес еңбек жағдайларына;
4.4. Кәсіподаққа және басқа қоғамдық ұйымдарға өз еркімен мүше болуға;
4.5. Туындайтын еңбек дауларын жақтардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;
4.6. Өзінің кәсіптік шеберлігін жетілдіруге;
5. Жұмыскер міндетті:
5.1. Жеке жұмыс жоспарын және осы келісімнің талаптарын, жұмыс берушінің актілерін адал орындауға;
5.2. Еңбек тәртібін сақтауға;
5.3. Жұмыс барысында жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге;
5.4. Жұмыс берушіге материалдық, моральдік зиян келтіргенде өтемақы төлеуге;
6. Келісімнің талаптары бір жақтың шешімімен өзгер-тілмейді;
7. Келісім заңдылық күші бірдей екі дана болып құрастырылады;
Жақтардың қолдары:
Жұмыс беруші Жұмыскер
қолы /тегі/ қолы /тегі/
3.12-3.13-қосымшалар «АЗАМАТ» ЖМПИК
№1 АНЫҚТАМА
01.10.2003
Азамат Самат Қанатұлы Омар 1970 жылы туған, Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтерде тұрады.
Отбасы құрамы: Әйелі, Анар Оспанқызы Омарова, 1971 жылы туған.
Ұлы, Әмір Саматұлы, 1998 жылы туған.
Анықтама талап етуші орынға көрсету үшін берілді.
«АЗАМАТ» ЖМПИК-ның төрағасы мөр қол /тегі/
«АРАЙ» ЖШС
№2 АНЫҚТАМА
11.02.2003
Арман Қайратұлы Ахметов 1999 жылдан ақпарат бөлімінде бағдарламашы болып жұмыс істейді.
А. Қ. Ахметовтің бір айлық еңбекақысы 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде.
Анықтама Ұлттық зейнетақы қорына көрсету үшін берілді.
«АРАЙ» ЖШС-ның төрағасы мөр қолы /тегі/
3.14-3.15-қосымшалар
«Рауан» АҚ-ның
бас инженері
С. А. Құлымжановқа БАЯНДАУ ХАТ
01.12.2003
Сізге Кутузов көшесіндегі №10 үйде жөндеу жұмыстарының қажетті құрылыс материалдарының мезгілінде жеткізілмеуі себепті тоқтап тұрғанан хабарлаймын.
Құрылыс материалдарының мезгілінде жеткізілмеу себебін анықтап, тиісті шара қолдануыңызды сұраймын.
Инженер қолы /Сапаров/
№1 ЖЭО-ның
бастығы А. Омарға
БАЯНДАУ ХАТ 01.02.2003
Сізге бағдарламашы А. Ақпановтың іссапардан белгіленген мерзімнен 1 жұмыс күніне кешіккенін хабарлаймын.
Тиісті шара қолдануыңызды өтінемін.
№3 цехтың бастығы қолы / тегі /
3.16-3.17-қосымшалар
Павлодар қаласының
№1 жалпы білім беру мектебінің
директоры А.Сыздыққа
ТҮСІНІКТЕМЕ 01.02.2003 2003 жылғы қаңтардың 10-ынан 29-ына дейін кезектен тыс еңбек демалысында болғандықтан, сынып оқушыларының оқу үлгерімдері туралы мәліметті уақытында тапсыра алмадым. 8-сынып жетекшісі қолы / тегі /
№1 ЖЭО-ның
бастығы А. Омарға
ТҮСІНІКТЕМЕ
02. 02.2003
Іссапардан 1 жұмыс күніне кешігіп келуіме ауа-райына байланысты Алматы – Павлодар ұшағының ұшу кестесінің өзгеруі себеп болды.
Әуежай әкімшілігінің анықтамасы қоса берілді.
Бағдарламашы қолы / тегі/
3.18-3.20-қосымшалар ХАБАРЛАНДЫРУ Ертең, яғни 2003 жылғы қазанның 3-інде сағат 14.00-де 1-кабинетте бөлім бастықтарының жиналысы болады.
Күн тәртібінде:
1. 2003 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін талқылу.
2. 2003 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту.
3. әртүрлі мәселелер.
Әкімшілік
ХАБАРЛАНДЫРУ
2003 жылғы желтоқсанның 15-інде сағат 15.00-де
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың акті залында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді.
Бағдарламада:
-
ректор, проф. Е.Арынның құттықтау сөзі.
-
университет студенттерінің концерті.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ертең, яғни 2003 жылғы қарашаның 5-інде сағат 12.00-де
10- кабинетте Облыстық наркологиялық диспансердің дәрігері
А. Н. Оспанмен «Нашақорлық – қауіпті дерт» деген тақырыпта сұхбат өтеді.
9-11-сыныптардың оқушылары міндетті түрде қатысулары тиіс.
Мектеп әкімшілігі
3.21-3.24-қосымшалар
Павлодар қ. Казкоммерцбанк
Мемлекеттік нотариалдық Халықтық банк
кеңсесі
13. 01. 02 Центркредитбанк
Павлодар қ. Мемлекеттік нотариалдық кеңсесі Иван Алексеевич Сидоровтың 04.07.2002 жылы қайтыс болған мезгілінде Елена Сергеевна Сидорованың атына салған салымы бар болса, сол туралы мәлімет жіберулеріңізді өтінеді.
Мәлімет мұрагерлікті ресімдеу үшін қажет.
Павлодар қ. МНК-нің мемлекеттік кеңсесінің нотариусы мөр қолы
13. 11. 2002 ж. түскен
№ 888 «Данабанк» ААҚ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Жоғары және орта кәсіптік
білім департаменті
473000, Астана қ. Республика даңғылы, 1
тел./3172/ 00-00-00, тел.факс 00-00-00
№ 05-4/5754 «-----» --------2003
Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті 2003 жылы болатын ғылыми конференциялардың өткізілуін ретке келтіру мақсатында және ұйымдастыру мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік жасау үшін сіздердің оқу орындарыңызда жоспарланған халықаралық және республикалық шаралардың атауы мен мерзімі көрсетілген тізімді жіберулеріңізді сұрайды.
Директор қолы / тегі /
Орынд. С. А. Нұрахметов Тел: 00-00-00
С. Торайғыров атындағы ПМУ Кіріс № 304
«Ишим-Строитель» ЖШС-ның директоры
Н. М. Жайлаубаевқа
«Данабанк» ААҚ Астана қ. Т. Бигелдинов к. 14-үйдегі банкі мекемесінің ішкі өңдеу жұмыстарындағы өздеріңіз мойындаған кемшіліктерді жою қажет екенін қайталап естеріңізге салады.
Банкі әкімшілігі жоғарыда көрсетілген шаралар толық орындалғаннан кейін ғана мекемеге күзет қоятынын және ғимараттың фасады бойынша жасалатын жұмыстардың жобасы туралы мәселені қарай алатынын ескертеді.
«Данабанк» ААҚ басқармасының
төрағасы мөр қол / тегі /
орынд. Молдабаева. А. Н.
тел.: 00 – 00- 00
Павлодар қ.
Мемлекеттік
нотариалдық кеңсесі
Мемлекеттік нотариус
М. Т. Жангазиновқа
Сіздің 13. 11. 2002 жылғы №00012 хатыңызға
«Данабанк» ААҚ Иван Алексеевич Сидоровтың 04. 07. 2002 жылғы қайтыс болған мезгілінде Елена Сергеевна Сидорованың атына салған салымы болмағанын хабарлайды.
«Данабанк» ААҚ басқармасының
төрағасы қол / тегі /
3.25-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербі
Ұйымның атауы
Құрамдас бөлімнің атауы
Алқалық органның түрі және атауы
№ Хаттамасы
қаланың атауы
дата
Төраға – А.Ахметов
Хатшы – Н.Омарова
Қатысқандар: 15 адам /тізім қоса берілді/
Күн тәртібінде:
1. 2003 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін талқылау туралы.
2. 2003 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту туралы.
1. ТЫҢДАЛДЫ:
А.М.Оспанов – баяндамасының мәтіні қоса берілді.
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
А.С.Қуатов – сөзі ІІІ жақтан жазылады.
Н.П.Сұлтанов – сөзі ІІІ жақтан жазылады.
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:
1.
1.1.
1.2.
2. ТЫҢДАЛДЫ:
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:
Төраға қолы /тегі/
Хатшы қолы /тегі/
3.26-қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-баспа орталығы «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы
Қ А У Л Ы С Ы
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру үшін, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республи-касының Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-баспа орталығы «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан былай кәсіпорын) құрылсын;
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі кәсіпорынға қатысы мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін;
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
3.1. Статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;
3.2.Статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық еаептілік нысандарының блакілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;
3.3. Маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету
Қолдар
Бұрыштамалар
3.27-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |