Филология және көптілді білім беру институты



бет2/4
Дата10.11.2022
өлшемі64.14 Kb.
#464525
түріСабақ
1   2   3   4
11-практикалық сабақ

Есептік санның жасалуы
Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Олар сан есімнің басқа мағыналық топтарының жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім кұрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардың атқаратын қызметі зор. Есептік сандар ішкі құрылысы жағынан сан алуан. Есептік сандарда көзге түсетін ерекшелік олардағы сандық қатарлар. Сандық қатарлар сандардың белгілі дәрежесіне байланысты. Мысалға бірлік,ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиард, триллион сияқты сандық қатарлар бар. Әр саңдық қатардағы атаулар көне замандарда- ақ жасалып, қазір олар дайын сан атауы ретінде қолданылады. Тек миллион, миллиард, триллион сияқты сандық қатарлардағы сандық атаулар кейінірек қосылған деуге болады. Бірақ олар-күнделік өмірде сирек кездесетін атаулар.
Есептік сан атауына жататын 23 атаудан (9 бірлік, 9 ондық, жүз, мың, миллион, миллиард, триллион) басқа сандық атаулардың бәрі күрделі сандар. Сондықтан есептік сан атаулары негізінен : күрделі сандардан тұрады. Ал күрделі сан атаулары бір сан атауымен екінші сан атауының тіркесуі арқылы жасалады. Тіркесетін сан атаулары - жоғарыда аталған дара сан атаулары. Ең кіші күрделі есептік сандар - екі сөзден тұратын ондық пен бірліктің қосылуы арқылы жасалатын сан атаулары. Мысалы, он+бір=он бір, он+екі=он екі т.б. Сөйтіп, күрделі сан есімде тірек сыңардың орны екі түрлі, ол күрделі санның алғашқы сыңары да, соңғы сыңары да бола береді. Мысалға ондық пен бірлік аралас күрделі сандарда тірек сыңар бірінші орында, ауыспалы сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, он бір, отыз екі, кырық бес т.б. Ал жүздіктер мен мыңдықтарда екі заңдылық бар. Жүздіктің, мындықтардың аттары жасалғанда, жүз, мың сандары тірек сыңар қызметінде күрделі санның соңғы сыңары болады. Мысалы, тоғыз+ жүз, сегіз+ жүз, алты+мың, жүз+мың, екі жүз алпыс екі+мың т.б.


Реттік санның жасалуы
Сан есімнің синтетикалық сөзжасам жүйесіне жататын қосымшаға -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жатады. Бұл жұрнақ есептік сан есімнен реттік сан есім жасайды, дара, күрделі есептік сан есімдердің қайсысынан да реттік сан есім осы жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, Жанар тоғызыншы класты бітірді. Ақбалым сегізінші класта еді (Ғ.Мүстафин). Бір мың тоғыз жүз отыз екініш жылдың көктемі (Ғ.Мүстафин). Мысалдағы тоғызыншы, сегізінші деген реттік сан дара сан есімдерден жасалған, ал бір мың тоғыз жүз отыз екінші деген реттік сан есім күрделі сан есімнен жасалған. Бұлардың бәрі -ыншы, -нші жұрнағы арқылы жасалған. Ал ретгік сандардың негізгі мағынасы заттың нақтылы рет қатар санымен байланысты. Реттік сан есімнің тілдің сөзжасам жүйесіне жатқызылуының тағы бір себебі мұнда қосылатын үстеме мағынаның өзіндік бір ерекшелігінде. Мысалы, он кітап дегенде шындық өмірде белгілі бір кезең мен кеңістіктегі нақтылы он кітап сөз болған, ол - бар кітаптың нақтылы саны. Ал оныншы үйде тұрады деген де әңгіме бір ғана үй туралы. Бірақ ол үйдің қатар, рет саны оныншы. Міне, бұл жағдай реттік санда сандық ұғымға да белгілі мағыналық өзгеріс енетінін дәлелдейді. Сондықтан реттік сандардың сөзжасам жүйесіне жатуы өте орынды. Реттік сандардың қолданылуына қарай тағы бір ерекшелігі бар. Ол - реттік сандардың заттануы. Заттанған реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, зат есімдер атқаратын синтаксистік кызметте қолданылады. Мысалы, Бірің тапсырғанда, екіншің терезе алдында тұрыңдар (С.М.). Екіншісіне кімді ұсынасыз? (М.И.). Бұл - он бесінші (С.М.). Мен соны байқап, біріншіде бес-алты кұлақ шыққан кезде, екіншісінде тары бас жара бастағанда, үшіншісінде сүттене бастағанда, төртіншісінде пісіп келе жатқанда суардым (Ғ.Мұстафин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет